Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің даму тарихы. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы



бет71/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93
Тарих билет

2. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің даму тарихы. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы.
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады.
1925-жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов т.б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”, В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері. Кино өнері 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі — “Амангелді” картинасын жасап шығарды. Бұл фильмінде қазақ елінде Кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбекшілердің ерлікке толы күресі бейнеленеді. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп, толысқанын көрсетті. Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.
Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды. ХХ-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары Орт. Киностудиялардан Қазақстан өміріне аталған көркем фильмдер шықты. 1942 ж. «Мосфильм» және «Ленфильм» қосылып, Орталық біріккен киностудия (ОБКС-ЦОКС) деген атпен жұмыс істейді. Ұлттық кино өнері шеберлерінің Эйзенштейн, Пудовкин, Райзман, Бошаль, Вертов сынды орыс кино қайраткерлерімен шығармашылық бірлікте болуы қазақ киносының жаңа белеске көтерілуіне үлкен жәрдем тигізді. Қазақ халқының өмірін бейнелейтін фильмдер туды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет