ШАҢДЫНЫҢ ҚҦДЫҒЫ (Шандынын кудыгы) – қ. Ҥстіртте. Антропогидроним.
Руы Байбоз Шаңдының қаздырған қҧдығы.
ШАҢҚАЛА (Шанкала) – қон., Ҥстірттегі қоныс. Атау шаң (зат есім) және қала (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың бірінші сыңарындағы шаң сӛзі
тәжік тілінде чан – «тау», «тау шыңы», «жота, «тӛбе» мәнін білдірсе, ноғай тілінде
қала «шың, қҧз» мағыналарында қолданылған. Сонда атаудың мағынасы: «қҧзды тауы
бар қоныс».
ШАҢЫРАҚ (Шанырак) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тӛбесі киіз
ҥйдің шаңырағы тәрізді тӛбелі қоныс».
ШАҢЫРАҚКҤП (Шаныраккуп) – кҥп, Маңғыстау ауданы. Атау шаңырақ (зат есім)
және кҥп (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Күп – сай тҧйығындағы асты
тастақты, шҧңғыл, су жиналатын орын (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 194). Мағынасы:
«тӛбесі киіз ҥйдің шаңырағы тәрізді шҧңғыл табиғи су орны».
ШАППА (Шаппа) – қ., Ҥстіртте. Шаппа – «шығуы қиын ӛр» мәніндегі сӛз. Атаудың
мағынасы: «шығуы қиын ӛр жерден қазылған қҧдық».
ШАРҚЫРАУЫҚ (Шаркырауык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қҧдық суының
сарқырап ағуына байланысты аталған.
ШАРШЫ (Шаршы) – қ., қор., Қарақия ауданы. Парсыша шар – «тӛрт». Атаудың
мағынасы: «қабырғалары тең тік тӛрт бҧрышты молалы қорым».
ШАРШЫМОЛА (Шаршымола) – қор., Бейнеу ауданы. Атау шаршы (зат есім) және
мола (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қабырғалары тең тік
тӛрт бҧрышты молалы қорым».
ШАТ (Шат) – қ., қон., Маңғыстау ауданы. Шат – М.Қашқари сӛздігінде, қҧдық
(оғызша) деген сӛз деп берілген (М.Қашқари, 205). З.Б. Мухамедова да «Исследования
по истории туркменского языка XI-XIV» атты еңбегінде: «кӛнетҥркілік чат –
«қҧдық» деп кӛрсеткен (З.Б. Мухамедова, 1973, 187). Атаудың Ащыбас шат болып
айтылуы да бҧл пікірді растай тҥседі.
Достарыңызбен бөлісу: |