Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі. Қазақ зиялыларының ұстанған ұстанымы



бет37/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93
Тарих билет

1. Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі. Қазақ зиялыларының ұстанған ұстанымы.
Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы.
Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды.
Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысышақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. Бұл өз кезегінде бұрын ұлттық езгіде болған халықтардың Уақытша үкіметке қолдау танытуын арттырды. 
Орталық Азия халықтарының Уақытша үкіметке қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, майданның тыл жұмысына адамдар алуды тоқтатуы және он алтыншы жылғы көтеріліске қатысушыларға кешірім жариялауы елеулі дәрежеде әсер етті. Дегенмен, Уақытша үкімет бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресейдің қатысуын жалғастыруды жақтады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік қатынастардың онан әрі шиеленісуіне алып келді.
5 наурызда Уақытша үкімет жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысын шығарды. Ресейдің басқа аймақтарындағы сияқты Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдары алғашқы кезеңде азаматтық комитеттер негізінде пайда болды. Бұл комитеттерді құруда бастамшылық облыс және уез орталықтарында тұратын орыс жұртының қолында болды және комитеттердегі басшы орындар да солардың үлесіне тиді. Сондықтан олардың құрамына енгендердің арасында ұлтаралық қатынас мәселесіне ескі патшалық әкімшілік көзқарасында тұрғандар көп болды. Міне, осындай жағдайда қазақтарға ескі әділетсіз патшалық билік жойылып, оның орнына жаңа билік келгенімен де, ұлттың мүддесін қорғайтын мекемелерсіз қалу қаупі туды. Сондықтан да азаматтық комитеттермен қатар ұлттық саяси элита өкілдерінің ат салысуымен облысы, уездік және болыстықдеңгейде қазақ комитеттері құрылды. Қазақ комитеттерінің өкілдері облысы және уездік азаматтық комитеттердің атқару органдарына мүше болып енді. 
1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысыныңкомиссары болып тағайындалды. Оның ұсынысымен Қостанай уезінің комиссары болып А.Бірімжанов, Торғай уезінің комиссары болып О.Алмасов, Ырғыз уезінің комиссары болып Ғ.Теміров бекітілді. 7 сәуірде Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды қамтамасыз ететін Түркістан комитеті құрамын бекітті. Мемлекеттік Дума мүшесі, кадет партиясының өкілі Н.Н. Щепкин төрағалық ететін Түркістан комитеті құрамында М.Тынышбаев, С.Мақсұдов, А.Дәулетшин секілді жергілікті ұлттық қайраткерлер болды.
Уақытша үкімет жағдайында Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси өмірі жандана түсіп, ұлттық саяси элита өкілдерінің белсенділігі артты. Қазақстанда облыс, уездік деңгейдегі қазақ съездері және бірінші жалпықазақ съезі өтті. Ресей деңгейінде Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өткізіліп, онда мұсылман халықтарының Уақытша үкімет жағдайында мүддесін қорғайтын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды. 17 маусымда Уақытша үкімет дала облыстарына земство енгізу жайлы қаулысын шығарды. Соған орай Орал, Ақмола, Семей, Торғай облыстарында земстволық мекемелерді құру қолға алынып, оларға қазақ өкілдерін енгізу жүзеге асырыла бастады. 7 шілдеде А.Ф. Керенский Уақытша үкіметтің төрағасы болып тағайындалды.
Тамыз айының соңында Уақытша үкіметтен билікті тартып алу мақсатында Л.Г. Корнилов бастаған бүлік болды. Бірақ Уақытша үкімет басшысы Керенский жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің көмегіне сүйеніп, бүлікті басуға қол жеткізді. Дегенмен, Уақытша үкімет ұзаққа созылған соғыстан туындаған әлеуметтік ауыртпалықтарды, әсіресе, азық-түлік тапшылығын шешуге дәрменсіздік танытты. Бұл өз кезегінде Уақытша үкіметке оппозициялық күштердің халық арасында беделінің артуына ықпал етті. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша үкімет Қазан төңкерісі нәтижесінде құлады. Билікке В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы келді де көп ұзамай елде Азамат соғысы басталды.
Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газетінің 9 наурызындағы санында: “Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Русия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш”-деп, бостандық күні туды деп жар салды. «Қазақ» газеті осы жылғы наурыздың 24 күнгі санында Минскідегі Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ қайраткерлерінің Қазақстанның сол кездегі негізгі орталықтарына жолдаған жеделхат текстін жариялады. Жеделхатта: «Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың-бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі-демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі »/2/- деп жазылған болатын. Жеделхаттан қазақ қайраткерлерінің саяси айқындамасы анық көрінеді. Олар, біріншіден, халықты жаңа үкіметті қолдауға шақырып, демократиялық республика ұранын алға тартты. Екіншіден, жер жөніндегі мәселелерді шешуді күн тәртібіне қоюды ұсынды. Үшіншіден, Құрылтай жиналысына дайындық жұмысын жүргізу арқылы ұйымдасуға, бірлесуге, сөйтіп, ұлт тағдырына қатысты мәселелерді шешуге үндеді. Майдан жұмысында жүрген қазақ зиялылары ”Ресей барша халыққа ағайындақ, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек,”- деп, М. Тынышпаев, А. Тұрлыбаев, Ә. Сатбаев, Т. Құнанбаев, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, Т. Шонанов, С. Ақаев, Қ. Қожықов және тағы басқа қазақ зиялылары жаңа үкіметке толық қолдау көрсетіп, соның шеңберінде ұлт тағдырына қатысты зәру мәселелері шешуге деген ұмтылыс байқатты. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жер-жерлерде бұқараның саяси белсенділігінің артуына ықпал етті. Революция қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Бұл мынадай жағдайларда айқын көрінді: біріншіден, билік мәселесін шешуде жергілікті жерлерде патша өкіметінің қойған адамдарының орнына революциялық рухпен қаруланған тұлғаларды тағайындау рын алды; екіншіден, кейбір 1 . Зор өзгеріс //Қазақ. 1917. №221. 9 наурыз. 2. Мұхамеджан. Учредительное собрание//Қазақ. 1917 №223. 24 наурыз. жерлерде әкімшілік басқару тәсілдері мен жалпыға белгілі либералдық жүйенің талаптарын шығару байқалды; үшіншіден, демократиялық бостандық, жалпы демократиялық негізіндегі ұлттық автономия үшін қозғалыстар күшейді; төртіншіден, өлкеде революциялық қозғалыс пен революциялық үгіт күшейді. Ақпан революциясының өзіндік ерекшелігі-елде қос өкімет орнады: буржуазиялық Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси билігінің ұйымдарын құрудың нақты негізі Мемлекеттік дума, қалалық думалар және әр түрлі комитеттер болып табылды. Уақытша үкімет биліктен отарлы әкімшіліктің әскери губернаторларын, генерал-губернаторларын, чиновниктерін аластатты. Олардың орнына облыстық комиссиялар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет тағы басқа құрылды. Болыстарда, ауыл мен селоларда сол баяғы болыстық және ауылдық басқарушылар, селолық старосталар, станицалық атамандар қалды. Уақытша үкімет облыстардың басшылығына патша өкіметінің бұрынғы шенеунік-отаршыларын, сондай-ақ қазақ зиялыларының өкілдерін де тағайындады. Мәселен, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссары болды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабарлар жергілікті жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару ұйымдарын құруды қолға ала бастады. Азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық ұйымдардың құрама атқару комитеті тәрізді қоғамдық негіздегі комитеттер патша өкіметінің билігі жойылған жерлерде дереу бой көтерді. Ақпан революциясының алғашқы күнінен 5 наурызға дейінгі аралықта, яғни Уақытша үкіметтің жергілікті үкімет ұйымдарын құру жайлы қаулысына дейін 29 губерниялық комитеттер құрылды. Сол кезеңде жергілікті билікті жүзеге асыруға тырысқан бұл ұйымдардың бұқарашылдығымен бірде-бір қоғамдық - саяси институт тең келмеді. Буржуазиялық-демократиялық революция ұлт аймақтарында жаңа әкімшілік жүйені негіздеу мен олардың өзін - өзі басқарып, билеу мүмкіндігін туғызды. Облыс, уезд болыс және ауылдарда Уақытша үкіметтің басқару орындары қалыптаса бастады. Бүкіл Ресейдегі тәрізді қазақ өлкесінде де Азаматтық комитеттер құрыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет