Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


ХХ-ғасырдың 20-40-жылдарындаға білім беру мен мәдениет саласындағы қиыншылықтар мен жетістіктер



бет18/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93
Тарих билет

2. ХХ-ғасырдың 20-40-жылдарындаға білім беру мен мәдениет саласындағы қиыншылықтар мен жетістіктер.
XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. 30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады . Әділет» тарапынан Алматыда және бірқатар облыстарда 20-40-жылдары атылғандардың тізімі - «Книга скорби - Азалы кітап» жарық көрді. Қазіргі кезде мұндай кітаптар Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстары (3-басылым, 1996, 1999, 2004), Манғыстау облысы (1998), Актөбе облысы (1997) бойынша қайта басылып шықты, бұларда барлық қуғын- сүргінге ұшырағандар, оның ішінде атылғандар туралы деректі мәліметтер берілген. «Тағзым кітабы» («Книга скорби»), Карағанды (2001), Шығыс Қазақстан облыстары (2002) және басқа аймақтар тізімдері бойынша да жарық көрді. 1920 жылдардағы тарихи-мәдени жылнамадан Қазақстанды зерттеу қоғамы мен 1921 жылы ұйымдастырылып, А. Байтұрсынов басшылық еткен Ағарту халық комиссариаты Академиялық орталығының қызметі елеулі орын алады. Олар өз қатарына қазақтардың тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеген санаулы ғана ынталы адамдарды топтастырды. 1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрының, халық музыкасының тарихы зерделенген алғашқы кітаптар мен кітапшалар пайда болды [19]. Бұл жарияланымдардың авторлары іс жүзінде бұрынғыша партия-мемлекет органдарының қызметкерлері мен мәдениет қайраткерлерінің арасынан шықты. Олар халықты жаппай сауаттандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға, білім беру саласының кадрларын даярлау ісіне белсене атсалысты. Қазақстанның театр өнері мен оның қалыптасуының алғашқы қадамдары I. Жансүгіров пен Ғ. Тоғжановтың 1933 жылы жарық көрген «Қазақ ұлттық театры» кітабына арқау болды. 1930 жылдардың ортасында және екінші жартысында Қазақстанның мәдени өмірін зерттеу мен насихаттау мәдени-ағарту және идеологиялық қызмет органдары арқылы жүзеге асырылды,[20]. ал олардың басшыларының көпшілігі көп ұзамай 1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің құрбанына айналды. 1933-1937 жылдары Қазақстанның Ағарту халық комиссариатын басқарған Т. Жүргеновтің мақалалары мен сөздері, оның ішінде мәдени құрылысқа қатысушылардың I съезінде жасаған баяндамасының негізінде жазылған «Қазақстандағы мәдени төңкеріс» (1935) кітабы сол жылдардағы мәдениет пен білім беру тарихының маңызды құжаттық дерек көзі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет