тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп
манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды.
Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты.Осыдан
кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық
қалашығының жанына келеді, бірақ, Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп
ұзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап
тағы да манифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасап оны
ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып негізгі күшін алып Орынборға қарай
кетеді. Жол бойында Чернореченск, Татищев бекіністерін басып алады.Қазақ
жасақтары
Жайық
қалашығына,
Озерная,
Сахарная,
Кожехаров,
Красногор
дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жасайды. 1773 жылдың 5 қазанында
Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған
қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады.
Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын.
Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау
көрсетті.1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 50 қазақ жасағы
Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаған қазақтар редутке
шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек жəне Дəуітбай тархан қатысты.Пугачев
көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл
көтерілісті басуға патша əкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы əскер жіберді.
Жазалаушы əскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев
бастаған көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы əскер
көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бұған
шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, бас сауғалайды.Ал, 1775 жылдың
жазына қарай Кіші жүз өңірінде “Көрінбейтін адам” немесе Көктемір туралы аңыз
тарайды. Бұл аңыздың таралуы барысында күйеуі Сейдалы сұлтанның қолдауына
сүйенген Сапура Мəтенқызы “Көрінбейтін адам” атынан үндеу таратып, жанына жасақ
жинап күзге қарай көтеріліске шықты. 1776 жылдың көктемінде Сейдалы сұлтан
бастаған көтерілісшілер отряды жазалаушы əскердің құрамында болған башқұрттарға
шабуыл жасады. Сапура Мəтенқызы бастаған көтерілістің өрістеуі барысында оған
қатысушылардың саны 10 мыңға дейін жеткен болатын. Көтерілісшілер Гурьев пен
Кулагин бекінісінің аралығындағы жерлерге топтасып Ресейге қарсы күресуді
ойластырады. Жоғарғы Орал, Ор, Елек, Орынбор бекіністеріне шабуылдар жасайды.
Бірақ, уақыт өте келе көтерілісшілер арасында өзара келіспеушіліктер туындап, Досалы
сұлтан Ресейді қолдап кетеді. 1776 жылдың жазында жазалаушы əскердің күшімен
көтеріліс аяусыз басып тасталды. Сапура Мəтенқызы бір топ жақтастарымен
далаға
ішкерілей ене отырып
, жасырынуға мəжбүр болады
Достарыңызбен бөлісу: