Библиографиялық сипаттама



бет4/6
Дата11.02.2022
өлшемі18.47 Kb.
#455282
1   2   3   4   5   6
Семинар

Ерекше қызметтері: ғылыми функция – тілдік белгілер (библиографиялық сипаттама арқасында Бредфорд заңдылығы, Кесслер, Смолла – Мариаков критериилері ғылыми коммуникация құрылымын жаңғыртуға жаңа ғылыми бағыттарды айқындауға т.б. мүмкіндік береді; библиографиялық функция – бұл да типті тілдік белгілерді қолдануды негізге алып, мысалға, ғылыми техникалық мақалалар көрсеткіштерінің толықтығын есептеуді, кітапхана қоры, олардың ескіруін қадағалайды. статистикалық фунция тобына, тіліне, белгілі бір білім саласына байланысты кітап, журналдар шығаруға анализ жасайды; меңгеру функциясы – ең оңай библиографиялық ақпаратқа бірлі-жарым түсініктеме берілмеген библиографиялық хабарламаларда болады. Ол нақтылы шешім қабылдауға қызығушылықты оятады; сәйкестендіру функциясы - өзінің құжаттық қорында ізденіс жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Библиографиялық сипаттаманың элементтері ГОСТ ережелеріне сәйкес қалыптасуға тиісті құжаттар мен библиографиялық сипаттама арасындағы теңестікті қамтамасыз етеді: ақпараттық бағыт көрсету функциясы - құжаттың мазмұнынан хабардар болуға мүмкіншілік туғызады; ізденіс функциясының мәні библиографиялық сипаттама, құжат іздеу, ақпараттық деректердің құралы болып табылады; адрестік функция – ақпарат құралдарының орнын көрсетеді;  сигналдық функция – ақпараттық ізденіс деректерінің бар жоғынан хабар береді. Бүгінгі таңда Ресейде библиографиялық сипаттама құруда төмендегідей мемлекеттік стандарттар жүйесі мен ережелері бар:

 ГОСТ7.1. – 84 құжаттың библиографиялық сипаттамасы: оны құруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.

 ГОСТ 7.11-78 (СТ.СЭВ 2012-79) Библиографиялық сипаттамада кездесетін Европа тілдеріндегі сөз тіркестері мен қысқарған сөздер. Библиографиялық жазба құруда:

 ГОСТ 7.12 – 93. Библиографиялық жазба. Орыс тілінде қысқарған сөздер. Жалпы талаптар мен ережелер.

 ГОСТ 7.80 – 2000. Библиографиялық жазба. Аты, жалпы талаптар мен оны құру ережелері.  ГОСТ 7.82 – 2001. Библиографиялық жазба. Электронды ресурстардың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен оны құру ережелері алғаш 1.07.2002 енгізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет