Тацырып бойынша сүрацтар:
Лексикалық мағынаның макрокомпоненттеріне не жатады?
Лексикалық мағынаның макрокомпоненттері жайлы тіл біліміндегі теориялық көзқарастарға тоқталыңыз.
Денотаттық мағына дегеніміз не?
Денотаттық мағынаның шындық болмыстағы заттармен байланысы қандай?
Идеалдық денотат дегеніміз не
Сигнификаттық мағына дегеніміз не?
Коннотаттық мағына дегеніміз не?
Коннотаттық мағына неден қүралады?
Сөздердің лексикалық мағына қүрылымында макрокомпоненттердің барлығы ірдей болуы шарт па?
Лексикалық мағынаның микрокомпоненттері
Лексикалық мағынаның эр макрокомпоненті өз ішінен микрокомпоненттер - семалар жиынтығынан түрады. Семаны - бір сөзді қабылдағанда ойымызда түатын сүрақтардың орнын толтыратын мэн, мағына бөлшегі деп анықтауға болады. Мағына қүрылымында семалар ерекше түрдегі қүрылым түзеді
жэне өз ішінен эр түрлі түрлерге бөлінеді. Ғылыми еңбектерде семалар түрлерінің атқаратын қызметіне байланысты эр текті аталалады жэне қызметі бір болғанымен эр ғалымның семаға өзінше атау беруі орын алған. Мәселен, «интегралды сема»(Д.Шмелев), «архисема»(В.Гак), «ядерлы
сема»(И.Стернин), «лексика-грамматикалық» (Э.Кузнецова) т.б. Семалар қүрылымын терең түрде ашуға қажет болатын компонентті талдау әдісі. Бүл эдіс соңғы кезде қазақ тіл білімінде қолданылуда, яғни М.Оразов, Р.Сыздықова, Б.Сағындықүлының еңбектерін атаймыз. Әдісте, алдымен, макрокомпоненттерді бөледі, сосын семаларды эр макрокомпонент аясына енгізе отырып, тілдегі ерекшелігі бойынша сөз мағынасына талдау жүргізеді. Компонентті эдіс жасау үшін ортақ белгілерді көрсететін негізгі үқсастық жэне нақты белгілерді айқындайтын сөздік нақтылаушыны табу. Мысалы, "оқушы" сөзінде "жасы кіші", "кәмелетке толмаған", "мектеп жэне т.б. орта оқу орындарында оқитын" семалары бар. Ал "студент" сөзінде "жас ", "кәмелетке толған", "жоғарғы оқу орындарында оқитын" т.б. семалары бар. Осындағы үқсастық "оқитын" семасы, ал қалған семалар нақтылаушылар. Жалпы алғанда, семаны шартты түрде семантикалық белгі жэне семантикалық нақтылаушыға ажыратқан қолайлы. Мысалы, "Хан қалған қазақтардай емес, үстамды екен". (Ә.К. "Елең-алаң") "Хан" сөзіндегі семантикалық белгі "атақ, лауазым", нақтылаушы "бэрінің билеушісі". лексикалық мағынаның микрокомпоненттерінің теориялық мэселелерін қарастырғанда, мынадай ерекшеліктері көрінді: 1) Семалар -
икемделгіш, өзгермелі, бөлшектенетін қасиетке ие; 2) Семалар - мағынада терең мэндегі, иерархиялы қүрылым түзеді;_3) Семалар - бір-бірімен тең дэрежеде емес. Алдымен, үлкен семалар бой көрсетеді, ал кіші семалар тілдік қолданыста байқалады; 4) Семалар - неше түрлі өзгеріске түсіп, эртүрлі сипатта болады. Жалпы айтқанда, семалар мағына қызметінің ерекшелігіне байланысты дараланадьғ
Денотаттық-сигнификаттық семалар - тіл жүйесіне қатысы бойынша узуалды, окказионалды, топтық, жекелік семаларға бөлінеді. узуалды семалар сөздің жүйелік мағынасын қүрайды, сондықтан оларды түсіндірме сөздіктен байқауға боладьғ Бүл семаларсыз сөзді түсіндіру мүмкін емес. Окказионалды сема сөздіктерде мүлде кездеспейді. Мысалы, - Ту, өздерің қандай адамсыңдар, мәдениет дегеннен жүрдай екенсіңдер ғой! (Д.И. Тауьар тас"). "Мәдениет" сөзі арқылы "артта қалған, дамымаған" окказионал семалары беріліп түр.
Топтық семалар адамдар тобына (жүмысшылар, студенттер, т.б.) байланысты, сондықтан өз ішінен ғылыми жэне кәсіби деп бөлінеді. Жекелік сема сөйлеушінің мамандығы, жынысы, жасы т.б. бірқатар факторларға тәуелді болады жэне сөйлеушіні даралап турады. Мысалы, - Жүнісіңізді қоя тұрыңыз, факті - деді Уэкіл бүрынғыдан әрмен шытынап. - Сайлауды сарбат ете жаздады.(М.М. "Ең еділ сайлау"). "Факт, сарбат" сөздерінде "маңыздылық, өкімшіл" жекелік семалары бар.
Айыру күшіне байланысты семалар - интегралды немесе архисема жэне дифференциалды семаларға бөлінеді. Архисема (жалпылаушы) семема курылымында екі ерекшелігімен көрінеді. Біріншіден, архисема мағынаның тірегі, яғни басқаға тәуелді емес. Екіншіден, архисема жалпы сипатқа ие жэне мағынада жалғыз болмайды. Архисема, дифференциалды (айырушы) семалар мағынада қатар түзеді. Мысалы, алдау сөзінде -"жаман іс, зиян, оңбағандық", ал суға бату сөзінде - "туншығу, қорқу, жүзе алмау" архисемалар қатары бар. Айырушы семалар архисеманың мына қырларын ашады: Е
Қолданылуы, қызметі; 2. Формасы, сипаты; 3. Қасиеті. Жалпылаушы, айырушы семалар қолданыста айқындалып, кейде солғынданып, кейде көрінбей неше түрлі өзгеріске түседі.
Көріну дэрежесі бойынша ашық жөне әлсіз семалар болады. Ашық семалар, біздіңше, қайталану арқылы байқалады. Бір сөзге эксперимент жүргізгенде, информанттар көп қайталап айтқан сема ашық сема болады. Мысалы, - Ойпырмай, сенімен қалай цоштассам екен? (Д.И. "ЕІері мен періште"). "Қоштассам" сөзінде ашық сема - "қимастық", элсіз сема "бір-бірін көрмеу". Ашық семалардың басқалардан ерекшелігі басымдық сипатында. М: жүк - ауыр, алтын - қымбат, білімді - ғалым, топ-моделъ - әдемі, әскер - тэртіп, тобыр - уйымдаспаған, тасбақа - асықпау т.б.
Мазмүндық сипатъі бойынша түракты, ықгималды, ассертивті, диспозиционалды, анық, бүлыңғыр, позитивті жэне негативті семалар болады. Түрақты семалар - зат, қүбылысқа эрқашан тэн белгілер, ал ықтималды сема - ықтималды сипаттағы, эр түрлі жағдайда көрінетін сема. Түрақты семалар сөздіктерден негізгі орын алады, ал ықтималды семалар сөздіктерде "кейде, көбіне" сөздерімен беріледі. Ассертивті семалар - денотатқа ғана тэн, объективті белгілер, ал диспозиционалды семалар абстрактылы түрдегі идеалды денотатқа тэн, субъективті сипаттағы семалар. Мысалы, "Ымырт үйіріліп қалса да, элі жүлдыздар туа қоймаған шақ". (Д.И.Сонда). "Жүлдыз" сөзінде "түнде көрінетін", "жарқырайтын", "аспан денелері" ассертивті семалары бар. Осы "жүлдыз" сөзіне басқа мысал алайық: Айтшы, сонау көз үшында
жымыңдаған жұлдыздар мэңгілік пе?...Мәңгілік...Ол тағы күрсінді. - Олар бақытты." (Д.И. Сонда). Мүнда ассертивті семалар сақталмай, "алыс", "әдемі", "мэңгі өмір сүретін" диспозиционалды семалары айқындалып түр. Диспозиционалды семаға мыналар жатады: жатақхана - "шағындау, түрмысқа қолайсыздау"; мектеп - "у-шу"; балапан -"күнәсіз" т.б. Анық семалар - ап-анық түрде денотаттық сфераны шектеп тастайды. Бүлыңғыр семалар субъективизмге ие жэне мағына мазмүнын анық көрсетпейді. Бүл семалар көрсеткен денотаттық шеңбер басқа денотаттық шеңбермен дэл түсіп жатуы мүмкін. М: "Тілші” сөзінде анық семалар: "зерттеуші,
жазушы". Бүлыңғыр семалар "ғалым, журналист, газетші, профессор, академик т.б.". М: "үлкен” бүлыңғыр семасы "піл, үй, танк, үшақ, мүхит, көл, қала, т.б." сөздеріне қатысты. Позитивті сема - денотаттағы бар белгіні бейнелесе, негативті семалар - денотаттағы белгілі бір белгінің жоқтығын бейнелейді. Басқаша айтқанда, позитивті жағымдылықтан түрса, негативті жағымсыздықтан түрады. Мысалы, "Бойдақ" сөзінде "ер адам" позитивті семасы "үйленбеген" негативті семасы бар. Негативті сема сын есімде - сыз, -сіз жүрнағы жалғанған сөздерде айқын байқаладьғ
Зерттеушілер коннотаттық семаларды экспрессема, коннотема, прагмема деп эртүрлі атағанымен, біз сема атауын сол күйінде қолдандық. Коннотатгық семалар тіпге қатысы бойынша узуалды, окказионалды; мазмүны бойынша түрақты, ықтималды; көріну дәрежесі бойынша жағымды-жағымсыз семаларға бөлінеді. Узуалды семалар эмоциялы сөздердің бэрінде болады, ал окказионалды сема ауызекі тілде көрінеді. Окказионалды сема зооморфизм, ботаморфизм, архаизм, соматизм, варваризм, диалектизмдерде анық байқалады. М: қүзғын "тойымсыз, қасиетсіз"; хайуан -
"бүзақы, қылмыскер"; шикіөкпе - "болбыр, жас"; қаңғыбас - "жеңілтек, түрақсыз", күнбағыс -"жағымпаз" окказионалды семалары бар. Варваризмге мысал келтірелік: "-Сен бунтовщик - деді шарылдай бақырып. - Сен Садыққа шпион болған! Вот гнида Вот шакал(М.М. "Шақан Шері"). Окказионалды сема экспрессивті сөздерде түрақты жэне мазмүнына қарай жағымды, жағымсыз сипатта болады. Сүмпайы, алаяц, азгын, қаскүнем, мизүла, пацыр, далацтау, бажылдау т.б. сөздерде узуалды сема жэне сөйлеуде көрінетін окказионалды сема бар. Сондай-ақ, адгерентті жэне ингерентті типтен түратын экспрессия бар. Түсіндірме сөздікте эмоциялық белгісі бар сөздерде түрақты сема бар. Ал ықтималды сема ауысу арқылы пайда болып, ауызекі тілде айқын көрінеді. Мысалы, -Өтірік, өтірік - Ол айғайлап жіберді. (Д.И. "Пері мен періште"). "Өтірік" сөзінде "сенбеу" ықтималды семасы экспрессияланып түр. - 0, тірі өлік! Сенің кеудеңде намыс бар ма еді? (Сонда). "Тірі өлік" тіркесінде "жек көру" ықтималды семасы актуальданып тур. Жағымды, жағымсыз семаларда негізгі өлтттем "бағалау", сондықтан булардың коннотациялық қызметі ерекше. Мысалы, - Ау, мынау шортуыцды қашан жөндеп боласың? (Ә.К.). "Шортуыңды" сөзінде "менсінбеу" жағымсыз семасы бар... "Өзі де жігіттің сырттаны еді". (М.М.)- "Сырттаны" сөзінде "батыл, текті" жағымды семасы бар. - "Сүмелек, сорлы!" - деді ешқандай ашу- ызасыз. - Бейшара-ау, сендей ел бар ма, бет бар ма?” (М.М.). "Сүмелек, сорлы", "бейшара", "бет бар ма" сөздерінде "мүқату" жағымсыз семасы бар. Бүл семалар сын есім жүрнактары арқылы жасалған сөздерде туракты болады. Сонымен коннотаттық семалардың негізгі қызметі бағалаудан турады.
Достарыңызбен бөлісу: |