Билет Түргеш қағанаты


-18ғасырдағы рухани және материалдық мәдениеті



бет39/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

16-18ғасырдағы рухани және материалдық мәдениеті

XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті – өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.


Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.
XVI-XVIIғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе, XVI-XVII ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті XVI-XVII ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. XVI-XVII ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетай.
XVI-XVII ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасшылары.
Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй.
Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.
Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.
Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.


  1. 1985-1991 қайта құру. Горбочев реформасы

  2. 1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процесстері басталды. Қайта құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М. Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық және саяси реформаларға бастама болды.Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу көзделді. Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың рөлін кеңейту еді. Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды. Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет