Билет Түргеш қағанаты


-билет 1)қарлұқ мемлекеті, саясаты, мәдениеті



бет40/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

19-билет
1)қарлұқ мемлекеті, саясаты, мәдениеті
Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер Vғасырдаолардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Суяб қаласы болды. Екінші астанасы Баласағұн. Бұл екі қала да Шу бойында орналасқан. ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталды.Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.Қалыптасқан тарихи және географиялық жағдайларға байланысты қарлұқтар Қазақстан мен Орта Азияда орналасқан түріктердің ішіндегі отырықшылыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік. Әсіресе,қарлұқрар тұрған жер өзге халықтар мекендеген жерлерне қарағанда бау-бақшалыққа қолайлы болды. Қарлұқтар тұсында Іле аңғарында Күнғұт, Талһир (Талғар) сияқты мәдениетті қалалар болса, Шу мен Талас өзендері бойында Құлан, Мерке, сияқты жаңа қалалар пайда болды. Бұл қалалар негізінен бекініс-қорған ретінде салынды.Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батысты жалғастыратын көне керуен жолдарының бойына орналасты. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетінің өсуімен бірге сырттан басқа діндердің келуіне де қолайлы жағдай жасады. Ислам дінін қолдаушылар көбейді.Мәліметтерге сүйенсек халқы ең тығыз қоныстанған және ең бай жер болған. Онда қалалар мен қала қоныстары өте көп. Қарлұқ елінде жиырма бес қала мен қала қонысы болған. Қалалардың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Ірі қалалары Тараз бенИспиджаб.766 жылы құрылған Қарлұқ мемлекетінің билеушісі ябғу лауазымына ие болса, 840 жылдан Білге Күл Қадыр өзін қаған деп жариялады. Кейін Қарахан мемлекетінің қағаны болатын да осы Білге Күл Қадыр.Қарлұқтар құрамына үш ірі рулық бірлестіктер Бұлақ, Жікіл және Ташлықтар кірді. Араб, парсы деректеріне сүйенсек Жетісуда құрылған қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі түрлі тайпалар жікілдер, бұлақтар, тухсилер, аргулер, барысхандар,
оғыздардың қалған топтары кірген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет