Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет18/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Отбасы-бақыт бұлағы
Адамға отбасы не үшін керек? «Бақыт үшін» деген қарапайым да, ақиқат 
пікірдің айтылуында дау жоқ. Расында да отбасынсыз адамның бақытты болуы 
екі талай. Ғалымдардың отбасыларына жүргізілген сауалнама нәтижесінде 85% 
өздерінің адамдық бақыттарының негізі біртұтас тату, сүйіспеншілікке толы 
отбасы мен балалар деп есептейтіндіктері байқалды. Яғни адамның бақыты 
отбасы боған болса онда ол әрі адамгершілік, әрі әлеуметтік маңызды 
құндылық болмақ. 
Отбасылық ұжымның ерекшеліктері
Отбасы – ортақ мақсат, ортақ мүдде, пікірлер мен талпыныстар 
біртұтастығы қоғамдық пайдалы іс-әрекет арқылы топтасқан шағын ұжым. 
Отбасылық ұжым барлық басқа ұжымдармен табиғи байланысқан әдеуметтік 
қоғамның бөлігі. 
Отбасы дегеніміз – ең маңызды негізгі жұбайлар, ата-аналар, ұл, қыз 
сүйіспеншілігіне сүйенген ұжым болып саналады. Отбасылық міндеттерді 
орындауда қоғамның көмегіне сүйенбей тұра алмайды. Отбасының қоғаммен 
тығыз байланысы оның өмірінің, әсіресе балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін, жан-
жақты дамуы үшін қажет. 
Отбасының ең маңызды міндеті – әр түрлі қажеттіліктерді 
қанағаттандыру негізінде балалардың жан-жақты тәрбиеленуін, оларды еңбек 


47 
ету мен дербес өмір сүруге даярлап, ата-аналалардың шығармашылық күш-
жігері мен мүдделерінің дамуын қамтамассыз ету. Сонымен қатар отбасы өз 
мүшелерінің болашағы туралы ойланып, олардың жеке бастарына байланысты 
жоспарларының жүзеге асуына қамқорлық жасайды. Осыдан келіп, отбасының 
әр мүшесіне қатысты өз борышын орындау, өзара көмек, өзінің әр ісіне деген 
жауапкершілік, тәртіптілік, өзара талап қою, жәрдемдесу, екіжүзділік пен 
тоғышарлыққа жол бермеу сияқты талаптар туындайды. Отбасылық ұжымды 
бекітетін жандандырғыш, сиқырлы сусын және оның бақытының қайнар көзі – 
ата-аналардың, балалардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі. 
Отбасылық ұжымның нәтижелілігі мен тереңдігіне әсер ететін белгілер 
төмендегі белгілері тән болып келсе, анағұрлым арта түсері анық:
 
1. Отбасы өмірінің негізі – адал, ақ ниетті, қоғамға пайдалы еңбек. 
Балалар шамалары келгенше үлкендерге көмектесіп, бірлесе еңбек етіп, 
үлкендер оларды жоғары бағалап отырады. Ересектер еңбекті ең бірінші өмір 
қажеттігі, барлық игілік, прогресс, адамның өркендеуінің қайнар көзі деп 
қабылдайды. Үлкендердің осындай щынайы жауапкершілік әрекеттері табиғи 
жолмен балаларға баға жетпес мұра ретінде беріліп отырады. Балалар осының 
барлығын көріп, бойына сіңіріп өседі. 
2. Отбасы біреуі бәрі үшін, бәрі біреуі үшін жаны аши қамқорлық 
жасайтын ұжымның берік одағы. Бұл ұжымның тұтас отбасы мен оның әрбір 
мүшесінің жарқын болашаққа жетуіне бағытталған қоғамдық құнды мақсаты 
мен перспективалары болады. Мұның өзінде отбасы өзімен өзі болмай, өзін 
әлеуметтік қоғамның бастапқы ұйымы, сүйікті Отанының бір бөлшегі деп 
таниды; оның өркендеуіне өз үлесін қосуға тырысады, өз мүшелерінің 
әлеуметтік қоғамдық, еңбек, оқу міндеттеріне адал ниетті қатынаста болуын 
бәрінен артық бағалайды; рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруды яғни 
идеялық-адамгершілік және мәдени дәрежені арттыру, кітап оқу, сабақ оқу т.б 
ең маңызды деп есептейді. 
Отбасында өзара сыйластық, өзара айқын байқалып, еркіндік пен 
оптимистік жағдай сақталады.
3. Отбасының ортақ істерін оның мүшелері ұжым болып орындап, 
маңызды мәселелерді (қаржы бөлу, болашақта сатып алатын заттар, демалыста 
қыдыру т.б) бірге отырып шешеді. Отбасында ашық-жарқындық жағдай басым 
болады: отбасы мүшелері қуаныштарын ықыласпен бөлісіп, қателерін де 
жасырмай, сәттіздіктері туралы, өз толғаныстары туралы айтып отырады. 
Кездесіп қалатын қақтығыстар мен қайшылықтар өзара сыйластық, жылы 
қатынастың шырқын бұзбай тез шешіледі. Отбасының қоғамдық әлеуметтік 
ұжымдармен тығыз байланыс жасауы тән болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет