Билет Түргеш қағанаты


билет қарахан мемлекеті ,саясат,мадениет



бет56/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

18 билет

  1. қарахан мемлекеті ,саясат,мадениет

Қарахан мемлекеті 942-1212 жж өмір сүрген ірі ортағасырлық мемлекет.


Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан.Қарахан мемлекетінің құрылуы Жетісу мен батыста Испиджабқа, шығыста Қашғарға дейінгі алып аумақтағы саяси оқиғалармен, қарлұқ
мемлкетінің құлдырауымен тікелей байланысты. Осы аумақтағы шиеленіскен саяси жағдайды Қашғар билеушісі Сатұқ (915-955 жж.) пайдалана білді. 942 жылы ол Баласағұнды алып өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Осы жылдан Сатұқ негізін қалаған Қарахан мемлкетінің тарихыбасталды. 955 жылы билік Сатұқтың ұлы Мұсаның қолына өтті. Мұса қаған 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жариялады. Бұл исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған тұңғыш түрік мемлекеті еді.Қарахан мемлекетіндегі билік екі ірі этносаяси бірлестік шігілдер меняғма көсемдерінің қолында болды. Олар Арслан (Арыстан) және Боғыра
(Түйе) лауазымдарын иеленді. Жоғарғы билік шығыс бөліктің қолында болды. Шығыс иелік аумағы Жетісу мен Шығыс Түркістан болып, билеуші Қашғар мен Баласағұнда орналасты. Билеуші Арслан Қарахан лауазымын иеленді. Батыс бөлік кіші қағанның қолында, ол Боғырахан лауазымын иеленген. Батыс иелікке Мәуереннахр аумағы кірді. Кейін XI ғасырдың 40-жылдары Ибраhим ибн Насыр тұсында Қарахан мемлекетінің екі дербес қағанатқа Шығыс және Батыс қағанаттарына түпкілікті бөлінуі аяқталды.Қарахандар иеліктері батыста Амудария мен Сырдарияның орта ағысына дейін, шығыста Қашғар, солтүстікте Тараз маңынан өтіп оңтүстікте Мәуереннахрға дейін созылды. Қарахан мемлекетінің негізгі құрылысы феодалдық үлестік жүйеге негізделді. Ірі екі бөлік (Шығыс және Батыс) ұсақ үлестерге бөлінді.Қағанға ең жақын адамдардың бірі уәзір еді. Билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Оның ішінде сатылы жүйе, яғни ағасынан інісіне берілді. Жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелінді. Қарахан мемлекетінде жер иеленудің бірнеше түрлері қалыптасты. Олар иқта, вакфтық жер үлесі, т.б.
Иқта - билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа және ұсақ болып бөлінген. Бұл тартулардың иелері муқта (араб термині) немесе иқтадар (парсы термині) деп аталды.
Қағанатта мемлекеттік дін есебінде қабылданған ислам одан әрі дами береді. Елді исламдандыру, әсіресе Оңтүстік Қазақстан аудандарынисламдандыру, мұсылман дінінің көшпелі ақсүйектер арасына енуі көне түрік руникалық жазуын тықсырып тастайды да, араб әрпіне негізделген жаңа түрік жазуының түзілуіне жеткізеді.Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой-санасы өседі, мұсылман әдебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Бұл салада жұрттың бәрінен бұрын Юсуп Баласағұнның есімі белгілі болады.Қарахандар тұсында да Жетісу мен оңтүстік Қазақстанда бұған дейін үстемдік етіп келген негізгі шаруашылық түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталынды. Жылқы өсіру жетекші орын алып, отар-отар қой мен түйе, ешкі, ірі қара мал өсірген. Қарахан мемлекеті өзіне дейінгі түрік қағанаттарының тікелей мұрагерболғанымен де, әскери-лендік жүйе, жер иеленудің түрлері, жалпы экономикалық тұрғыдан жаңа, дербес саяси жүйе болып қалыптасты.
XII ғасырдың 30-жылдарында Қарахан мемлекетін шығыстан келген монғол тайпалары қидандар (Қарақытайлар) жаулап алды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет