2) Блефарит. Этилогиясы. Клиникалық белгілері. Емі
Блефарит — қабақтық кірпік шетінің қабынуы. Ауру ұзақ уақыт жылдар бойына созылуы мүмкін.
Блефариттің себептері әртүрлі. Аурудың дамуына әсер етуші факторлар: авитаминоз, анемиялар, диатездер, асқазан-ішек аурулары, глист инвазиясы, эндокриндік аурулар, зат алмасудың бұзылуы, қант диабеті. Ауру көбіне кариеспен, созылмалы баспамен, аденоидтар- мен қатар дамиды. Сонымен қатар, блефариттің дамуына қосымша әсер етеді: рефракцияның аномалиясы, сыртқы ортаның жағымсыз әсері — шаң-тозаңдар, түтін; май және мейбомиев бездерінің гипер-секрециясы.
Блефариттің инфекциялық себептері: стафилококктар, стрептококктар, қарапайым герпестің вирусы, патогендік саңырауқұлақтар.Бұл кенелер үй жануарларында кездеседі (қойлар, сиырлар, шошқалар, иттер).
30–40 жастағы адамдардың кенеден жұқтыруы 100%-ға дейін жетуі мүмкін. Алайда паразиттер мен организмнің қорғаныш күштері арасындағы теңдік нәтижесінде адамдардың көпшілігінде демодикоз жетілмейді.
Науқастарда көздің қышуы, қабықтардың күйіп ауруы, көзде бөгде зат тұрғандай сезім, шаң-тозаңға, жасанды жарыққа жоғары сезімталдық, көздің шаршауы байқалады.
Мейбомиев блефариті. Қабақ шетінің қалыңдауымен, қызаруы- мен, асқынған жағдайда кірпіктердің түсіп қалуымен байқалады. Көз қуысының бұрыштарында, ақшыл көбікті қою секрет бөлінеді (Мейболиев безінің секреті). Қабыршақты блефаритте кірпіктің түбіндегі терісі ақшыл сұрғылт түсті қабыршақтармен жабылған, қабыршықтарды алғанда астында қызарған жұқа тері көрінеді.
Ойық жаралы блефарит балаларда және жас адамдарда жиі кездеседі. Қабақтың шеттерінде, кірпіктің түбінде сары қабықтар кірпіктерді бір-біріне жабыстырып тұрады. Қабықтарды алып
тастаса, орнында кішкене ойық
жаралар қалады. Осы ойық
жаралар жазылғанда, орнында тыртықтар қалып, кірпіктер
дұрыс спейді (трихиаз). Қабақ
шеттері деформациянады, шеті
ішке қарай бұралады.
Блефариттердің емделуі.
Ойық жаралы блефарит Жалпы емдеу шаралары: витаминге бай тамақ рационы,
Қосымша ауруларын емдеу, ауыз қуысын сауықтыру, рефракция
аномалиясын түзету, дегельментизация жүргізу. Жараны емдеу: май- сыздандыратын және дезинфекциялайтын препараттар.
Мейбомиев блефаритін емдеуді қабақтың массажымен қатар жүргізеді. Қабақтың массажын 2–3 апта бойына жүргізеді. Массаж жүргізу алдында қабақтың шеттерін спиртпен немесе спирт-эфир қоспасымен майсыздандырады.
Массаж жүргізіп болғаннан кейін, қабақтың шеттерін спиртпен немесе бриллиант көгімен майлайды. Қабақтың шеттерін өңдеу
Көз қимылдатушы аппарат патологиясы. Қабақ аурулары ушін түймедак және тырнақгүл (календула) тұнбасын қолдануға
болады.
Ойық жаралы блефаритте, кабактын кірпікті шетінен барлык
кабыктарын жылы нитрафуралга (1:5000 фурацилинге) малынған
мақта тампонмен сүртіп түсіреді, сонан сон антибактериялык тамшы-дарілер тағайындайды: 0,3% левофлоксацин (офтаквикс),
0,3% ципрофлоксацин 0,3% норфлоксацин (нормакс) 0,3% тобра-
мицин (тобрекс) ертінділерін куніне 4-6 рет козге тамызады
10-20% сульфацетамид жане майлар (1% тетрациклин, 2% фура-
цилин) жағады. Егер ірінді қабықтар болмаса, қабақ шеттерін
кортикостероид майлары мен (0,5-1% гидрокортизон майы),
0,1% дексаметазон ертіндісі (максидекс) немесе күрделі қоспалар:
тобрамицин + дексаметазон (тобрадекс) қолданады. Сонымен қатар, УЖТ (УВЧ)-терапия УКС, антибиотиктер, витаминдермен,
алоэмен электрофорез жақсы нәтиже береді.
Demodex кенесінен болған блефаритте демалон майын пайдаланады. Алдымен қабақтарды тен көлемдегі спирт және эфир қоспасымен арасына 15 минут салып екі рет өндейді. Содан кейін таяқшадағы тампонта жарылан майды қабақтын шетіне жағады Кешке көзді сабынды жылы сумен жуып, кептіріп, процедураны қайталайды. Емдеу курсы: 30-45 кун. Науқасқа күніне 2 рет дегтярлы сабынмен жуынуга кеңес береді.
Достарыңызбен бөлісу: |