Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы көш» бағдарламасы және қандастарымызыдың ата қонысқа оралу тарихы.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.
Билет 10
І-Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі.
ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы Қазақ АКСР-ң Одақтас республикаға айналу тарихын баяндаңыз.
«Болашақ» бағдарламасы және заманауи білім беру жүйесі.
І-Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі.
1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан – Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан – Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан – Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді.
Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 72-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді, және сол жайлы бастамалар көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |