жонгар хандыгы
Ойраттар XIII ғасырдың басында қазіргі Тува жерінен келген. Олардың көсемі Құдықа бек 1208 жылы Шыңғыс ханға ант береді, ал оның әулеті Шыңғыс ұрпағының төрт атасымен де араласып кетеді. 1260-1264 жж Құбылай мен оның інісі Арық бұға арасындағы тақ таласына байланысты туған соғыс кезінде ойрат тайпалары (Чорос, Торғыт, Дербеті және Хойты) Арық бұға жағына шығады, сол себепті де олар ешқашан Құбылайдың билігін мойындамайды. Юань империясы құлағаннан кейін ойраттар Солтүстік Юаньнің тағына таласқан Дзоригту ханның ұрпақтарын қолдайды. 1455 жылы Есен тайшы өлгенге дейін Солтүстік Юань хандары ойраттарға тәуелді болады да, халха моңғолдардың өктемдігінен батысқа көшуге мәжбүр болады. 1620 жылы Чорос пен Торғыт тайпаларының көсемдері Хара Хула мен Мерген Темене алтын хан атағының тұңғыш иегері Шолой Убашиға шабуыл жасайды. Шабуыл сәтсіз болып, олар жеңіледі. Шолой Убаши мен ойраттар арасындағы соғыс Убаши өлгенге дейін, 1623 жылға дейін созылады. 1625 жылы хошуттардың көсемі Чойкур мен оның анадан бір туған бауыры Байбағас арасында таққа талас туады. Байбағас шайқаста қаза табады. Алайда, 1630 жылы оның інілері Гуши хан мен Кенделен Убаши ағасының кегін қайтарып, Чойкурды Есіл өзенінен Тобыл өзеніне дейін қуып отырып, тайпаластарына шабуылдап, ақыры жойып жібереді. Ойраттар арасындағы алауыздық торғыттар көсемі Хо-Урлюкты батысқа көшуге мәжбүрлейді. Ол жақта олар Ноғай Ордасымен қақтығысқа түсіп, жеңіп шығады. Торғыттар Қалмақ хандығын құрады, бірақ ойраттармен арадағы қатынасты үзбейді. 1632 жылы Цинхайда Цогто тайшы «Сары дін» деген атпен белгілі Гелуг мектебін құлатады, сол себепті олар Гуши ханнан көмек сұрайды. 1636 жылы Гуши 10 мың әскерімен Цинхайға басып кіреді, ақырында 30 мың әскері бар Цогто тайшы жеңіледі. Бұдан соң Гуши Орталық Тибетке келіп, сол жерде оған Далай Лама V «Данзин-Чогьял» (Заңдар патшасы және діннің тірегі) атағын береді. Осыдан соң ол өзін Шыңғыс ұрпағынан тарамаған тұңғыш хан деп жариялап, ойраттарға Тибетті жаулап алуға үндеу салып, Хошут хандығын құрайды. Бұлардың ішінде Қоңтайшы атағын алған Хара Хуланың ұлы Эрдени Батырда болды, Амин Дар ханның қызына үйленген оны Тарбағатай тауларының оңтүстігінен Емел өзенінің жоғарғы түсында Жоңғар хандығын құру үшін кері қайтарады. Батыр Далай Лама берген Эрдени атағымен және мол олжамен Жоңғарияға оралады. Ол билік басында отырған жылдары қазақтарға қарсы үш жорық жасаған. Жоңғарлармен болған қақтығыстар қазақтың «Елім-ай» жырында терең сипатталады. Қазақтардан басқа, 1643 жылы, Орта Азияға тереңдей енген жоңғарлар қырғыз, тәжік, өзбектерге қарсы соғыс ашты.
Жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Тайыр ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |