2. Темірғали Жүргенов – тарихи тұлға, қоғам қайраткері. (Темірбек Жүргенов)
Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап – 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Шөмекей руынан.
Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.
Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде оқыған.
Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.
1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.
1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді
Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.
1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.
1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды
1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.
1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.
1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.
1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары
1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары
1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров,Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.
1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. Мұхтар Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді.
1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған.
1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді.
Алматы мектептер мен көшелер
Қызылорда қ-ларында мектептер мен көшелер
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мектептер мен көшелер
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ж. есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар.
1998 ж. Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.
Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.
Шығармалары:
КСРО мен Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемасы, Қ.-О., 1927;
Политэкономия, Қ.-О., 1928;
Қазақ педагогикалық институтының бір жылғы жұмысы, Таш., 1928;
Мектептің түп кемшілігін кетіру үшін күрес, Таш., 1933;
Қазақстанда мәдениет революциясы, А., 1935;
Қазақтың халық ақындары, М., 1936;
Қазақстанда сауатсыздықты жою жұмысы туралы, А., 1936.
Деректі фильм- 2013 жылы “Темірбек Жүргенов” (фильм) режиссері “Қалила Умаров” Өндіріс: KalilaFilm.kz
Достарыңызбен бөлісу: |