диалектісінде «чай, шай» – су, сулы сай, ал йір «жер», атау – «сулы жер»
дегенді
білдіреді дейді (С.Қондыбай, 1998, 25). Расында да,
Иран топонимиясын зерттеген
В.И.Савина: «чай – тҥркіше «ӛзен» деп кӛрсетеді (240). Ә.Әбдірахманов та: «чай –
оғыз тобына жататын тҥрікмен, азербайжан тілдерінде, ӛзен»
екенін айтқан
(А.Абдрахманов, 1984, 126). Сонда атаудың мағынасы: «сулы жер», «тау ӛзені бар
жер».
ШАҚАН (Шакан) – қ., Бейнеу ауданы. Тҥркі тілінде
чақан – «аз, кӛп емес»
(Л.И.Рогозова, 108), ал
шаған варианты: «тік жарлы, қҧламалы» деген мән береді.
Соған байланысты атаудың мағынасы: «тік жарлы, қҧламалы жердегі қҧдық» болуы
мҥмкін.
ШАҚПАҚАТА (Шакпаката) – киелі ор., Тҥпқараған ауданы. Маңғыстаудың мәдени
ескерткіштерін зерттеген М.Мендіқҧлов Сисемата
және Шақпақатаның салына
бастауын XIV-XVI ғасырлармен,
яғни ноғайлы, ноғай-алшын дәуірімен
байланыстырады. Шақпақ атаның ноғайлы екендігін
және ол туралы жергілікті
қарттан жазып алғандығын айтады. Аңыз бойынша, Шақпақ ата тҥрікмен мен
қалмақтарға қарсы соғысқан ноғайлы екен. Оның лақтырған
тасынан от шығатын
болғасын «Шақпақ» деп атапты дейді (М.Мендыкулов, 24).
Достарыңызбен бөлісу: