Сараптамалық жұмыс№13
Химиялық анализдерді жүргізу
Сабақтың мақсаты – химиялық зерттеулерді жүргізуді игеру
Негізгі міндеттер:
Химиялық анализдердің түрлерімен танысу
Химиялық анализдерді тамақ өнімдерін зерттеу үшін қолдану
Химиялық анализдерді іске асыратыфн приборлар мен жабдықтарды талдау
Химиялық анализ– көп сатылы процесс. Кез келген объектіні анализдеудің келесі сатыларын бөліп көрсетеді: тапсырманы қою, анализдеудің әдістері мен схемасын таңдау, үлгі алу, үлгіні анализдеуге дайындау, өлшеуді жүргізу, өлшеу нәтижелерін өңдеу. Бұл бөлу шартты түрде: әрбір саты салыстырмалы түрде күрделі және көптеген жеке сатылардан тұруы тиіс.
Химиялық анализдің негізгі тапсырмасы – заттың мөлшерін анықтау, сондықтан алдымен анализдеу сатыларын қараудан бұрын зат мөлшерінің өлшем бірлігі мен концентрацияны көрсету жолдарын анықтайды
Тамақ өнімдерінің құрамы мен қасиеттерін анықтау үшін химиялық, физика-химиялық және физикалық әдістер қолданылады .
Шикізаттар, жартылай дүмбілдер мен дайын тамақ өнімдерінің сапасын өлшейтін қазіргі таңда қолданылатын өлшегіш құралдар мен әдістердің көбі зертханалық жағдайда жүйелік анализ жүргізуге бағытталған. Олар химиялық қайта құрылуға (преобразования) негізделген, бұл жағдайда әрекеттесетін заттар немесе реакцияның өнім мөлшері қарапайым, белгілі қасиеттері, масса немесе көлем сияқты өлшемдермен анықталады.
Бұл химиялық әдістер классикалық әдістер деп аталады. Оны қолдану көптеген өнімдердің құрамын зерттеуге мүмкінді береді. Алайда бұл әдістер мен өлшеуіш құралдар барлық жағдайда қажетті дәлдікте өлшеумен қамтамасыз ете алдмайд, көп жағдайда оларды жүргізуге көп уақыт кетеді, автоматты үздіксіз бақылауға, сонымен қатар өндіру процесі кезінде өнім сапасын басқаруға жарамсыз.
Анализдің физика химиялық әдістері химиялық әдістер сияқты сәйкес химиялық реакцияға негізделген. Химиялық әдістермен салыстырғанда физика химиялық әдістердің тән ерекшелігі деп заттардың басқа реактивпен әрекеттесуінен басқа электрлік токпен немесе өрістің әртүрлі түрі мен заттың сіңірілуімен әрекеттесуін айтады. Бұл мағынада физика химиялық әдістер физикалық әдістерге жақын.
Физикалық әістерде химиялық реакция болмайды немесе екіншілік мағынада қолданылады. Олар энергияның әртүрлі түрі мен заттардың күш өрісімен әрекеттесуіне негізделген.
Анализдің физикалық пен физика химиялық әдістер үшін ортақ болып заттардың оптикалық, электрлік және басқа қасиеттерін өлшеу үшін күрделілеу арнайы аппаратураны қолдану табылады. Бұл арнайы әдістер кейбір жағдайда жалпы атаумен аталады: аппаратуралық немесе инструментальдік.
Аналитикалық химияда академик Ю.А.Золотов анализ әдістері мен объектілерін келесідей бөледі: аналиттер; анализдің жеке облыстары (бүлінбейтін, үзілмейтін, дистанциондық, локальдік, заттық анализ және т.б.); анализді жүзеге асыратын құралдар; жалпы, сонымен қатар жалпы теориялық, аспектілі және бағыттық (анализ метрологиясы, үлгі алу теориясы, автоматизациялау принципі мен жолдары және т.б.). Аналитикалық химияның қазіргі заманғы даму сатысында анализдің әдістер блогында инструментальдік әдістер, ал жалпы теориялық блокта химиялық құрамды өлшеудің сапасын қамтамасыз ету құралы көбірек мағынаға ие болады. Инструментальдік әдістер аналитиктерге информатика әдістері мен мәліметтерді анализдеу теориясына негізделе отырып өңдеуге ұшырайтын, аналогтармен белгілі мәліметтер базасын салыстыратын, сақталатын үлкен сандық масситерді дайындап береді. Өлшеудің сапасын қамтамасыз ету аналитикалық химияның аванссахнасына өлшеудің нәтижесінен алынатын информацияның дұрыстығы мен дәлдігі мен көлемін арттыратын ерекше өзекті болатын проблемамен байланысты метрологиялық проблематиканы енгізеді. Бұл есепті шешуде компьютерлік бейімделген математикалық әдістерді интенсивті түрде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |