кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың
адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды
құраған.Аштық əсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж.
Маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола
губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа əкетілді. Қазақстан
Ресейдің Мəскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің
ашығушыларына көмек көрсетті.Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан
аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дəннің 60% Кеңес
өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен
құралдарын сатып алу үшін 25 млн. Сом қаржы бөлінді.Түркістан
ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық
ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы
ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді.1921– 1922 жылғы аштықтың
салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары
тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін
тастап
көршілес
аймақтарға
көшіп кетті. ЖЭС – тің жалпы
қорытындылары: •Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
•Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. •Бұл саясат аяғына дейін
жеткізілмеді. •Өнеркəсіп артта қалды, дамымады. •Жаңа экономикалық
саясат бұрмаланды. •Саяси өмірде демократия бұрмаланды. •Еркіндік
мүлде болмады. •1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Достарыңызбен бөлісу: