Библиографиялық сипаттама


БС-қа қойылатын талаптар. БС-ты стандартизациялау



бет5/6
Дата11.02.2022
өлшемі18.47 Kb.
#455282
1   2   3   4   5   6
Семинар

1.4. БС-қа қойылатын талаптар. БС-ты стандартизациялау.

Библиографиялық жазба құжат туралы мағлұмат, оның мазмұны мен құрамын библиографиялық іздеу мақсатында ашу үшін бағытталған библиографиялық ақпараттың элементі. Өңдеу нәтижесінде библиографиялық жазбаның элементтерінде жасанды және табиғи тілдерде білдіретін жаңа мәліметтер құрастырылады. Бұл элементтер ақпараттарды ретке келтіріп, оның мазмұны мен құрамын ашады.

Жазба:

- құжаттың негізгі сыртқы нышандары, оны теңестіретін,



- құжаттың мазмұнына қарайтын білім саласы,

- құжат мәтініндегі кілттік сөздер,

- негізгі тақырып,

- құжаттың неге арналғандығының мақсаты, нәтижесі,

- құжаттың тілі анықталады. Сонымен, библиографиялық жазба құрамына аты, топтамалық индексі, пәндік тараулары, қысқаша мазмұны, қосымша жазба жөнінде анықтамалар, құжаттың өңделу мерзімі т.б. енеді. Оның толықтығы туралы дәрежесі оқу құралын құрастырушы мекеменің мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Библиографиялық жазба талаптары мен ережелерін 07.01.2007 ж. Ресей мемлекеттік кітапханасымен бірігіп Ресей Кітап палатасы құрастырды. Стандарт 9 бөлімнен, 1 анықтамадан тұрады: қолдану саласы, нормативті сілтемелер, терминдер мен анықтамалар, жалпы ережелері, аты, тұлға аты, ұжым атауы, географиялық аты, анықтама. Жетіспейтін мәліметтерді нақтылау үшін анықтамалық басылымдар, библиографиялық оқу құралдары, кітапхана каталогтары, мәліметтер қоры, басқа да ақпараттық деректер пайдаланылады. ГОСТ 7.1. – 2003 жылы қойылған ережелер бойынша құрастырылады. Оны құру мен өзгерту талаптары мен ережелері оның тақырыбы мен элементтеріне байланысты. Библиографиялық жазбаның түрлері көпсалалы. Библиографиялық жазбаны қолдануға байланысты: - каталогтау жазбасы - кітапхана қорларын ашуға арналған әр каталог түрлері, - библиографиялық құралдар жазбасы - библиографиялық картотекалар, тізімдер, көрсеткіштердің құрамы, - ақпараттық басылымдар - ғылыми-техникалық органдар құрастыратын, ғылыми-іздеу қызметіне арналған рефераттық басылымдар, экспресс-ақпараттар, - жарнама өнімдері жазбасы – баспа басылымдарының қазіргі және жоспарланған басылымдары көрсетілген кітап саудасы ұйымдары шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет