Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы



бет77/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93
Тарих билет

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914жылғы 19шілдеде(1тамызда)басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі на-шар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді, Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жері көп, егіншілікті жаксы меңгерген және орыстың коныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дакылдарының егіс көлемі кішірейді. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдын егіс көлемі, 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, картоп -46,3%-ға қыскарды.
Соғыс жылдарында өлке егіншілігі жағдайының ерекшелігі - оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл еңгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің жөне түқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен ,жұмыс күшінің жетіспеуінен көрінді. Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген, орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да кұлдырауына әкеп соқты. Оған сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірдіі. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі кара саны кеміді. Мөселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болды, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетгі, осы кезең ішінде Ордада ірі қараның саны тиісінше 25%-ға кеміді.
Қазақтың мал шаруашылығы жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан да зардап шекті. Бұл жалпы мал санының азаюына өсер етті. 1913—1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алаптың ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартып алынды және жалға алуға дайындалды. Сонымен қатар, мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Патша үкіметі соғыс кажеттіктері үшін жергілікті халықган түйе, жылқы, сиыр жинады. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70мың жылкы, ІЗ мың түйе тартылып алынды .1914жылдың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы және ет енімдері тасып әкетілді.
Мал санының қысаруың тағы бір себебі казақ халқының армия қажеттіліктері үшін мәжбүрлеу төртібімен ет беруге міндетгі болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен кажеттіліктерін канағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылыктарындағы мал саны жылдан-жылға азая берді. Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.
1916 жылғы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халкына арнайы контрибуция салды. Оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнынатүсті. Көтеріліске катысқан-катыспағанына қарамастан олардың мал-мүлкі тартып алынды. Бұл орайда орыс шаруалары да
зардап шекті. Орыс селолары малының кемінде 90%-ынан айырылды. Көптеген қожалықтар мүлде жұмыс көлігі мен сауын малынсыз калды. Облыс үшін көшпелі шаруашылыққа да келтірілген зиян едеуір болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет