Билет Түргеш қағанаты


ҚР сыртқы саясат басымдықтары. Халықаралық ұйым ынтымақтастықтары



бет38/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

ҚР сыртқы саясат басымдықтары. Халықаралық ұйым ынтымақтастықтары

ҚР саясатыбелсенділігіментепе-теңдіксақтауғаұмтылысыменсындарлы сұқбат жүргізугеталпынысымен және көпжақтыынтымақтастыққабағытталғандығыменерекшеленеді.Халықаралықаренадамемлекетімізөзініңьарихи,геосаясаттық,экономикалық,фаткорларынабайланнысты көп ғасырларбойысыртқысаясатынхалықаралықынтымақтастық,көршілесмемлекеттерментатуластық және олардыңаймақтықбіртұтастығынқұрметтеупринципіненегіздепдүргізіпкеледі.1991жтәуелсіздк алған сәттенбастапбіздің республика әлменің 130 мемлекетімендипломатиялыққарым-қатынасорнаттв.Бүгінгікүні қазақстандық сыртқысаясатбасымдылығы ең алдыменРесей,Қытац,АҚШ,ЕО,Оратлыш Азия аймағындағыкөршілесмемлекеттермен,исламәлемімен тең құқылықарым-қатынас құруға бағытталыпотыр.Жалпыайтқандамемлекетіміздіңәлемніңжетекшідержавалары мен көршілес ТМД мемлекеттеріарасындағыстратегиялықсеріктестігі жаңа деңгейгекөтерілдідеугеболады.Халықаралыққоғамдастықтағыеліміздіңпозитивтіобразыныңқалыптасуы және оның халықаралықмәртебегеиеболуысыртқысаясаттыжүргізудегі республика басшылығыныңкөрегендікшешімдеріменмүмкінболды.Бұлтұрғыдаядролыққарудытаратпау,діниэкстремизмгеқарсытұру,әлемдіндеріарасындатолеранттықарым-қатынас құру мәселелерінатапөтугеболады.Осыныңнегізіндеелімізаймақтың және ғаламдыққауіпсіздікмүддесітурасындахалықаралық және ғаламдвққауіпсіздікмүддесітурасындахалықаралық аренаға өз бастамаларыменшығуғамүмкіндікалды.
28 билет

  1. қола дәуірі

Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:


1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
• Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
• Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы.
• Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы.
• Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті.
• Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы және сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша - кен өзегінің үстіне от жағылып, әбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.
Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстіқ-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мәйітті өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болғасын, құмыралар мен сүйектер болашақ үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бәрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мәйітті көкке әкететін от құдайы – Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну және о дүниеге сену кең тарады.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан – жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Жартастардағы салынған суреттер – андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет