БЕКІ ҚОРЫМЫ (Беки корымы) – қор., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тау
бауырайындағы қорым» (қараңыз: БЕКІ).
БЕКІТТІ (Бекитты) – қон., Маңғыстау ауданы. Біздің пікірімізше, атау қҧрамындағы
бек «қорған, қамал, бекініс» мағыналарында қолданылып, жан-жағы қоршалған, биік
қорғандары (тау, тӛбе) бар қоныс мәнінде қолданылып тҧр (қараңыз: БЕКІ).
БЕЛАСҚАН (Бельаскан) – м., Қарақия ауданы. Атау бел (зат есім) және асқан
(етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тау аралық ӛткел, тӛбе».
БЕЛДЕУЛІ (Бельдеули) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «таудың орта тҧсынан
қазылған қҧдық».
БЕЛЕС (Белес) – алқ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «биіктеу келген жазық алқап».
БЕЛЕСЕМ (Бельесем) – тау, Қарақия ауданы. Атау бел (зат есім) және есем (есен)
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Этноороним. Бел – «тӛбе» (ДТС, 93).
Мағынасы: «Есен руының асуы, тӛбесі».
БЕЛСЕКСЕУІЛ (Бельсексеуиль) – тҥлей, Қарақия ауданы. «Сексеуіл шыққан қалың
бҧталы ӛңірді тҥлей деп атайды» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 574). Мағынасы:
«сексеуіл қалың шыққан тӛбелі, жоталы тҥлей».
БЕЛСЕКСЕУІЛЖАЛ (Бельсексеуилжал) – м., Қарақия ауданы. Атау белсексеуіл
(зат есім) және жал (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«сексеуіл қалың шыққан жалды мҥйіс».
БЕЛІКТІНІҢ ТҦМСЫҒЫ (Беликтинын тумсыгы) – тау, Маңғыстау ауданы. Біздің
пікірімізше, атау бел (тау аралық ӛткел», «тау») сӛзіне –лек (бір нәрсенің барлығын
білдеретін кӛне аффикс) жҧрнағының жалғануы арқылы жасалған. Сонда атаудың
мағынасы: «тау аралық ӛткелдегі, асудағы жазықтыққа сҧғынып тҧрған кӛтеріңкі
қҧмды жер».
БЕРДАЛЫ (Бердалы) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. Аңыз бойынша,
Ескелді Отарҧлы Бердалы – адай халқын Маңғыстауға бастап келген батырлардың бірі
және опазсыздықпен ӛлтірілгеннен кейін тҥбекке алғаш жерленген адай кісі.
|