Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Республикадағы экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі



бет69/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93
Тарих билет

3. Республикадағы экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі.
Еліміз өзінің экономикасы, табиғи байлығы мен отын энергетикасындағы алымды қадамдары және әлемдік экономикалық үрдістерге белсене қатысуы тұрғысынан ғана емес, өзінің алып иелігі және көршілес елдермен аралас-құраластығы жағынан да әлем назарын ұдайы өзіне аударып келеді. Бәлкім, бұның бәрі тәуелсіз еліміздің әу бастан-ақ басты бағдарды ел экономикасын аяғынан тік тұрғызып, алдағы әрбір батыл қадамдарын экономикалық негіздерге ғана сүйене отырып жасағандығында шығар?! Қазақстан экономикасы, сөз жоқ, көпқырлы. Кешегі кеңестік дәуірдегі ел экономикасы да сан-салалы еді, бірақ тәуелсіздік дәуіріндегі мүмкіндіктер мен ел таңдауы, еліміздің іргелес жатқан көрші елдер және сыртқы әлеммен арадағы белсенді, әрі бейбіт қарым-қатынасы Орта Азиядағы Қазақстандай табиғи байлығы және Еуропа мен Азияның арасындағы экономикалық қатынастарға өте қолайлы еліміздің экономикалық тұрғыдағы дамуын жеделдете түскендігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп отыр.
Біз, әрине, қит етсе, жаһандық экономика, жаһандық экономикалық үрдістер, интеграциялық қатынастар, олардың біздің елімізге әкелер пайдасы және сол жаһандық экономикалық үрдісті дамудағы Қазақстанның айтарлықтай рөлі мен орны деп жатамыз. Дегенмен, біздің сол жаһандық экономикамен тығыз байланысымыздың өзі алып ел аймақтарындағы өңіраралық экономикалық қатынастардан бастау алып жатқандағын да естен шығаруға болмас. Бұл туралы өткен қазан айының алғашқы күндерінде Атырауда өткен Қазақстан-Ресей өңіраралық қатынастарының кезекті форумында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жақсы-ақ айтты.
Сан жылдар бойына елдің әр өңірлерінде Ресей губернияларымен арадағы өңіраралық қатынастар бойынша өткізіліп келген іскерілік форумының осы жолғы Атыраудағы кезекті басқосуы өте жемісті болып, онда тек екі елдің өңіраралық қана емес, еларалық экономикалық қатынастары мен екі жақты пайдалы келісімдер және алдағы экономикалық қарым-қатынастардың жәй-жапсарларына қатысты да талай өзекті мәселелер алға тартылды. Жалпы, ұзақ жылардан бері жүйелі түрде жалғасын тауып келе жатқан екі ел арасындағы өңіраралық қатынастардың екі елдің экономикалық дамуы мен интеграциялық үрдістеріндегі нәтижелі жемісі де айтарлықтай.
Қазақстан-Ресей өңіраралық қатынастары екі елдің экономикалық және стратегиялық бағыттардағы дамуларына кеңінен жол ашып, әу бастағы Еуразиялық идеядан ілкіде Кедендік одақ пен Еуразиялық Экономикалық қауымдастыққа ұласып, ақыры өткен мамыр айында Астанамызда тұсауы кесілген ЕЭО-тың өмірге келуіне жол ашқандығын да жақсылыққа жорыған дұрыс. Бәлкім, өңіраралық қатынастар Қазақстан мен көрші елдер арасындағы экономикалық мүдделілік пен бірлесіп бейбіт даму жолына түсудегі үлкен бір философияның құпиясы шығар, кім білсін?!
Олай дейтін себебіміз, Қазақстан өңіраралық қатынастарда тек бір іргелес Ресеймен ғана емес, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ экономикалық дамудағы Азия Жолбарысы - Аспанасты елімен де көптеген іскерілік байланыстар орнатып үлгерген болатын. Қытаймен арадағы қатынасымыз ел экономикасындағы өзінше бір үлкен емтихан да болғандығы анық. Ең алдымен, Қытайдың тілін табу, онымен тең дәрежеде іскерілік қатынастар жасап, іргелі байланыстар орнатуға қажетті ахуалдар қалыптастырып, белгілі бір дәрежеде Тынық мұхиты аймағында-ақ өз елінің экономикасын үнемі іргері қарай дамытып, ел тыныштығы мен ынтымағын сақтап отырған алып елдің Қазақстанға, Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне шығу мүмкіндіктеріне кәдімгідей назарын аудартып, соның өзін бертінде еларалық тұрақты геосаяси қатынастың негізіне айналдырудың оңайлықпен іске аса қоймағандығы тағы белгілі.
Осыдан аз ғана уақыт бұрын, Еуропа төріндегі Миланда өткен «Еуропа-Азия» форумында Қазақстанның аты ұлықталып, әлемдік экономикалық үрдістердегі маңдайы жарқыратылғандығы осындай өңіраралық қатынастардағы жетістіктерінің нәтижесі деуге толық негіз бар. Батыстағы жетістігін Шығыста да қатар дамытып отыру қазіргі Қазақстанның ілкімді экономикалық дамудағы бір ұтқыр әдісі деуге болар еді.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Батыс елдерімен арадағы экономикалық қатынастардағы батыл қадамдарынан Шығыстағы көршілері арасында да тартынған емес. Бұны, әрине, Қытай жағы қатты ескеріп отыр. Олардың біздің экономикалық қатынастардағы көп қадамдарымызды қолдап отырғандықтары да сондықтан шығар?! Осыдан аз ғана күндер бұрын, Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер мен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша Кіші комитетінің 7-ші мәжілісінде де Қазақстан мен Қытай арасында өңіраралық форумдар ұйымдастырудың жәй-жапсарына ресми түрде көңіл бөлінді.
Демек, бұл алда Ұлы Жібек Жолы бойындағы екі елдің арасындағы өңіраралық қатынастар жанданып, ежелгі Ұлы Жібек Жолының бойына шын мәнінде жан бітіп, экономикалық өрлеуге кеңінен жол ашылады дегенді де білдірсе керек. Ұлы Жібек Жолы - байырғы біздің бабаларымыздың жүріп өткен сара жолы. Ұлы Жібек Жолы бізді тәуелсіздікке дейін жетелеген, әрі осы жолдағы өз биік мақсатымызға жеткізген де жол. Ұлы Жібек Жолы, оның жаңғырған, жаңартылған формасы біздің қазіргі үрдісті экономикалық дамудағы басты бағыттарымыздың бірі деуге болар еді.
Ұлы Жібек Жолы - біздің алып экономикамыз бен үрдісті дамудағы жетістіктеріміздің қауіпсіздігіне берік негіз қалайтын да жол. Бұл жол - мәңгілік жолы. Мәңгілік Елдің мәңгілік тұғыры да әрдайым биік болуға тиіс. Біздің елімізде Мәңгілік Елдің ұлы мұраттарына қажетті барлық жағдайлар да жасалынып жатыр. Мәңгілік Ел өзінің мәңгілік мұраттарымен де мағыналы, мәнді. Мәңгілік Елге қызықпайтын ел жоқ. Мәңгілік Ел өзгелерге тек Мәңгілік жолдарды ғана ұсынады. Мәңгілік Ел - Біздің ел, міне, осындай!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет