Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Алаш орда үкіметінің сыртқы байланыстары туралы баяндаңыз



бет91/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Тарих билет

Алаш орда үкіметінің сыртқы байланыстары туралы баяндаңыз.

Қазақ хандығы мен мемлекеттік билік жүйесі бірнеше ғасыр бойы қалыптасып, ұлттық мүддені қорғау мен жүзеге асырудың мол тəжірибесінің жинақталуы, Алаш зиялыларына XX ғасыр басында Ресей құрамында автономия түрінде өз мемлекетін құрып сыртқы байланыстарды қалыптастыруына мүмкіндік берді. Алаш үкіметін жариялаған 1917 жылғы желтоқсандағы Екінші жалпы қазақ съезінің шешімдерінде сыртқы байланыстар орнату маңызды мəселе ретінде көтерілді. Съезд Алашордаға: а) қарыздар алуға; б) басқа автономиялық көршілермен бірлесіп келіссөздер жүргізуге уəкілдік берген. Бұл жағдайда келісім жасау құқығы: «Алаш» Құрылтай жиналысына жүктеледі - деп көрсетті.
Ресейдің ішкі аумағында 1917 жылы 29 қарашада Башқортстан автономиясы жарияланып 1919 жылдың 18 ақпанына дейін өмір сүрді. Бұл үкіметке З.Уəлиди басшылық жасады. Алашорда басшылары осы үкіметтермен келіссөздер жүргізе отырып, қазақ мемлекеттігін мойындатуға барлық əдіс амалдармен күш салды. Алаш басшылары Ресей жеріндегі уақытша əскери үкіметтерден болашақ қазақ əскерін құру үшін қару-жарақ пен қазақ сарбаздарын əскери өнерге үйрететін мамандар алуды мақсат етті жəне бұл істе едəуір нəтижеге қол жеткізеді. Алашорда басшылары сыртқы күштермен қатынастарында қазақ өлкесін автономиялы басқаруға күш қол данбай, қан төгіссіз, конституциялық жолмен, саяси күрес əдісі арқылы жетуді мақсат етті.
Алаш үкіметінің тапсырмасы бойынша 1918 жылы наурыз айында Халел Досмұхамедов пен Жаһанша Досмұхамедов Мəскеуге барып Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В. И. Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. В. Сталинмен кездесіп Екінші жалпы қа зақ съезінің қаулысын табыс етеді. Келіссөздердің барысында Алашорда жетекшілері Кеңес өкіметі басшыларының талап етуі бойынша Кеңес өкіметін «Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік үкіметі» деп тануға мəжбүр болады.


2. Кеңес одағының батыры атанған қазақстандықтар мен партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстандықтар.
Ұлы Отан соғысы тарихында партизан қозғалысы маңызды орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағы 11527 жауынгерлер, партизандар мен астыртын қимыл жасағандарға берілген екен. Оның 194-і осы атақты екі мәрте алғандар.
Партизандар жау гарнизондарына шабуыл жасап, соғыс техникасын, көпірлерді, қару-жарақ қоймаларын жарып, байланыс желілерін істен шығарды, жаудың әскери эшалондарын қиратты. Осының бәрі жаудың ілгері жылжуына мүмкіндік бермей, қыспаққа алды.
Партизан отрядтарымен қатар қалалар мен селоларда, аудан орталықтарында ірі теміржол станцияларында, кәсіпорындарда астыртын әскери топтар құрылды. Астыртын топтар алғашында үш-он адамнан құралса, кейін адам санының көбеюіне байланысты өзара бірігіп үлкен ұйымға айналды.
Соғыс жылдарында жау тылында 6200 партизан отряды мен астыртын әскери топ қимыл жасады, олардың құрамында 1,1 млн. аса партизан болды.
Ленинград облысындағы партизан отрядтарының құрамында 220 қазақстандық ерлікпен күресті. Белоруссияда шайқасқан 65 бригада мен отрядтар құрамында бір жарым мың қазақстандық болған. Кеңес Одағының екі мәрте батыры С.А. Ковпактың партизан құрамасында 70-тен астам қазақстандық болды Украинадағы партизандық құрамалар мен отрядтарда 1500 қазақ ерлікпен шайқасқан.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет