билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек


-БИЛЕТ 1) Бұғана сүйегінің сынықтары. Этиология.  Клиникасы. Симптомдары. Диагностикасы. Емі. Алғашқы көмек



бет12/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Жауап хирург

7-БИЛЕТ


1) Бұғана сүйегінің сынықтары. Этиология.  Клиникасы. Симптомдары. Диагностикасы. Емі. Алғашқы көмек


Бұғана сүйегінің құрылымы ашық немесе жабық түрде бүтіндігінің бұзылуы.
Тікелей емес механизм: жазылған иық немесе шынтақ буынымен қолды тіреп құлау.
Тікелей механизмі: бұғана аймағын затпен соғу немесе құлау арқылы соғу.

1. Жабық бұғана сынығы:
- сүйек жарықшақтарының ығысуынсыз;
- сүйек жарықшақтарының ығысуымен – асқынбаған жəне асқынған (бұғана асты қан тамырының зақымдалуы плевра ішіне қан кетулер немесе күштенген гематоманың түзілуімен жүреді).

2. Ашық бұғана сызығы – асқынбаған жəне асқынған (сыртқы немесе плевра ішіне қан құйылумен жүретін бұғана қан тамырларының зақымдануы).

Бұғананың сынуы көлденең, ұзынан немесе көп жарқыншақ болады. Бұғаның сынығы көлденең жас талдың сынығындай (по типу зеленой ветки) жарылып жартылай сынады. Сүйектің басы теріні тесіп өтсе оны ашық сынық дейді.
•Бұғана сынғанда оның астында орналасқан қан тамырларын, жүйкелерді, өкпенің қатты сіңір қабығын(вицеральная плевра) және өкпенің ұшын (верхушка) жарақаттануы мүмкін.
• Клиникалық белгілірі: сынған жер ауырады, іседі қанталайды, бұғана сынған жақтағы қолын науқас қозғай алмайды.

Бұғана сынуы кезіндегі симптомдар: •Бұғанамен құлаған немес соққы алған жағдайда иық буынындағы бірден басталатын ауру сезімі •Ауырсынуына байланысты қолын көтере алмау •Жарақаттанған қолды көтерген кезде қысылу сезімі

Негізгі диагностикалық шара: рентген.

Емі: сынған жерге 20 мл 1 процент новокаин ерітіндісін жіберіп, сынған жерді орнына түсіреді. Сынған сүйектерді орнына ұстау үшін мақтамен марліден жасалған Дельбе шиыршығын (кольцо) қолданады
•Дене шынықтыру емі қолдың ауруы басылғаннан кейін басталады. Дельбе шиыршықтарын екі қолға кигізіп, бұғананың сынған жерінен келтіріп бастырып науқастың арқасынан резеңке түтікшелермен тартып ұстатады, кейде Крамер жақтауын үш бұрыш жасап бұғананың сынған жарқыншақтары осы жақтаумен ұстатады, немесе гипстен жақтау салуға болады.
•Бұғана көп сынықты болып бірнеше жерінен сынса операция жасап сынған жарқыншақтарды темір шегелермен, сыммен, танталдан жасалған шегелермен ұстанады. Жұмысқа 6-8 жұмадан кейін шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет