билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек



бет8/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Жауап хирург

2. Созылмалы ағымы – бөгде заттың тыныс алуға əсер етпей кеңірдек жəне бронхыларда орнығуы, ателектаз жəне эмфизема белгілері жоқ, тек қана бөгде заттың орныққан жерінде қабыну үрдісі жəне сол жердің дренаждық функциясының бұзылуымен əйгіленетін пневмониямен сипатталады.
Диагностика критерилері
1. Кенеттен басталатын асфиксия. Дені сау адамда кенеттен тұншығу сезімінің пайда болуы. Бөліктік обструкция кезінде - дауыстың шықпай қалуы немесе мүлдем жоғалуы.
Толық обструкция кезінде науқас сөйлей алмайды, тек қолымен мойнын көрсетіп белгі береді. Гипоксияның жылдам дамуы науқастың есінен танып, құлауына алып келеді.
2. Тағам қабылдағаннан кейін, ұстама тəрізді кенеттен басталған «себепсіз»жөте.
3. Бөгде зат жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрып қалса - инспираторлы, ал бронхтарда болса - экспираторлы ентігу болады.
4. Ысқырықты тыныс.
5. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатын бөгде заттың зақымдауына байланысты қан қақырудың болуы.
6. Өкпе аускультациясы кезінде – тыныс шуыдарының біржақты немесе екіжақты əлсіздігі байқалады.


Негізгі жəне қосымша диагностикалық тексерулер тізімі:
1. Анамнез жинау жəне шағымын сұрау.
2. Сырттай қарау.
3. Тыныс алу жиілігін өлшеу.
4. Өкпе аускультациясы.
5. Жүрек соғуының жиілігін өлшеу.
6. Артериялық қан қысымын өлшеу.
7. Жоғарғы тыныс алу жолдарын қосымша жарық түсіріп, шпательмен, айнамен қарау.
Ем мақсаты:
1. Өлімнен аман қалу.
2. Шұғыл түрде тыныс алу функциясын қалыпқа келтіріп, науқастың жағдайын жақсарту.
3. Тыныс алу функциясын оңтайлы деңгейде ұстап тұру.


Дəрі-дəрмексіз ем
Тек, науқастың өміріне қауіп төндіретін өршу ЖТЖ-де тыныс алу жолдарынан бөгде затты алып тастауға əрекеттену керек.
 
Бөгде зат жұтқыншақта болса – корнцанг немесе саусақпен алу əрекетін жасау.
 
Бөгде зат кеңірдекте, көмейде, бронхтарда болса – науқастың есі ауыспаған жағдайда, жоғары тыныс алу жолдарынан бөгде затты, науқастың арқасынан ұрып немесе абдоминальдық - диафрагмалық сығып-сығып қалу (Геймлих əдісі) əдісімен шығарып жіберуге тырысу. Бұл əдістерді демді ішке терең алған сəтте жасау керек. Нəтиже болмаған жағдайда – коникотомия жасау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет