билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек



бет10/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Жауап хирург

Клиникалык корінісі: коз кабактары ісінген, тыгыздалан, ыстыры котерілген, кабактардын терісі кызарган. Хемоз байкалады, кейде конъюнктива, коньюнктива кабынан сыртка шырып, кабактар арасына кыстырылы калады. Коз алмасы ілгері гыскан, кимылдауы шектеулі немесе болмайды, диплопия болуы мумкін. Кабыну процесі кавернозды куска тарап, унгірлі кустын тромбозы дамып, арі карай менингит, ми абсцесі, сепсис дамуы ыктимал. Бул жанғдайды уакытында диагностикалап жане антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын жедел колдантанда аскынулардын алдын алуга болады.
Емдеуі шуғыл жадайда жургізіледі. Негізгі емдеу адісі хирургиялык жолмен. Кабыну суйыктытынын агысын жаксарту жэне тіндердін керілуін азайту ушін коз уясын кенірек ашады жане дренаж аркылы антибиотик енгізеді. Сонмен катар, кен спектрлі антибиотиктерді иньекция турінде немесе ішуте береді. Косымша
сульфаниламид препараттарын, аскорбин кышкылын улкен дозада
енгізеді.

6-БИЛЕТ
1) Кеуде қуысының жарақаттары. Клиникалық белгілері мен диагностикасы. Алғашқы көмек


Кеуденің зақымдануы ашық және жабық болып бөлінеді. Бұл екі жағдайда да олар ішкі мүшелер (өкпе, жүрек және тамырлар) қоса зақымдануы мүмкін. Жабық зақымданулар ауырлықтары алуан түрлі болады. Егер жұмсақ ұлпалар ғана зақымданатын болса онда мұндай зақымданулар жеңіл деп есептеледі. Кеуде ішіндегі мүшелердің қоса жарақаттанатының есептемегеннің өзінде сүйектердің, қабырғалардың, төстің, жауырындардың және тағы сол сияқты зақымдануларының өзі ауыр жарақаттанулар қатарына жатқызылады.

Қабырғаның сынуы қатты затқа соғылғанда немесе екі бүйірінен, артынан алдына, алдынан артына қарай қысылғанда болады. Көбінесе қабырға сыну қарт адамдарда жиі кездеседі. Қабырғалар артынан алдыға қарай сығылғанда немесе алдынан артына қарай сығылғанда қабырғалардың қолтықтың астындағы жері (подмышечная линия) сынады. Кеудені қысқан салмаққа байланысты бір кейде екі, үш, төрт, оданда көп қабырғалар сынуы ғажап емес. Қабырғаның сынуымен бірге кейде сүйек те сынып кетеді. Бұндай үлкен жарақаттар жол апатына түскен адамдардың арасында жиі кездеседі. Клиникалық белгілері: жарақаттанған жер қатты ауырады, ауыруы дем алғанда үдей түседі. Көп қабырғасы сынған науқастың қабырғасы сынған жері кеуде қуысының ішіне опрылып түсіп тұрғандықтан, дем алғанда ол жер керісінше дем алады, бұл әдеттен тыс (парадоксальное дыхание) дем алу деп аайды.
•Ішке дем алғанда сынған қабырғалар кеуде қуысына батып кетеді, ал өкпеден сыртқа дем шығарғанда ол қабырғалар сыртқа былтиып шығады. Осыған байланысты науқастың дем алысы бұзылып, егер кеуденің екі жағында бірнеше қабырғалар сынса бұны қабырғадан болған, “қақпақ ”(реберный клапан) деп аталып, жүрек соғысы дем алуын өзгертеді.
•Қабырғаның сынған өткір бастары өкпені жарақаттап, кеуде қуысына қан жиналу (гемоторакс), ауа жиналса (пневмоторакс) кейде қан аралас ауа асқынуларына әкеліп соғады. Кеуде қуысына жиналған ауа шығатын жері жоқтығынан жарақаттанған өкпенің түбіріне (корень) қысып дем алғызбайды, кеуде қуысындағы (средостение) мүшелерді: кеуде қолқа тамыры,өңешті, өкпенін қызметін нашарлатады.
•Сынған қабырға жақтағы өкпе дем алмағандықтан оған қықырық, басқа да сулар (эксудаттар) жиналып сулы өкпе (мокрое легкое) ауруына әкеліп соғады.
•Кеуде қуысына жиналған ауа кеуде терісінің астына, мойынға, бетке тарап ол жерлерде тері асты эмфиземасы (подкожная эмфизема) п.б. осындай жарақат алған адам дем алысы нашар, аузының кілегейлі қабығы, терісі сұрланған, отырып дем алған жөн көреді. Жүрек соғысы жылдам (тахикардия).

Соңғы қабырғалар (Х-ХІІ қабырғалар) сынғанда бауыр, көк бауыр жарақаттануы мүмкін, іш қуысна тексеруулі естен шығармау. Жарақаттанған адамның аурыуын табу үшін рентгенге түсіріп, қабырғаның қай жерлерін сынғанын, неше қабырға сынғанын, кеуде қусына жиналған ауа, қан анықталады.
• Емі. Қабырғаның сынған жеріне 10 мл 1%новокаин ерітіндісі жіберіледі. Көп қабырғалар сынып ауыр жағдайда жүрек жұммысын жақсарту үшін кордиамин, корглюкон, өкпе қабынуның алдын алу үшін пеницилин, тетрациклин, антибиотииктері, сульфаниламид дәрілері беріледі.
• Кеуде қуысының ішіне сынып, оның ішіне түсіп кеткен қабырғаларды лейкопластарлық таңғышпен көтеріп таңып қою қажет. Қабырғасы сынған көкірекке дәке салып қысып байлау дұрыс емес, ол науқасқа дұрыс дем алдырмай өкпенің қабынуына әкеліп соғады.
Гемоторакс, пневмоторакс болған науқасқа кеуде қуысын инемен тесіп (пункция) жиналған ауаны, қанды сыртқа шығарады.
• Ол көмек бермеген жағдайда кеңірдекті тесіп тыныс түтігін (трахеостомия) орнатылады, кеуде қуысына (средостение) қойылады.
•Көп қабырға сынып қабырға клапаны ауруына шалдықса, ол қабырғаларды орнына дұрыс қоятын оперативтік жолды пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет