Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


II- Жалпықазақ съезі Алаш Орда үкіметінің құрылуы



бет86/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93
Тарих билет

1. II- Жалпықазақ съезі Алаш Орда үкіметінің құрылуы.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы,С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы— Б.Құлманов.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген.
Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды: Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі (1917 ж. желтоқсан – 1920ж.) Алаш (немесе Ұлт кеңесі) 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II жалпықазақ съезінде сайланды. Съездің күн тәртібіндегі он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары Алаш автономиясын құру және оның үкіметін сайлау болды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді.
Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады 1920 жылы совет өкіметі күштеп таратқан Алашорда автономиясының негізін қалаған, туған елі мен жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялыларының түгелге жуығы кейіннен сталиндік зобалаң құрбаны болды. Ал олар көксеген тәуелсіздікке қазақ халқы тек советтер одағы күйреген 1991 жылдың соңында ғана қол жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет