1. XX-ғасыр басындағы қазақ зиялылары мен Қарқаралы петициясы.
Қарқаралы петициясының негізгі талаптары. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды.
Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Сөз сөйлеген, Якутияға жер ауд. Ж. Ақбаев, Орысшаға аударған-Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты. Ол 47 тармақтан тұратын.Оған 14500 адам қол қойған
2. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыстың негізгі бағыттары.
Жоғары оқу орындар тарихы. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды. А.Байтұрсынұлының тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді, 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды.
Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. 1932 жылы республиканың жоғары оқу орындарында 2 мың студент білім алды, оның ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |