Билет Түргеш қағанаты


) Болашаққа саналы көзқарас бағдарламасы



бет10/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

3) Болашаққа саналы көзқарас бағдарламасы
2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының мәні.
Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда:
•Рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшу.
«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру. тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр.
Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.
25-билет

  1. Ғұн мемлекеті

  2. Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.

  3. Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.

  4. Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.

  5. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

  6. Қытай жылнамасында б.з.б. 4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.

  7. Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды. Б.з.б. 3 ғасырдың соңында Цинь патшалығы шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Ұзындығы – 4000 шақырым, биіктігі – 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

  8. Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі Мөде шаньюйдің тұсы. Мөде шаньюйдің жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды. Олар оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығын қамтиды.

  9. Мөденің тұсында ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды жеңіп, бағынышты етті. Сөйтіп, Байкалдан Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі аралықта Ғұн мемлекеті құрылды.

  10. Ғұн мемлекеті б.з.б. 1 ғасырдың ортасында (б.з.б. 55жылы) оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулетінің қол астына қарады.

  11. Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи-Чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа жылжыды.

  12. Солтүстік ғұндар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жеріне келіп, олармен бейбіт келісімге келеді. Нәтижесінде Чжи-Чжи бастаған ғұндар Талас өзенінің шығысында көшіп-қонуға мүмкіндік алды.

  13. Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұндардың келуінің екінші толқыны б.з. 1 ғасырында басталды. Олар алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай ығыстырды. Ғұндар жылжи отырып, Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет