РАУАШ (Рауаш) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
РЫБАЧИЙ (Рыбачий) – арал, Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «балықшылар аралы».
С
САБЫНДЫ (Сабынды) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. С.Қондыбай: «Топырағының
сабын қҧсап кӛпіретіндігі мен сабын жасалатындығына байланысты қойылған атау», –
деп тҥсіндіреді (С.Қондыбаев, 2000, 40). Ал тҥрікмен ғалымы С.Атаниязов: «ерсары
тайпасы, габырды руынан шыққан ру аты. Этноним кӛнетҥркілік сабын-сапун
этносынан пайда болған, қаракалпақтарда сапун формасында, ал Азербайжан
этнотопонимиясында – Сабынчы болып сақталған», – дейді. (С.Атаниязов, 1988, 100).
Атау осы Сабынды этнонимінен пайда болған дейміз.
САҒА (Сага) – ескі жҧрт, Маңғыстау ауданы. Саға – «ӛзеннің не таудың тҥйіскен
жері». Мағынасы: «тау сілемінің тҥйіскен жері».
САҒАЖА (Сагажа) – қыс., Тҥпқараған ауданы. Атау саға (зат есім) және жа –
кішірейту мәнін беретін жҧрнақ. Мағынасы: «тау сілемінің тҥйіскен кішкене жеріндегі
қыстау».
САҒАҚҦДЫҚ (Сагакудык) – қ., қыс., Тҥпқараған ауданы. Атау саға (зат есім) және
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тау сілемінің
тҥйіскен жеріндегі қҧдық».
САҒЫНДЫҚ (Сагындык) – мҥй., Тҥпқараған ауданы, Каспийдің шығыс
жағалауында. Антропоороним.
САҒЫР (Сагыр) – қ., Бейнеу ауданы. Тәжік топонимиясында: сагир – «аз, кӛп емес»
деген мән береді (Л.И.Рогозова, 83). Ал М.Қашқаридің сӛздігінде: «сағыр – «тҥбі тар,
аузы кең ыдыс» (М.Қашқари,1997, 466) деп беріледі. Соған байланысты атаудың
мағынасы: «суы аз қҧдық» немесе «аузы кең, тҥбі тар қазылған қҧдық» немесе «суы
тҧщы, ауызсуы бар жер» (қараңыз: САУРА).
САДЫБАБА (Садыбаба) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
САДЫҚБАЙ (Садыкбай) – мола, Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
САДЫР (Садыр) – мола, Қарақия ауданы, Антропонекроним.
САЗ (Саз) – тҧз. қ., қҧм, Маңғыстау ауданы. Саз – «су араласып, батпаққа айналған
топырақ» (ҚТТС, 2008, 697). Мағынасы: «сазды жерден қазылған қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: |