Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет88/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ИСАНТҤБЕК (Исантубек) – қҧмды тҥб., Қарақия ауданы. Антропоороним. «Исан 
ата немесе Эхсан (Ихсан) – аңыз дерегі бойынша, Шопан атаның ҥлкен баласы болған 
делінеді» (С.Қондыбаев, 2000, 22).
ИСАТАЙ (Исатай) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Кеще Исатай қазған 
қҧдық. 
ИТБАЙ (Итбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ИТЕН ОРПАСЫ (Итен орпасы) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
Әбілғазы батырдың әкесі Итеннің қҧдығы. 
ИТҚАРА (Иткара) – қҧм. массив, Маңғыстау ауданы. Атау ит (зат есім) және қара 
(сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шаруашылыққа қолайсыз 
тӛбе қҧм». 
ИТМҦРЫН (Итмурын) – шатқ., Тҥпқараған ауданы. Итмҧрын – «раушангҥл 
тҧқымдасына жататын бҧта не шырмауық ӛсімдік». Мағынасы: «итмҧрын ӛсімдігі кӛп 
ӛскен шатқал».
ИТОЛЫӘУЛИЕ (Итолыаулие) – киелі ор., Тҥпқараған ауд-аны. Антропонекроним. 
Итолы – Адайдың Жаңай руынан шыққан әулие адам. 
ИТСИГЕКТІОЙ (Итсигектыой) – қыс., Тҥпқараған ауданы. Атау итсигекті (сан 
есім) және ой (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Итсигек шӛбі қалың 
ӛскен ойдағы қыстау».
ИШАНҚОЖА (Ишанкожа) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Ишан 
қожа (кейбір деректер бойынша Сейіт қожа). «Ел аузындағы және тарихи деректерге 
қарағанда бҧл ӛңірде балық аулау кәсіпшілігімен айналысқан тҥрікменнің қожа 
тайпасының елі жайлаған» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 314). Мағынасы: «Қожа 
руының діни сауатты адамы жерленген қорым».
ИІНҚҦДЫҚ (Иинкудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау иін (сан есім) және қҧдық 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жол бҧрылысынан 
қазылған қҧдық». 
ИІРДІҢ ОЙЫ (Иирдын ойы) – кӛлдеу ойпаң, Маңғыстау ауданы. Топонимге «Жер 
атауы су иіріліп, кӛп жатуына орай аталған» деген тҥсінік берілген (Маңғыстау 
энциклопедиясы, 2008, 314). Ал біздің ойымызша, «Иірді» кӛнетҥркі тіліндеге Йир 
(жер) сӛзімен байланысты деп қараймыз. Жер сӛзінің Тоныкӛк, Кҥлтегін 
ескерткіштерінде йір, йер варианттарында кездесуі осы ойымызды нақтылай тҥседі. 
Сонда Иірдің ойы – «жердің ойы, ойығы, ойлы жер» мағынасын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет