Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Тәуелсіз қазақстандағы «мәңгілік ел» ұлттық идеясы және маңызы



бет90/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Тарих билет

3.Тәуелсіз қазақстандағы «мәңгілік ел» ұлттық идеясы және маңызы.
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді. «Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз. «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз (әсіресе жастар) білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет. Себебі, кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек. Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі – билік пен билеуші мемлекеттің даму стратегиясын, ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке жол бермеу керектігін, екіншісі – билік пен халық арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі екенін баса көрсету. Осынау ұстаным қазіргі Қазақстан үшін бейтаныс емес. Интеллектуалдық ұлы ізденіспен түзілген «Мәңгілік Ел» өздігінен, автоматты түрде биік технологияларды, материалдық игіліктерді, әлеуметтік инфрақұрылымды алақанымызға салмайды. Оның миссиясы – қоғамның бар саласындағы адам факторын ізгілікке, жасампаздыққа жегу. Ендеше еліміздің ілгері өркендеуіне септесетін ұлы жобалар мен бастамалардың, идеялар мен бағдарламалардың алтын діңгегі бола беретініне сенеміз.


Билет 34

  1. Алаш Орда үкіметінің сыртқы байланыстары туралы баяндаңыз.

  2. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстандықтар.

  3. Есімі ел тәуелсіздігі жылдары қайта жаңғырған тұлғалар.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет