27. Қазақ ұлтының қалыптасуының өзекті мәселелері мен тарихи кезеңдері. «Қазақ» терминінің мағынасы. Қазақ жүздерінің қалыптасуы. Қазақ жүздерінің этникалық құрамы.
14-Билет
1)Қарақытай
Тоғызыншы ғасырда Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген, моңғолтілдес тайпалар ретінде атап өтіледі.
Қытай тіліңде «қидандар» араб, фарсы тілінде «қарақытайлар» деп аталатын тайпа 927-947-інші жылдары Қытайдың солтүстік жағын бағындырып алып, ю-Чжоу (Бейжің) қаласын өздерінің астанасына айналдырған. Осы кезден бастап Ляо (темір) империясының дәуірі басталады.
1125-інші жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды.
Бастапқы кезеңде Жетісуға қоныстанған қидандар жергілікті билеушілерге бағынатындарын білдірді. 1128-інші жылы Баласағұн билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуда Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған мемлекеттің негізін қалады.
Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141-інші жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауренахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Жетісу, Мауренахр және Шығыс Түркістан Қарақытай мемлекетінің құрамына енді. Алайда қарақытайлық гурхан қарахандықтар әулетін жойған жоқ. Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді. Қарақытайлар қарахандықтардың басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеді және өлке экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне ықпал еткен жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |