Бибатпа Кӛшімова


КӘДІ-ҚҦЛАТ  (Кады-Кулат)



Pdf көрінісі
бет90/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   333
КӘДІ-ҚҦЛАТ 
(Кады-Кулат) 
– 
қырат, 
Маңғыстау 
ауданы. 
Маңғыстау 
энциклопедиясында: «19 ғ. ӛмір сҥрген, медет руынан шыққан белгілі ақын (жырау) 
Кәді Қҧлаттың есімі берілген», – деген анықтама берілген. Ал біздің пікірімізше,
«Кәді моңғол тілінде хадны – «скальный», «тасты» деген мағына береді» (Конкобаев, 
70). Хадны сӛзі қазақ тілінде ықшамдалған формада айтылып тҧр. Ал «қҧлат», дҧрысы 
«қолат» атауы «бір бағытта тӛмендейтін, жер бетіндегі ҧзынша келген ӛте жайпақ 
ӛзекше» деген мән береді (Ж. Әубәкіров, С.Әбдірахманов, Базарбаев, 94). Сонда атау 
«тасты жайпақ қырат» мағынасын беретін тәрізді.
КӘЛЕН (Кален) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
КӘПІРТАМ (Капиртам) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кәпір (зат есім) және там 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «мҧсылман дінінен басқа 
діннің ӛкілі жерленген тамы бар жер». «1848 жылы Қарашаджы қҧдығының терістік 
бетінде хиуалықтармен болған қақтығыста мерт болған орыстарды жерлеген жер. 
Артынан ел басшылары – билердің ақылдасуымен есігін арқа беттен шығарып, ҥстінен 
кҥмбез там салынады. Ол белгі осы кҥнде ел аузында «Кәпір там» аталып кетті 
(С.Әбішҧлы, 2006, 203). 
КӘРІ (Кары) – бҧрқақ, қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ескі қоныс». 


КӘРІБАЯН (Карыбаян) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау кәрі (сын есім) және баян (сын 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Баян руының ескі қҧдығы» (қараңыз: 
БАЯНДЫ). 
КӘРІҚОРА (Карыкора) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Атау кәрі (сын есім) және 
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ескі қыстау, қоныс». 
КӘРІҚЫЗ (Карыкыз) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кәрі (сын есім) және қыз (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «мҥжілген, ескі дӛңес жер». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет