Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету


Тәжірибелер:аспаптар мен реактивтер



бет45/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

Тәжірибелер:аспаптар мен реактивтер: химиялық, стакан, өлшеуіш цилиндр, химиялық таразы, ареометр, дистилденген су, спирт шамы, өлшеуіш колба, аналитикалық таразы, шыны таяқша.

1. Массалық үлесі белгілі ерітінділер дайындау.

a) құрғақ заттан. 200 г сусыз тұзға есептегенде 5 % натрий карбонатының ерітіндісін натрий карбонатының кристаллогидратынан (сода) және судан дайындау үшін қанша тұз және су алынатынын есептеу керек. Есептің шығарылуын оқытушы тексереді, содан соң ерітінді даярлауға кірісуге болады.

Цилиндрмен судың қажет көлемін өлшеп алыңдар, стаканға құйып соданы түгел ерітіңдер. Ол үшін шыны таяқшамен араластыру керек. Алынған ерітіндіні құрғақ немесе осы ерітіндімен шайқалған биік цилиндрге құрып ареометрмен тығыздығын өлшейді. Ареометр цилиндрдің қабырғаларына тимеу керек. Ареометрде көрсетілген тығыздықты жазып алады. Ареометрді шығарып, сумен шайып, құрғағанда сүртіп оқытушыға өткізеді. Алдын ала дайындалған арнайы ыдысқа ерітінді құйыңдар. Тәжірибеде табылған тығыздық арқылы 1- кестеден концентрациясын (проценттік) табыңдар. Егер кестеде тәжірибеде табылған тығыдыққа сәйкес тығыздық болмаса, интерполяция әдісімен концентрацияны есептеңдер. Алынған шаманы берілген мөлшермен салыстырыңдар.

Дайындалған ерітіндінің молярлы және нормаль концентрацияларын есептеңдер.

ә) концентрлі ерітіндіден және судан. 1) Зертханада бар ерітіндіден 250 г 10% қышқыл ерітіндісін дайыңдаңдар.

Ареометрмен зертханадағы күкірт кышқылы (немесе тұз қышқылы) ерітіндісінің тығыздығын анықтаңдар. 2 кестеден (қосымша) табылған тығыздыққа сәйкес қышқыл ерітіндісінің проценттік концентрациясын табыңдар.

250 г 10%-ті ерітінді дайындау үшін алынған қышқыл ерітіндісінің неше грамм қажет екенін есептеп, тығыздығы арқылы көлемін есептеңдер.

Судың қажетті көлемін есептеп, цилиндрмен өлшеп алып стаканға құйып қышқыл ертіндісінің есептелген көлемін цилиндрмен өлшеп, стақандағы суға құйып әдісін араластырыңдар.

Ерітіндіні 2-кестеде көрсетілген температураға дейін суытып, ареометрмен тығыздығын өлшемі кестеден дайындалған ерітіндінің концентрациясын тауып, тәжірибенің дұрыстығын тексеріндер. Ерітіндіні арнайы ыдысқа құйыңдар. Ерітіндінің молярлы және нормаль концентрацияларын есептеңдер.

2) Тығыздығы 1,05 г/мл-ге тең 200 мл натрий гидроксидінің ерітіндісін концентрлі ерітіндіден және судан дайындаңндар. Концентрлі ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтаңдар. Бастапқы және дайындалатын ерітіндінің проценттік концентрацияларын (2-кесте) табыңдар. Дайындалатын ерітіндінің массасын, берілген ерітінді дайындау үшін қажетті натрий гидроксидінің массасын және концентрлі ерітіндінің көлемін және судың көлемін есептеңдер.

Есепті оқытушыға тексертіңдер. Содан соң цилиндрмен концентрлі сілті ерітіндісін және судың көлемін өлшеп, оларды біріне-бірін қосып, суытқаннан кейін құрғақ биік цилиндрге құйып, ареометрмен дайындалған ерітіндінің тығыздығын өлшеп, арнайы ыдысқа құйыңдар. Тәжірибеде табылған тығыздығы бойынша концентрацияның айырмашылығын анықтаңдар.

Даярланған ерітіндінің молярлы және эквивалентті концентрацияларын есептеңдер.



Кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет