Бибеков қаныш тілеужанұлы қазақ тілінің семантикасы



бет11/16
Дата17.01.2024
өлшемі464 Kb.
#489269
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ(1)

Тацырып бойынша сүрацтар:

  1. Сөздің лексикалық мағынасы күрылымдык жағынан бөлінбейтін біртүтас кұбылыс па?

  2. Компонентті талдау әдісі дегеніміз не?

  3. Лексикалық мағына кұрылымына шындық болмыстың әсері қандай?

  4. Сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуынағы тілдік жүйенің алар орны қандай?

  5. Сема дегеніміз не?

  6. Лексикалық мағына кұрылымында қандай семалар болады?

  7. Лексикалық мағына курылымы туралы ғалымдар пікірлеріне тоқталыңыз.

  8. Шындық болмыстағы заттар мен кұбылыстардың адам санасындағы суъбективті бейнесінің лексикалық мағына қүрылымынан алар орны қандай?

Лексикалық мағынаның макрокомпонентгері
Лексикалық мағынаның қүрылымдық сипатын тану - оны қүрайтын компоненттер ерекшелігін айқындауға, компонентті талдау арқылы сипаттауға жол ашты. Лексикалық мағынаның макрокомпоненттерінің эртүрлі түрлерін зерттеген И.Арнольд, Л.Васильев, Л.Новиков, И.Стернин, Э.Кузнецова т.б. ғалымдардың пікірлерін назарға ала отырып, лексикалық мағына қүрылымындағы үш макрокомпонентті бөліп алып, қарастыруға болады. Бүлар: денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық
макрокомпоненттер. Лексикалық мағына бір жүйеге түсіп, бір тэртіпке бағынған, бір-бірімен горизонталды жэне вер-тикалды түрде байланысқан компоненттер жиынтығынан түрады. Компоненттер өз ішінен макрокомпонент жэне микрокомпонентке ажырайды. лексикалық мағынаның негізгі бөлігі - денотаттық компонент, кейде сигнификаттық компонетті қосып, екеуін бір макрокомпонент деп есептейді. Шындық болмыстың қүбылыстары заттарының жэне адам санасындағы идеалды қүбылыстардың өз үғымы болады, сол арқылы олар дыбыстық жамылғышты жамылып, сөздерге, таңбаға айналады. Осы заттар мен қүбылыстарды семасиологияда денотат деп айтады, ол реалды заттар әлемінің сөзбен байланысын денотаттық фактор дейді. Денотаттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанымызда, адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттың қасиеттері ғана денотаттық мағына жасай алады. Адамзат дүниені тануды түйсіктен бастайды. Бірақ бүдан адамдар түйсік туғызбайтын заттар мен заттардың түрлі қасиеттерін білмейді, білу мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келуге болмайды. Адамзат миының артықшылығы сол - ойлау негізінде сезім мүшелері қабылдай алмайтын заттардын түрлі қасиеттерін де анықтай алу мүмкіндігі бар. Мысалы, адам жақсы, жаман қасиеттерді тікелей сезім арқылы қабылдай алмайды, бірақ көп жылдық тәжірибе, адамдар арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір адам екінші бір адамға(не затқа) баға беріп, жақсы, жамандығын анықтайды. Сондықтан да сөз мағынасы мен объектив дүниедегі заттар туғызған түйсік тең түседі деу де дүрыс емес. Түйсік дегеніміз объектив дүниедегі заттардың не олардың түрлі қасиеттері мен белгілерінің адамның сезім мүшелері арқылы бейнеленуін айтамыз. Бейне түсінігін эр түрлі тусіндіруге болады.
Заттардың барлық қасиеттері адамның жүйке тамырларына бірдей әсср етіп, түйсік туғыза бермейді. Сонымен бірге заттардың барлық қасиеті (түйсік туғызатын) бір сезім мүшесі арқылы қабылдана бермейді. Сезімдер қабылдайтын сезім мүшелерінің түрлеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, көру, дэм сезу, иіс білу, т.б. сезімдер адамның көз, тіл, құлақ, мүрын сияқты дене мүшелерімен байланысты болады.
Сезім мүшелері арқылы қабылданған түрлі информациялар мида анализ, синтез жасалынып, сол заттың түп нүсқасына жуық бейне жасалынады. Кейде сезім мүшелері арқылы алынған информациялар заттың толық бейнесін жасауға жеткіліксіз болуы да мүмкін. Соңғы жағдайда адамның өмір тәжірибесі, білімі көмекке келеді. Қысқасы сезім мүшелері арқылы қабылданған информациялар негізінде заттың, объектив дүниедегі түрлі қүбылыстар мен қозғалыстардың субъектив бейнесінің жасалуына көмегі тиеді. Осы субъектив бейне сөз мағынасы мен үғымның негізін жасайтын элемент болып саналады. Әрине түйсік арқылы қабылданған субъектив бейне мен объектив дүниедегі заттар, қүбылыстар тең келмейді. Мысалы, заттың қүрамында сезім мүшелеріне түйсік туғызбайтын, бірақ басқа түрлі аппараттар арқылы анықталған, қасиеттер де бар. Олар заттың қүрамды элементтері болғанымен, субъектив бейне бола алмайды. Сондықтан да түйсік арқылы қабылданған бейне объектив
дүниедегі заттарға өте жақын көшірме бейне бола алады. Сол зат туралы адамзаттың түсінігі (білімі) қаншалықты көп болса, субъектив бейне де сол затқа жақын бола береді. Сол үшін де қарапайым адамдар үшін тас - таудың қатты жынысының бірі болса, геологтар үшін тас - түрлі минералды түздардың жиынтығы.
Денотаттық компонент шындық болмыстағы заттың атауға айналуынан, санада кез келген заттың, оның бір пішіні, қасиеті арқылы бейнелеуінен қалыптасады. Денотаттық компонент дегенде реалды өмірдегі заттарға таңбаны сілтеуді, бағыттауды үғынамыз. Басқаша айтқанда, сөздің лексикалық мағынасының шындық болмыстың заттарымен байланысы денотаттық компонентті қүрайды. Бүл макрокомпонент өзгермелі, икемдік, бейімделгіштік қасиетке ие болады. Сөз мағынасының денотаты біздің тікелей қабылдауымызға келетін, қоршаған өмірдегі объектілер, яғни мыналар: "үй, үстел, кітап, адам т.б." Сапалық белгісі бар сөздер: цызыл, ац, цатты, жылтыр;
қимыл-әрекет белгісі бар сөздер: жүгіру, жылау, айцайлау, күрсіну т.б. Денотат дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда ойымызға келетін зат, қүбылыс не оның белгілері. Денотатқа "идеалды" заттар да енеді. Бүған: еңбек, циял, арман, болашац, бацыт т.б. сөздер жатады. Абстрактылы сөздердің мағынасындағы денотаттық компонентті идеалды денотаттық бөлік дейміз. Идеалды денотат тікелей жүйке тамырларына түйсік туғызу арқылы қабылданған информация болып саналады. Идеалды денотат сөздің лексикалық міағынасын объектив дүниемен байланыстырып түратын, мағыналарға негіз болатын денотат. Денотаттық компонент эр индивидтің өмірлік тэжірибесіне, интеллектуалдық деңгейіне қатысты. Бүны түсіндірме сөздіктердегі сөздердің мағынасын түсіндірудегі ерекшеліктерден байқауға болады. Бүл макрокомпонент эмпирикалық мағына компонентімен тығыз байланыста болады. лексикалық мағынаның денотаттық компоненті нақты, абстрактылы затты, қүбылысты, ситуацияны атау ретінде таңбалайды. Сонымен, денотат екіге бөлінеді: идеалды жэне материалды денотат. Денотаттық компонент шындық болмыстағы объективті жэне субъективті зат, қүбылыстарды бейнелейтін мағынаның заттық бөлігі.
Лексикалық мағынаның сигнификаттық компонентін кейбір зерттеушілер денотаттық компонент қүрамында қарастырады. Алайда, бүл компоненттің денотаттық компоненттен біршама өзгешеліктері бар. Лексикалық мағына қүрамында бүл макрокомпонент түсінік пен үғымның қызметінде көрінеді, ал денотаттық компонент мағынада заттық белгілерден түратыны мэлім. Сигнификат денотат та емес,
сондай-ақ үғым да емес. Денотаттан айырмашылығы сол - ой субъективті қасиетке ие. Екінші сөзбен айтқанда, сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотатқа сүйенеді. Денотаттық мағына сөзді объектив дүниемен, заттармен, қүбылыстармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны үғыммен, ой элементтерімен байланыстырады. сигнификаттық бөлік үғымның жалпыланбаған, елеулі белгілерінің негізінде пайда болған деуге болады. Мысалы, "бала" сөзінде сигнификаттық компонент "кішкентай", "үй" сөзінде "адам түрағы" т.б. Толып жатқан белгілердің ішіндегі неғүлым елеулі белгілердің жиынтығы мағынада сигнификаттық компонентті қүрайды. Мағынада бүл компонент денотаттық компонентпен қатар жүреді, тек оны ерекшелейтін нәрсе, бүл компонент денотаттың ерекше белгілерін абстракциялап бейнеүлейді. Бүларды ажыратуға зерттеушілер жалқылық пен жалпыүлықты (М.Никитин) деректілік пен дерексіздікті (М.Оразов) үсынады. Идеалды, материалды денотат сигнификаттық компонент қүрамына қатар енбейді, тек жартылай сигнификаттық сипатта енеді. Толық мэнді сөз мағынасында сигнификаттық компонент елеулі мэндік белгілерге сүйенген үғым, не түсінік болады. Бүл макрокомпонент мынадай жолдар арқылы сөз мағынасының бір бөлігіне айналады дейді М.Оразов, яғни идеалды немесе жалпы денотат арқылы, екінші гнесиологиялық бейне арқылы, үшінші қайта атау, төртінші ғылыми абстракция арқылы. Зат есімдердің жалпы есімдерінде сигнификаттық компонент айқындау көрініп,
денотатты байланыстырушы, үғындырушы қызмет атқарады. Мысалы, "Баллада" сөзінің түсіндірмесі мынадай: "Тарихта болған не аңызға айналған оқиғаны жырлайтын поэзиялық шығарма". (ҚТ.Т.С.2т.89-б) Сигнификаттық компонент: 1)тарихи болған; 2)
поэзиялық. Денотаттық компонент: 1) оқиғаны жырлайтын шығарма. Сын есімдердің денотаттық компоненті әлсіз болғанымен, синификаттық компоненті күшті болады, себебі сигнификаттық компонент заттың не қүбылыстың елеулі белгілерін қамтитыны белгілі. Етістіктер, үстеулер, есімдіктердің мағынасына шолу жасағанда байқағанымыз, сигнификаттық компонент бүларда айқын күйде, өйткені бүл сөздер мағынасында нақтылықтан қол үзген идеалды денотат қана сақталған. Нақты денотаттық мағынасыз, идеалды денотат жэне гнесиологиялық бейне арқылы қалыптасқан сигнификаттық макрокомпонент ирреалды заттарда басым болады. Ирреалды заттарға - "шайтан, кентавр, үй иесі, су перісі, марсиандъщ, шимүрын, албасты” т.б. сөздер жатады. Сигнификаттық компоненті айқын сөздерге, эртүрлі ғылыми
терминдер енеді.
Заттық жэне үғымдык компоненттерден ғана күрылған сөз мағынасына сөйлеуші мен тыңдаушыға түсінікті болады, яғни толық мағыналы сөз болу үшін денотаттық (заттық) жэне сигнификаттық (үғымдық) макрокомпоненттер сөзсіз қажет.
Сөз мағынасының үстеме макрокомпонентін ғалымдар эмоциялық, коннотаттық, прагматикалық деп атап жүр. Осы аталымдардың ішінен біз коннотаттық компонентке тоқталдық, себебі осы термин ғана үстеме, қосымша мағынаны дэл беретін сықылды. Коннотаттық мағына бөлігі эмоция мен бағадан түрады, сондықтан коннотаттық дегенде эмоциялық компонентті сөз етеміз. Денотаттық, сигнификаттық компоненттер кез келген сөздің мағынасында болса, коннотаттық компонент ондай қасиетке ие емес. Бүл макрокомпонент тек жекелеген сөздердің мағынасында болады. Адам айналысындағы заттар мен қүбылыстарды қабылдағанда, адам санасында сол зат не қүбылыстан эмоция туады жэне сол зат не қүбылысқа деген баға қалыптасады. Сезім мен бағасыз мағына не тіл ешқандай толықтық сипатқа ие болмайды. Эмоциялық компоненті мағынада бірінші түратын сөздер эмоционалды-экспрессивті деп аталады. Бүған жағымды, жағымсыз бағасы бар сөздер де енеді. Бүл мәселе Ә.Қайдаров, Ғ.Мүсабаев, Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев, Ш.Нүрғожина, Х.Нүрмүханов, Х.Кэрімов т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Эмоционалды сөздерден экпрессивті сөздердің айырмашылығы экспрессииті сөздерде бейнелік сипат боладьғ Эмоционалды сөздер екіге бөлінеді: эмоционалды мэнді (түбір сөздер) жэне эмоционалды реңді (туынды сөздер). Эмоционалды мэнді сөздерге эмоңия туғызатын сөздерді, ал эмоционалды реңді сөздерге эмоңионалды реңк туғызатын жүрнақтар жалғанған сөздерді жатқызамыз. Эмоция мен бағалауы солғын сөздерде, узуалды сипаттағы коннотаттық компонент сақталадьғ Бүл макрокомпононт эмоционалдық бағалау жэне стилистикалық сипаттан көрінеді. Сол себепті коннотаттық компонент мағынаның ірі емес эмпирикалық, функционалды-стилистикалық компоненттерімен тығыз қиысып жатады. Бүл компоненттің негізгі ерекшелігі коннотаттық макрокомпоненті бар сөздің мағынасы субъективті сипаттағы қосымша хабардан турадьғ Онда, ең алдымен, сөзбен берілген денотатқа деген бағалау қатынасы білінеді. Сөздіктерде коннотаттық компоненттің бағалау коннотациясы әдейі белгілермен беріледі. Сондай-ақ бүл компонентті сөздің түсіндірмесінен байқаймыз. Мысалы, "үшқалақ" сөзінің түсіндірмесі тым жеңілтек, шошақай, түштақай. (Қ.Т.Т.С. 9-т. 505-6) Коннотаттық компонент
жақтырмау, үнатпау, қостамау. Қосымша хабар сөздің өзінің табиғатын бағалауға қатысты. Бул жағдайда сөзге ауызекі, диалект, көнерген, стилдік, кітаби, термин т.б. белгілер қосылды. Коннотатық компоненттің үш функционалды типі болады, яғни сипаттамалы, экспрессивті-бағалау жэне нормативті. Сипаттамалы коннотация сөздегі заттың, кубылыстың басқа қасиеті туралы ақпараттан пайда болады. Мысалы, "ит" сөзінде "дос", "аю" сөзінде "қолапайсыз" белгісі бар. Экпрессивті - бағалау коннотациясы объектінің бағасы туралы хабардан турады. Бунда жағымды-жағымсыз эмоция болады, соған сэйкес бағалау жүзеге асады. Мысалы, "ит" сөзіндегі жақтырмау белгісі контексте айқын көрінеді: ит еді, иттік, итшілеп, иттік өлім т.б.
Нормативті коннотация коммуникативті акт кезінде айқындалады жэне бүған эффемизм, дисфемизм, жаргон, табу сөздер ие болады. Сонымен коннотаттық макрокомпонент сөздің мағыналық қүурылымына тікелей енбейді, ол тек қана мағынада қосымша түрдегі қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет