БЕГЕШ (Бегеш) – қор., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. Бегеш – Кенже-
Жеменей Қонай батырдың баласы (С.Қондыбаев, 2000, 17).
БЕЙҚАМ (Бейкам) – тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «аласа тӛбе» тәрізді.
БЕЙНЕУ (Бейнеу) – кент, ауд-ң орт., бекет, Бейнеу ауданы. Осы жерде еіншілікпен
айналысқан Бейнеу деген кісінің есімімен аталған делінеді. Біздің жорамалымызша:
Бейн – парсы тілінде «орта» деген мән береді екен, ал еу – аб(а)-об-оп-ау-еу тәрізді
ӛзгерістерге ҧшыраған «су», «ӛзен» мәніндегі парсы сӛзі де, атау: «ортадағы су,
ортадағы бҧлақ» мәнін беретін тәрізді.
БЕЙНЕУ ҚОРЫМЫ (Бейнеу корымы) – қор., Бейнеу ауданы (қараңыз: БЕЙНЕУ).
БЕЙСЕНБАЙ ҚОРЫМЫ (Бейсенбай корымы) – қор., Тҥпқараған ауданы.
Антропонекроним.
БЕКБАЙ (Бекбай) – қон., қор., Маңғыстау ауданы. Атау бек (зат есім) және бау (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау бек (зат есім) және бай (зат есім) сӛздерінің
бірігуінен жасалған. Кӛнетҥркі тілінде: бек: «мықты», «ӛте, кӛп», «қорған, қамал,
бекініс» мағыналарында қолданылған (Э.Севортян, 1978, 117). Ал Дағыстан
топонимиясында Бека, Бекі атауының «тау» мағынасы кездеседі (Словарь геогр. терм.
и др. слов в топонимии Дагестанский АССР, 36). Бай – «қҧрғақ арна, жыра».
Мағынасы: «ағынсыз ойысы бар таудағы немесе биік жердегі қоныс».
БЕКБАУ (Бекбау) – қ., Қарақия ауданы. Атау бек (зат есім) және бау (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Бау – бақша мәнін береді. «таудағы жанында ӛскен
ағашы бар қҧдық» (қараңыз: БЕКБАЙ).
БЕКБАУЫЛАТА (Бекбауылата) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
Бекбаулы – Адайдың Шоңай руының ҧрпағы, ел қҧрметтеген айтулы сынықшы.
БЕКБЕРДІ (Бекберды) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним.
БЕКБОЛАТ (Бекболат) – қор,. кен ор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
БЕКДҦРДЫ ИШАН (Бекдурды Ишан) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
Тҥрікмен ҧлтының ӛкілі, ишан болған адам.
Достарыңызбен бөлісу: |