Билет Түргеш қағанаты



бет55/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

1916 ж ұлт азаттық көтеріліс

Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.


  1. 2015 ж жастарға қабылданған заң

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 09.02.2015 жылғы заң. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы:
Жастар ұйымдары – жастарды дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жастардың әлеуметтік, мәдени, білім алу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, жастар өкілдері оның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Жастар ұйымдары: мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға; мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне; республикалық және өңірлік жастар форумдарының жұмысына; жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысуға құқылы.
Мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет