Тацырып бойынша сүрацтар:
Лексикалық мағынаның микрокомпоненттеріне нелер жатады?
Айырушы сема дегеніміз не?
Жалпылаушы сема дегеніміз не?
Архисема деп нені айтамыз?
Узуалды сема қалай пайда болады?
Окказионалды семалар қандай сөздерде болады?
Позитивті жэне негативті семалардың ерекшеліктері не?
Ашық жэне әлсіз семаларды ажырату жолдары қандай?
Сөздердің граммитикалық мағынасы
Сөз мағынасы туралы айтқанда ең алдымен лексикалық мағынаға тоқталамыз. Бірақ бүл лексикалық мағына сөздің, бірден бір мағынасы, басқа мағына болмайды деген сөз емес. Сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы - нақты, үғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына — сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің эр түрлі түлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен эр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын жэне сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады. Бүл екі мағына бір сөздің бойынан табылғанымен, екеуі бір түрлі қызмет атқармайды. Лексикалық мағына грамматикалық мағынаға қарағанда жетекші қызмет атқарады да объектив дүниедегі заттармен, қүбылыстармен байланысып жатады. Лексикалық мағына дербес, басқа сөздердің мағынасына байланыс-пай-ақ өмір сүретін болса, грамматикалық мағына лексикалық мағынамен байланыспай өмір сүре алмайды, сөйлем қүрамында ғана анық бой көрсетіп, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады ие олардың байланысуына себепші болып дәнекерлік қызмет атқарады. Сондықтан да сөз мағынасы дегенде лексикалық мағынаны көз алдымызға келтіруіміз заңды. Нақ осы негізде, жай көзбен қарағанда, сөздің лексикалық мағынасы грамматикалық мағынамен байланыспай-ақ, оған сүйенбей-ақ өмір сүретіндей көрінеді. Ал грамматикалық мағына болса, объектив дүниедегі заттармен, қүбылыстармен байланыспайтындай, тек сөйлем қүрамында ғана пайда болатындай көрінеді. Шындығында да лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бір-бірімен өте тығыз байланыста болатын, екеуі де объектив дүниемен байланысып жататын қүбылыстар. Айырмашылығы сол - лексикалық мағына объектив дүниедегі заттардың адам санасындағы дерексізденген бейнесімен тікелей байланысып жатса, грамматикалық мағына объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстардың бейнесімен сатылай байланысады, тілдік заңдылықтарға негізделе отырып лексикалық мағыналардың көмегімен ғана байланысады.
Грамматикалык. мағынаның табиғатын анықтауда ғалымдар элі бір шешімге келе алған жоқ. Қазірше тіл білімінде даусыз, көпшілік қүптаған нәрсе - грамматикалық мағыналардың грамматикалық түлғалар арқылы жэне сөздердің грамматикалық қүрылыс заңдылықтары мен амал-тәсілдері өзара байланысу нәтижесінде берілетіндігі, оның бір сөзге емес, белгілі бір сөз табына, сөздердің грамматикалық топтарына тэн болатындығы. Ал грамматикалық мағыналардың басқа мәселелерінде айтылған пікірлер арасында алшақтық, қарама-қарсылықтар бар. Мысалы, сөздердін, барлығы бірдей лексикалық жэне грамматикалық мағыналарға ие болуы шарт па? Жоқ элде лексикалық мағынаға ғана ие болып, грамматикалық мағынаға ие болмайтын сөздер де бар ма? He керісінше, тек грамматикалық мағынаға ғана ие болған, лексикалық мағынасы жоқ болатын сөздер кездесе ме деген сияқты сүраулардың жауабы барлық кезде де бір ізді бола бермейді. Тіпті лексикалық мағынасы жоқ, тек грамматикалық мағынаға ғана ие болатын сөздер бар деушілер де кездеседі. Мысалы, түрколог ғалымдардың біразы көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ оларда тек грамматикалық мағына ғана бар деген
тезисті үсынады.
Көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деу үстіміздегі ғасырдың алпысыншы не жетпісінші жылдардың жемісі емес. Қазан төңкерісіне дейінгі дэуірлерде өмір сүрген орыс тілшілерінің еңбектерінде де көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деген пікірді кездестіруге болады. Мысалы, Ф. Ф. Фортунатов сөздерді «полные» жэне «частичные» деп екіге бөледі де, «частичные» деген сөздердің бірінші топтан айырмасы жеке мағынаға ие болмауында деп есептейді. Автор пікірін ары қарай жалғастыра отырып, көмекші сөздерді күрделі сөздердің бір элементі деп те қараған. Еңбегінің басқа бір жерінде көмекші сөздерді сөз деп санаған кездерін де кездестіруге болады.
А.А. Реформатский грамматикалық мағына берудің бір жолы ретінде «бос сөздерді» көрсеткен(А.А. Реформатскийдің термині бойынша «пустые слова»), Ғалымның көзқарасы бойынша цыз бала, еркек цой деген сияқты мысалдардағы еркек, қыз деген сөздерді бос сөздер жеп қарауға болады. Бірақ еркек, цыз сөздері білдіретін мағынасын грамматикалық мағына деп көрсетуге негіз жоқ. Себебі жынысгық мағына түркі тілдерінде граммагикалық мағына ретінде көрінбейді. Бірақ тілде еркек, үрзашы түсінігін білдіру бар; ол сөз семаитикасының(яғни лексикалык мағынаның) үлесіне тиеді. Сондықтан да біз цүнан-цүнажын, дөнен-дөнежін, цабан-мегежін, төбет-цатиыц, үрзаиіы-еркек, тауыц-әтеш, байтал-айзыр, саулъщ- цшцар, цүда-цүдаги, іні-царында сияқты сөздердің эр сыңарын жеке- жеке сөз деп танимыз. Ал бір бас пияз, бір таі шаш, он дана дәптер деген тіркестердегі бас, тал, дана сөздері өздерінің толық лексикалық мағыиаларында қолданылып түрған жоқ, Сөз бен сөзді байланыстырып түр.
Ф.Р. Зейналов көмекші есімдер мен шылауларды, послелогтарды ажыратады да, көмекші есімдер атауыш сөздер мен көмекші сөздердің (шылаулардың) арасындағы категория, олардың лексикалық мағынасы сақталынған деп есептейді. Ал шылаулардың болса, лексикалық мағыналары жоқ деп есептейді. «Послелогтар - тарихи дамудың жемісі. Тарихы жағынан атауыш сөздермен байланысып жатса да уақыт өтуімен олар өздерінің лексикалық мағынасынан айырылып, тек грамматикалық мағына білдіретін дәрежеге жеткен» - деген пікір айтады. Автор бүл пікірін ары қарай тереңдете түсіп: «Кей авторлар көмекші сөздерде (аз болса да) лексика-семантикалық мағына бар деген пікірді қолдайды. Олар бір көмекші сөзбен (послелог) түрлі мағыналық реңк білдіру фактісін негіз етіп алады. Олар, біздіңше, ең кем дегенде екі түрлі қатеге жол беріп отыр. Біріншіден, көмекші сөздер өздерінің көмекшілік қызметін нақтылы лексикалық мағынасынан, нақтылы семантикасынан айрылғандығы үтттін атқарады. Олардын, мағынасы алдындағы сөздермен байланысты түрде ғана анықталады. Екіншіден, ол авторлар лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналарды араластырып жіберген. Әр сөз грамматикалық мағынаны сөйлем ішінде ғана білдіретіндігі, қалыптасатындығы анық. Ол (грамматикалық мағына) грамматикалық көрсеткіштерсіз-ақ білдірілетіні де анық... Соңғы жағдайға осы көзқараста қарап, осы көзқараста грамматикалық мағына іздеу керек», - дейді.
Шылау сөздердің тарихи категория екендігі анық. Көпшілік ғалымдар көмекші сөздердің(шылаулардың) тілдің белгілі бір даму кезеңінде пайда болғандығын, олардың атауыш сөздердің тілдік дамау барысында грамматикализациялану нэтижесінде қалыптасқандығы анық. Сонымен бірге даму процесінде атауыш сөз мағынасының солғындайтыны да, көмекші сөз қатарына өткенде дербес мүше ретінде жүмсалып, жеке сүрауларға жауап бермейтіндігі де шындық.
Көмекші сөздер былай түрсын, атауыш сөздердің қүрамындағы лексикалық жэне грамматикалық мағыналардың шегін ажыратып түратын нақтылы белгілердің өзі де жоқ. Кез келген сөз, сөз болғандығы үшін де, эрі лексикалық, эрі грамматикалық мағыналардың жиынтығынан қүралып қана бір мағынаны білдіріп, сөйлемнің кірпіші бола алатындай қызмет атқарады. Лексикалық мағынасыз сөз жоқ. Егер лексикалық мағынасы жоқ сөздер де болады деген пікірді қолдайтын болсақ, онда мағынасыз тек дыбыстардан ғана түратын сөздер де болады деген тезисті қолдаған болып шығамыз.
Оқулықтарда, ғылыми еңбектерде сөздердің лексикалық мағынасын бөліп алып грамматикалық мағыналармен байланыстырылмай-ақ анықтама беріле береді. Нақ осындай грамматикалық мағыналарға да оларды лексикалық мағыналардан бөліп алын анықтама бере береміз. Шындығында сөздердің қүрамында аты аталынған екі мағынаның екеуі де жеке-жеке өмір сүрмейді, бірімен екіншісі астасып, біте қайнасып жатады. Ерамматикалык, мағынанық лексикалық мағынаның жетегінде болатындығы, тек лексикалық мағынаны негізінде анықталатындығы да талас емес. Сондықтан да грамматикалық мағына тиянақсыз, өздігінен өмір сүрмейтін мағына деп, сөздегі лексикалық мағынаны нақтылай түсіп, оны саралап анықтайтын немесе сөздердің лексикалық мағыналарының бір-біріне өзара қатынасын білдіретін мағыналары грамматикалық мағына деп аталып, соған жуық анықтамалар да беріліп жүр. А.А. Шахматов болса грамматикалық мағыналарды лексикалық мағыналармен салыстыра отырып, грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаға ілесіп жүретін(сопутствующие значение) мағына деп айтады. Бүл типтес анықтамалар соңғы кездерде жарық көрген оқулықтар мен ғылыми еңбектерде де кездесіп қалып жүр. Демек, грамматикалық мағынаның лексикалык мағынаға сүйеніп қана өмір сүретіндігін көпшілік тілші-ғалымдарымыз мойындайды.
Біз де В. В. Виноградовтың «Сөзге лексикалық негізде анықтама берудің өзі оның грамматикалық жағын мойындау», - деген тезисін толық қабылдай отырып, бүл екі категорияның бірін екіншісінен ажыратып түратын белгілердің бар екендігін де мойындаймыз. Бүл айырмашылықты(лексикалық мағына мен грамматикалық мағына арасындағы) ғалымдар түрліше талдап, түрліше топтастырып жүр. Бізге белгілі болған пікірлерді жинақтай келетін болсақ, оларды былай топтастырып көрсетуге болады:
Лексикалық мағына нақтылы болады да, грамматикалык. мағына дерексіз болады. Дәлел ретінде айтсақ, лексикалық мағына объектив дүниедегі заттардың, іс-процестердің не үғымдардың атауы ретінде қолданылады да, грамматикалық мағыналарда ондай нақтылылық болмайды. Соңғы кезде жарық көрген ғылыми грамматикаларда да грамматикалық мағыналарға осы типтес анықтама берілген. Лексикалық мағына объекгив дүниедегі заттардың түрлі қүбылыстардын адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесімен не белгілі бір үғыммен байланысты болады да сол сөздің басқа сөздермен байланыспай-ақ білдіретін мағынасы деп саналады. Ал грамматикалық мағына сөздердің сөйлем ішінде, сөздермен байланысқа түскенде білдіретін мағыансы делінеді. Грамматикалық мағынаның қүрамында шындық болмыспен, шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстармен байланысып жататын мағыналық бөлшектің барлығын мойындамайтындардың пікірін екі түрлі түсіндіруге болады. Біріншіден, олардың пікірінше, лексикалық мағына «заттық» болады да, грамматикалық мағынада ондай сема болмайды, тек сөздердің ара қатынасы негізінде туып, сөз бен сөзді эрі мағына, эрі түлға жағынан байланыстырады. Сондықтан да лексикалық мағына шындық болмыспен, шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстарды белгілі дәрежеде бейнелеп, сәулелендіреді.
Грамматикалық мағыналардың шындық болмыспен, шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстармен тікелей байланысы болмайды, олар тек сөйлем ішінде ғана бой көрсетіп басқа сөздермен байланысқанда ғана анықталатындықтан олар сөйлем ішінде туып, қалыптасады деген пікір бар. Дегенмен бүл пікірмен келісуге болмайды. Өйткені грамматикалық мағына сөйлем ішінде туып қалыптасады деп санаудың өзі тілдің грамматикалық күрылыс ретіндегі жүйесін жоққа шығарумен пара-пар. Грамматикалық мағына сөз бойында потенциалды өмір сүреді де, оның грамматикалық қүрылысқа енуі кезінде көрінеді.
Грамматикалық мағына да шындық болмыспен байланысты болады. Бірақ олардың шындық болмыспен байланысы лексикалық мағынаның шындық болмыспен байланысымен бірдей емес. Сөздердің лексикалық мағынасы шындық болмыспен тікелей байланыспай адам миының қызметі негізінде байланысса, араға ойлау үрдісін салса, грамматикалық мағына шындық болмыспен лексикалық мағына арқылы байланысады. Басқаша айтқанда, грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы, дерексізденуі, әмбебаптық сипатқа ие болуы арқылы ғана байланысады. Осы жалпылаудың негізінде грамматикалық мағына жеке сөздерге тэн болмастан, белгілі бір сөздердің тобына тэн болады. Мысалы, шақтық мағына етістіктің барлығына тэн болса, жекеше, көпше мағынасы барлық зат есімдерге тэн мағына болып саналады т.б. Осы грамматикалық мағынаның сөздердің тобына тэн болатындығынан, олардың объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстармен тікелей байланыспайтындығынан кей ғалымдар оларды формальды мағына лексикалық мағынаның объектив дүниемен байланысын, соның атауы болатындығын, жеке өздері түрып та мағынаға ие болатындығын ескеріп, соңғы мағынаны атауыш мағына деп ажыратуларына себепші болып жүр.
Грамматикалық мағынаны формальды мағына дегенде оны лексикалық мағынаға қарсы қойып, атауыш қызметімен байланысы жоқ деп түсіндіреді. Шындығында да грамматикалық мағына объектив дүниедегі заттар мен ондағы қүбылыстармен ешқандай байланысы жоқ па? Грамматикалық мағына туралы пікір айтқан ғалымдардың барлығы да бүл мәселеге тоқталып өз пікірлерін айтқан. Бірақ олар грамматикалық мағынаны арнайы зерттемегендіктен не қүпталған қағидаларды қолдайды, не грамматикалық мағынаның лексикалық мағынаға байланыспай өмір сүре алмайтындығын негіз етіп алады да грамматикалық мағына сөйлем ішінде өмір сүреді, объектив дүниемен байланыспайды
деген қорытындыға келеді. Қазіргі тіл білімінің даму деңгейі бүл мэселеге арнайы тоқталып, жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Грамматикалық мағына көлемі жағынан лексикалық мағынаға қарағанда кең түсінікті қамтиды да, олар іштей күрделі қабаттардан қүралады. Грамматикалық мағына мен лексикалык мағыналардың шындық болмысты сәулелендіруінде теңдік жоқ. Сондай-ақ лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстарды не заттардың белгісі мен өзара қарым-қатынастарын жалпылайды, бірақ лексикалық жалпылау мен грамматикалық жалпылау арасында айырмашылықтар бар, әрқайсысының өз заңдылықтары, өз жолдары бар. Лексикалық жалпылау заттар туғызған түйсіктер негізінде болады. Сол түйсіктер арқылы пайда болған сигнификаттық мағынаны біртіндеп белгілі бір дыбыстар комплексіне таңады да сөздердің лексикалық мағынасына негіз жасайды. Адамдардың қатынас күралы қызметін өтеу жолында сөздер үзақ уақыт қолданылып, сан рет қайталанады. Нәтижеде сөз бен сөздің, сөздердің грамматикалық мағыналары арасындағы үқсастықтар анықталып, үқсас белгілер жалпылана береді. Осы жалпылану белгілі бір дәрежеге жеткенде ғана грамматикалық мағынаның қалыптасуына жағдай жасалынады. Олардың даму жолын грамматикалық формалардың этимологиясымен байланысты болған зерттеулер негізінде де аныктауға болады. Оқулықтардары грамматикалық мағыналардың заттық магыналармен ешқандай байланысы жоқ деген қағидалар жоғарыдағы процестерді ескермеуден туған.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың қа- лыптасу жолдары мен заңдылықтарын теңестіруге болмайды. Лексикалық мағына түйсік арқылы қабылданып, адам миының қызметі арқылы жалпыланған, қоғам мүшелері қүптаған, белгілі бір дыбыс не дыбыстар комплексімен шартты, тарихи байланысқа ие болған тілдік түсінік. Грамматикалық мағына да сезім арқылы қабылданады, бірақ ол тікелей сезім арқылы қабылданған заттар мен қүбылыстардың бейнесіне сүйенбейді, сөздердің лексикалық мағынасына сүйенеді. Демек лексикалық мағына дерексізденіп, жалпылық қасиетке ие болып грамматикалық мағынаға өтеді. Ақын мен жазушылар, ғалымдар сөз саптағанда өз мақсаттарына қарай сөздердің мағынасын есептей отырып тандайды, бірақ грамматикалық мағыналардың барлығын олай сүрыптай алмайды. Грамматикалық мағыналардың қолданылу зандылықтары жеке адамның еркінен тыс жатады.
Грамматикалық мағына өздігінен өмір сүрмейді, лексика лық мағынаға негізделіп, соған жалғасып қана өмір сүреді. Бүл барлык грамматикалық мағынаға тэн қасиет. Бүл белгіні кей ғалымдар басты қағида етіп алып,
грамматикалык мағынада ешқандай дербестік болмайды деп те жүр. Лексикалық мағыналар жеке сөздерге тэн болады да олар сан жоғынан көп болады. Ал грамматикалық мағына сөздер тобына тэн болғандықтан, сан жағынан шектелінген. Грамматикалық мағынаның барлығы да лексикалық мағынамен біте қайнаса бермейтін сияқты. Егер лексикалық мағына грамматикалық мағынаның аясына түспесе, онда ол тілдік категориядан тыс жатқан болар еді. Ол не таным теориясының аясында, не логикалық категорияның(логиканың) қүрамында не аяқталынбаған процесс ретінде қабылдануы керек еді, семантикалық жалпылау аясына түспестен тілдік абстракцияға түспеген болар еді. Бірақ лексикалық мағынамен үштаспаған грамматикалық мағына қатынас қүралының бір элементі бола алмайды, грамматикалық форма болса, бос дыбыстар тізбегі болып қалатын еді.
Соңғы кездерде лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың ара қатынасын анықтауда сөздерде сөзсіз талап етілетін мағыналар мен жеке сөздерге тэн мағыналар арасын анықтау принципін үсынып жүр. И.А.Мельчук, А.А.Зализняк, И.Г.Милославский сияқты ғалымдар грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның айырмашылығы олардың объектив дүниедегі заттармен байланысты болу, болмауымен байланысты емес дейді. «Мағынаның синтаксистік, номинативтік элементтері грамматикалық болып саналады», - деп көрсетеді A. А. Зализняк. Ал И.Г.Милославский болса А. Зализнякқа сілтеме жасай отырып: «Кез келген сөз-түлға(словоформа) бірнеше мағына элементтерінен түрады. Әсіресе олардың ішінен синтаксистік жэне номинативтік мағына бөлектеніп түрады. Номинативтік мағына дегенде біз объектив шындық дүниені бейнелеуді түсінеміз», - дейді. Бірақ олар грамматикалық мағынаны лексикалық мағынадан ажыратудың екі түрлі белгісін: 1) сөзсіздік, мәжбүрлік(обязательность); 2)
түрақтылықты (регулярность) көрсетеді. Шындығында да белгілі бір лексика-грамматикалық топқа кіретін сөздердің мағыналарын салыстырып қарайтын болсақ, олардың мағына қүрамында сөзсіз қайталанып түратын мағыналық элементтер-семалар кездеседі. Мысалы, етістіктердің барлығының мағына қүрамында амал- эрекетті, қозғалысты не қалыпты білдіретін немесе шақтық мағынаны білдіретін элементтер бар. Сондай-ақ зат есімдердің мағынасында жанды, жансыз заттарды, деректі жэне дерексіздікті білдіретін семалардың болуы шарт. Бірақ бір семаны барлық зат есімдерден не етістіктерден талап ету шындыққа сәйкес келе бермейтіндігі анық. Салыстырыңыз: қозғалу, бір орыннан екінші бір орынға өту семасы барлық етістіктерде жоқ, тек қозғалу етістіктерінде ғана бар. Сондай-ақ бір информацияны екінші біреуге хабарлау, жеткізу семасы қозғалу, амал-эрекет етістіктерінде жоқ. Зат есімдерді оқулықтарда деректі жэне дерексіз, жалпы жэне жалқы болады деп бөлу дәстүрі бар. Бүлай бөлуді де сөз қүрамындағы бір семаның болу, болмауымен байланысты түсіндіруге болады. Демек сөзсіздік, түрақтылық шарты бір лексика- грамматикалық топтағы сездердің барлығын қамтымаса да, белгілі бір мөлшердегі сөздердің тобын қамтуы керек. Сондықтан грамматикалық категорияларды анықтауда парадигмалық оппозицияға сүйенеміз. Екінші сөзбен айтқанда, жалкы есім мен жалпы есім, жекеше мен көпше, салттық пен сабақтылық жеке- жеке категория деп есептелінгенімен, салыстыра отырылып анықталады. Кейде грамматикалық категория қүрамына енетін оппозицияның саны екеуден көп болуы да мүмкін. Салыстырыңыз: етістіктің шақ категориясының оппозициялық қатынасына түсетін мүшелерінің саны үшеу, септіктерде — жетеу, т.б.
Грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде түлғалануынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең(Абай) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған эрбір он сөз бір-бір лексикалық мағынаны жэне бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп түр: 1. туғанда, лексикалық
мағынасы - нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары 1) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мэн; 3) өткен шақтық мэн; 4) бір қимылдың(ашудың) мезгілін білдіру; 2. дуние, лексикалық мағынасы - әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамма-тикалық мағыиалары: 1) жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мэн; 3. есігін, лексикалық мағынасы - үйдің бір бөлігі болып табылатын(есік) нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа(дүние) тәуелді соның бөлшегі болу, 3) ол тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура объектіні білдіру; 4. ашады, лексикалық мағынасы - ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3) ауыспалы осы шақ мэнін білдіру, 4) 3-жақтағы субъектінің қимы-лы; 5. өлең,
лексикалық мағынасы - нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) ашу қимылының
грамматикалық субъектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық мағынасы - нақты өлең деген зат атауы; грамматихалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы, 2) кіру кимылының амалын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы - нақты жер деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) қатыстық-меншіктілік мэн; 8. қойнына, лексикалық мағынасы - нақты қойын деген зат; грамматикалық ма- ғыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа (жер) тәуелді болуы, 3. тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдың (кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы - нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер шақ мэні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы; 10. денең лексикалық мағынасы - дене деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру қимылының грамматикалық субъектісі.
Осы талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі эрбір мэнді сөз бір лексикалық мағына жэне бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Жэне грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де эр түрлі. Осы сөздерді кейбір ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да болады. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние, есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп, жалпы қимылды білдіруіне қарай туғанда, ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, салттылық сипаты жағынан туғанда, кірер сөздерін бір топ етіп, 3-жақ субъектінің қимылын білдіруі жағынан ашады, кірер сөздерін бір топ етіп, тәуелділік мэніне қарай есігін, қойнына, денең сөздерін бір топ етіп т. б. топтауға болар еді. Сөйтіп, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның бірыңғайластығы, ортақтығы жағынан сөздерді белгілі топтарға жіктеуге болады. Сонымен бірге ол грамматикалық мағыналардың түрлері де, берілу жолдары да біркелкі емес. Мысалы, туғанда, ашады, кірер сөздерінің жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі мен салттылық (туғанда, кірер) я сабақтылық (ашады) мағыналары нақты қимылдың абстракцияланып, жалпылануы арқылы .пайда болған. Сондай-ақ дүние, есігін, өлең, өлеңмен, жер, қойнына, денең сөздерінің жалпы зат атауын білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болып отыр. Демек, бүл тэрізді грамматикалық мағыналар сөздердің лексикалық мағыналарының
абстракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сөйтіп, бүл - грамматикалық мағына білдірудің семантикалық тәсілі (жолы) екен.
Берілген сөйлемдегі дүние, есік, жер сөздерінің эрқайсысы - жеке-жеке үғымды білдіретін заттың аты, туғанда, ашады, кірер - нақты қимыл үғымын білдіретін сөздер, сондай-ақ төрт, жеті - нақты санды білдіретін сөзлер, ақ, көк, сары - заттың нақты түсін білдіретін сындар, т. б. Атап айтқанда, дүние - өмір, тіршілік, есік - ауыс. өмірге, іс пен еңбекке ал-ғаш аттап, қадам басып кіру, араласу, жер
жер ғаламшарының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы, қүрылық дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы - бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда - ана қүрсағынан шығу, дүниеге келу, ашады - ауыс, жабық түрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту, кірер
ену, дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, үқсастық жоқ, бір-бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт - үштен кейінгі есептік сан, жеті - алтыдан кейінгі сан дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; ақ
қардың, сүттің, бордың түсіндей, көк - шық аспан тэрізді түс, сары - піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бүлар эр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге бүл нақты лексикалық мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді, туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс- әрекетті білдіреді, төрт, жеті - жалпы бір санды білдіреді, көк, сары - жалпы түсті білдіреді яғни сапалық сындық белгілері. Міне бүл соңғы көрсетілгендер - нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бүлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі топтағы (айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл іс-әрекетті білдіру, сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ қүрайды дүние, есік, жер - заттың атын білдіретін сөздер - зат сім, туғанда, ашады, кірер
қимыл, іс-әрекетті білдіртін сөздер - етістік, төрт, жеті - заттың санын білдіретін сөздер - сан есім, ақ, көк, сары (жақсы, үлкен, биік заттың сынын білдіретін сөздер - сын есім, т.б. Сөйтіп, өз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөзден даранып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық топ қүрауға бейімделеді. '
Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағыына (жалпы заттың аты,
жалпы қимыл, т. б.) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген бкалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін, т.б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөзде салттық немесе сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін (қалып, қозғалыс, амал-әрекет, ойлау қабілетіне байланысты, көңіл-күйіне байланысты. Бүлардың барлығы да сөздің жалпы семантикасынан туындайтын жалпы
грамматикалық мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін.
Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматикалық түғалар арқылы жэне басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп көрсетіледі. А.Ысқақов: «Сөздің нақтылы лексикалык, мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөдермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Грамматикалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі баска сөздермен қарым- қатынастары арқылы да айтылады», - деген анықтама береді. Алдымен грамматикалық мағына - лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөзде сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жүмсалу мақсатына қарай оған эр түрлі түлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен эр қилы қарым- қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нэтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның мэні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге(формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тэн болатындықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде эдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына дүрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің эр түрлі грамматикалық түлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен эр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Бүлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанмен, олардың әрқайсысының мэні, сипаты, грамматикалық категория үғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп, олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы рөлі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мэніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына жэне қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады.
Грамматикалық мағына жоғарыда көрсетілгендей, ең алдымен, сөйлеу процесінде лексикалық мағынадан туындайды, яғни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы, сөздік үғымның жалпылық-абстрактылық сипатқа ие болуы арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы, сөйлеу процесінен (сөйлемнен яғни контекстен) тыс грамматикалық мағына болмайды. Үй, тас, жасыл немесе кел, т.б. дегендердің заттық жэне иелік, жалпылық немесе сындық, түсті білдіру немесе қимылдық, т.б. грамматикалық мағыналары сөйлеу процесінде эбден қалыптасқан, сондықтан ондай тиесілі мағына сөйлемсіз-ақ ойымызда түрақталып қалған. Одан әрмен сол сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен қарым- қатынасқа түсуі арқылы да, түрлі грамматикалық формалар үстелуі арқылы да, дауыс ырғағы, орын тэртібі, ішкі флексия, т.б. арқылы да грамматикалық мағына үстеледі.
Грамматикалық мағынаның түрлері онын, берілу жолдарына байланысты жэне соған сай олардың (грамматикалық мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-
грамматикалық(семантикалық), қызметтік (функциялық), т.б. сипаттары айқындалады.
Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық мағына грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы сөздердің семантикалық жақындығы, ортақтығы пайда болып, грамматикалық топтар қүралады. Жалпы грамматикалық мағынаның эрі қарай шектеле, үсақтай түсуі нәтижесінде үлкен грамматикалық (шынында лексика- грамматикалық) топтарынан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шығып отырады. Мысалы, үй, бала, Алматы немесе жақсы, көк, тасты, қүмсыз немесе кел, түр, ойла, т. б. сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы нәтижесінде жалпы заттық немесе жалпы сындық немесе жалпы қимыл, іс-әрекеттік сияқты жалпы грамматикалық мағына туған. Ал солардың әрқайсысының өзінде тағы да кішірек жалпы грамматикалық мағына байқалып, кішірек топтарды көрсетуге болады. Жалпы заттық мағынадағы сөздерді адамға байланысты (кімдік) заттар (бала, кісі, жолдас, т.б.), адамнан басқа затқа байланысты (нелік) заттар (үй, тас, ағаш, т.б.), жалпылық немесе жалқылық ерекшелігіне байланысты (Алматы, Қүлагер, Ертіс, т.б.), сондай-ақ деректі-дерексіз, т.б. топтарға бөлуге болады. Жалпы сындық мағынадағы сөздерді сапалық сын-белгі (жақсы, жаман, үлкен, биік, т.б.), түске байланысты сын (көк, қызыл, ақ, т.б.), қатыстық сын (тасты, қүмсыз, аудандық, т.б.) деп, жалпы қимылды білдіретін сөздерді кимылдық мэнді (кел, кет, шап, т.б.), қалыпты білдіру (түр, отыр, жатыр, т.б.), абстракты іс-әрекет (ойла, қиялда), т.б. толып жатқан мэнді білдіруіне қарай топтарға бөлуге болар еді.
Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады. Сөздерді таптастырудың семантикалық деп аталатын принпипі сөздердің осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді.
Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар арқылы да беріледі. Грамматикалық форма деген үғымға, ең алдымен, сөзге (түбірге) үстелетін қосымшалар, аналитикалық формалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тэсіл жатады. Ал қазақ тілінде префикстік те, флексиялық та, супплетивтік те тэсіл жоқ. Бірлі-жарым кірме сөздің қүрамындағы бей, би (бишара, беймаза), на (наразы) сияқтылардың жеке басында ешбір грамматикалық,
семантикалық сипат жоқ, олар тілімізде сөз қүрамынан бөлінбей, түтасып кеткен.
Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атайды. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы беріліп, сөздің сыртқы түлғасына, түріне қатысты болмай, демек, түрлену жүйесіне қатысты болмай, таза грамматикалық семантика ретінде болса, категориялық грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясын қүрауға негіз болады. Мысалы, шақтық мағына белгілі шақ түлғалары (есімше, көсемше немесе қалып етістіктері, т.б.) арқылы беріліп, етістіктің шақ категориясын жасауға негіз болады. Сөйтіп, категориялық грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену жүйесін, парадигмалык сипатын, соның нэтижесінде ол топтардың грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберін, мэнін айқындайды.
Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, орын тэртібі, интонация, т.б. аналитикалық, қатыстық тэсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атауға болады. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалды талдап кө- релік. Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды дегендегі екі бала сөзін салыстырып көрейік. Бірінші бала зат атауы (адам), атау септігі арқылы субстанттық, иелік(таянбау қимылының иесі), 3-жақ мағыналарын білдіріп түрса, екінші бала заттық мағынада емес, сындық- қатыстық мағынаны білдіріп түр. Бүл грамматикалық (сындық- қатыстық) мағына бала сөзінің бүркіт сөзімен тікелей тіркесуінен пайда болып, соның арқасында адъективтену процесіне ие болған.
Менде ақыл түра ма?(Шәкәрім) дегенде сүраулық мағына ма шылауы арқылы беріліп түр. Бүл кітапты көп оқиды жэне Бүл кітап дүкенде сатылып жатыр деген сөйлемдегі бүл сөздерінің интонациясына назар аударсақ та жеткілікті. Әрине, бірінші бүл дегеннің атау септік I
түлғасында түрғаны - бөлек эңгіме. Немесе мына диалогта үйде сөзінің мағынасына назар аударайық:
Қайда болдың?
Үйде.
Үйде? Қай кезде?
Басқа грамматикалық мағыналарды ескермегеннің өзінде екінші үйде дегенде сүрау мағынасы тек интонация арқылы берілген.
Сөйтіп, қатыстық грамматикалық мағына сөздердің сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты жэне көбіне контекстік болып келеді де, сөздерді таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен бірге
грамматикалық мағынаның бүл үш түрі, бір жағынан, грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген үғыммен байланыстылығын жэне грамматикалық категория деген үғымның мэнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын (категориялық мағына) көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол морфология салаымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп
кететінін(қатыстық грамматикалық мағына) көрсетіп,
морфология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына жекелеген сөз топтарының семантикалық сипатын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |