Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет174/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

САЗДЫ (Сазды) – а., қ., тӛбе, абс. биіктігі 214 м. Маңғыстау ауданы. Мағынасы: 
«сазды топырақты тӛбе» (қараңыз: САЗ). 
САЗТОПЫРАҚ (Сазтопырак) – тӛбе, абс. биіктігі 191 м. Қарақия ауданы. Атау саз 
(зат есім) және топырақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«сазды топырақты тӛбе». 
САЙ (Сай) – тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «тҥбі тегіс және беткейі ылди келген 
ойлы жыра» (Әубәкіров Ж., Әбдірахманов С., Базарбаев Қ., 18).
САЙАРАЛЫҚ (Сайаралык) – қор., Бейнеу ауданы. Атау сай (зат есім) және аралық 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «саймен екі ортадағы 
қорым» (қараңыз: САЙ). 


САЙҚҦДЫҚ (Сайкудык) – қ., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Атау сай (зат есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «терең емес қҧдық». 
САЙҚҦЙ (Сайкуй) – қ., Хиуа жолының бойындағы Оңтҥстік Ҥстіртке жақын су кӛзі. 
Атау сай (зат есім) және қҧй (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Қҧй деген 
сӛз кӛне тҥркі және моңғол тілдерінде құд - құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі 
қазақ тіліндегі  құдық деген мағынада қолданылатын сӛзбен тӛркіндес, яғни құй сӛзі 
жоғарыда айтылып ӛткен кӛне тҥбірінің бір тҥрі» (Қазақ тілінің қысқаша 
этимологиялық сӛздігі, 132). Сонда атаудың мағынасы: «терең емес қҧдық». 
САЙҚЫРҚҦМ, Сеңгірқҧм (Сайкыркум) – тӛбешікті қҧм, Маңғыстау ауданы
Маңғыстау ҥстіртінің солтҥстігіндегі Бостанқҧм мен Ақпан соры аралығында жатыр. 
Атау сай (зат есім) және қыр (зат есім), қҧм (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Мағынасы: «сайлы, тӛбелі қҧм».
САЙӚТЕС (Сайотес) – а., Маңғыстау ауданы. Атау сай (зат есім) және ӛтес (сын 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Ӛтестің сайы», яғни антропоороним деген 
болжам кездеседі. Бірақ біздің пікірімізше, Ӛтес – кӛнетҥркі тіліндегі ут «терең, 
жарық» сӛзінен қалыптасқан, атау «терең сай, жарық сай» деген мағына береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет