Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


жылғы саяси партиялар: Шуро-Ислам Одағы, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы



бет20/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
Тарих билет

1.1917 жылғы саяси партиялар: Шуро-Ислам Одағы, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы.

Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде Алаш қозғалысы өмірге келген еді. Қозғалыстың басты тірегі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттық «Алаш» партиясы еді. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету: 1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; 2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды.


Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды.
Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.
Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет