Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет84/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ЖИЕНӘЛІ (Жиенали) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Жиенәлі 
Шалтаҧлы – Адайдың Бәйімбетінің Әтембек руынан шыққан адам. Бейбіт ауылға 
қырғидай тиген орыстың қарашекпенді мҧжықтарымен соғыста қапияда мерт болған 
(Ә.Спан, С.Жҧбаев, 279). 
ЖЕТІМЕК (Жетимек) – бейіт, Маңғыстау ауданы. Этнонекроним. 
ЖОЛАСҚАН (Жоласкан) – қор., Тҥпқараған ауданы. Атау жол (зат есім) және асқан 
(етістік) сӛздерің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тау жотасының ӛтуге қолайлы 
аласа жолында орналасқан қорым» немесе «бҧлақты асудағы қорым». 
ЖОЛАМАН (Жоламан) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
ЖОЛБАЯН (Жолбаян) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жол (зат есім) және баян (сын 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Баян – моңғол тілінде «бай» деген мағына 
береді. Сондай-ақ Баян – қарақалпақ, қырғыз руларының аты (Г.А.Гейбуллаев, 60). Ал 
кӛнетҥркі тілінде жул – «жылға, бҧлақ» (ДТС, 227). Сонда атаудың мағынасы: «Баян 
руының бҧлағы немесе жылғалы қҧдығы». 
ЖОЛБАЯННЫҢ АСУЫ (Жолбаяннын асуы) – м., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: 
«жолдағы сулы, берекелі жердегі асу, ӛткел» немесе «Баян руының қонысы 
маңындағы асу, ӛткел». 
ЖОЛБОЛАЙ ҚОРА (Жолболай кора) – қора, қон., Маңғыстау ауданы. 
Антропоойконим. 
ЖОЛБОЛДЫ (Жолболды) – қ., қор., Қарақия ауданы. Руы Ескелді Жолболдыны
тоғыз жолдасымен тҥрікмендер ӛлтіріп кетеді. Сағана тамға он бірдей адам жерленген. 
Соның тӛрінде жатқан Жолболды делінеді (М.Нығметуллаев, 308). 
ЖОЛЖАН (Жолжан) – қор., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. 
ЖОЛҚҦДЫҚ (Жолкудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жол (зат есім) және қҧдық 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛнетҥркі тілінде жул – «жылға, 
бҧлақ» (ДТС, 227). Мағынасы: «жылғалы, бҧлақты қҧдық». 
ЖОСАЛЫ (Жосалы) – тӛбе, абс. биіктігі 268 м. Қарақия ауданы. Жоса – «қызыл-
сары тҥсті бояу топырақ» (ҚТӘС, 6т. 497). Тӛбе маңында жосаның кӛп болуымен 
байланысты аталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет