Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет19/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Отбасындағы эстетикалық мәдениет
Қазіргі отбысларының өміріндегі өнердің орны қандай? Отбасында 
әсемдік әлемінің сырын танып білу, өнерді түсіп, бағалай білуі де отбасынан 
бастау алғаны жөн. Отбасында әлемдік және отандық мәдениет байлықтарына 
ие болуға, өнер туындыларын терең де нәзік түсінуге, рухани дем беруге 
жетелеу балалардың дамуына ықпал етері сөзсіз. Отбасында балаларды 
мәдениетілікке баулу кітап оқу өнерін қалыптастыруда жоғары мәнге ие болуы 


48 
керек. Бүгінгі күнде балалардың кітапханалардан қалаған кітаптарын таңдап 
алып оқуы үлкен мәселеге айналып отыр. Үлкендер болсын, кішілер болсын 
олар үшін кітап оқу парыз. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты сүйіп 
оқитын кітаптарын таңдауға көмектесу ата-ананың бірден-бір парызы. 
Сондықтан да отбасында ата-ана, мектепте мұғалімдер баланы кітап оқуға 
баулып, оқу сауаттылығын арттырып отыруы тиіс. «Үйдегі кітапхана қандай 
болуы керек?» деген тақырыпта мектепте оқушылармен диспут өткізуге 
болады. 
Өнер, мәдениет әрбір үйдің өміріне түрліше енеді. Отбасының 
эстетикалық мәдениеті жайында отбасы музыка мен кітап, музейлер мен 
театрларға, киноларға, спорт кешендеріне бару қандай орын алатынына қарап 
пайымдауға болады. Баланың оқығаны мен көргені ақыл-ойы мен жүрегіне 
қозғау салатындай әсер қалдырып жатса, оны ата-анасымен талдап, пікір 
алмасып, ойын бөлісіп жатса, онда бала бойында құндылықтардың
қалыптасуына жол ашар едік. Рухани мәдениет бізден тыс емес, біздің ішкі 
дүниемізде жасалады, және де білім мен одан алған әсердің мөлшерінен емес, 
оларды ойға салып түсіну, бастан кешіру, жете сезіну шеберлігі арқылы 
жасалады. Сонымен отбасының мәдениеті дегеніміз не? Тұрақты рухани өмірді, 
рухани өсуді қажетсінуден және мәдениетті өзі жарату тілегінен тұрса керек.
Отбасылық ізгі дәстүрлердің бала тәрбиесіне ықпалы
Отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы сан қырлы. Мұндай қарым-
қатынас балалардың өсіп-жетілуіне күшті әсер етеді. Отбасы мүшелерінің өзара 
қамқорлығы, шын жүректен бір-бірін түсінушілігі, туысқандық жақындық, 
жанашырлық, сүйіспеншілік, сыйластық сияқты отбасындағы қатынастар 
ықпал етеді. Балалардың ата-анасына және ересектерге жақындығы олар үшін 
мынаны білдіреді: үлкендер жүрегінің бар қазынасын балаларға сыйлайды, ол 
үшін балалардан еш нәрсе талап етпейді, ал бала осынау жақсылық пен 
сүйіспеншілікті бойына сіңіріп, үлкендерді өзінің кіршіксіз пәктігімен 
қуантады, нәзік жан дүниесінің сырын ашады. Міне, сондықтан балалар 
отбасындағы татулыққа, ата-анасының өнегелі ықпалына, отбасында өздерін 
түсіне білу жағдайына мұқтаж болады. Баланың тұлға болып қалыптасуына 
отбасындағы игі қатынастар күшті әсер етеді. Отбасындағы дәстүрлер бұл 
қатынастарды нығайтып, балалардың дамуына ықпал етеді. 
Отбасылық дәстүрлер отбасының психологиялық ахуалының ажырамас 
бөлігі бола отырып, баланың дамуына күшті әсер етеді. Олардың жас ұрпаққа 
ықпал етуінің мәні неде? Қазіргі отбасыларға қандай дәстүрлер тән? Дәстүрлер 
әдетте заңның күшімен емес, қоғамдық пікірдің күшімен сақталады. Олардың 
көбі жетіле келе, қоғамның ережелеріне, нормаларына, еш жерде жазылмаған 
ерекше заңға айналады. Бұл табиғи процесс. Көптеген отбасыларында белгілі 
өзіндік ережелері мен әдеттері бар парасатты тұрмыс салты орныққан. Олар 
үйреншікті, қарапайым, ешқандай күш салмай-ақ, өздігінен орындалып жатады.
Мысалы, кейбір отбасыларда болатын «отбасылық кеңестері» тәрбие 
тұрғысынан алғанда өте жақсы, жекелеген өсиет айтылатын әңгімелерден 
қарағанда құнды. Әрбір отбасының өзіндік дәстүрінің болуы табиғи нәрсе.


49 
Отбасылық кеңестерді үнемі әдетке айналдыруда бала бірте-бірте 
байқамастан өз пікірлерін де ортаға салуды әдетке айналдырады. Осылайша 
баланың отбасындағы мәселелерді шешуге араласуы, пікір алмасып, ата-
анасына өз ойын ашық жеткізуі қалыптасады. Бұл отбасылық құндылық болып 
саналады. 
Келесі отбасылық ерекше дәстүр ол – табиғатпен сырласу. Табиғатпен 
байланыс баланы туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін оятып, отанға, туған 
жерге, туған елге деген патриоттық сезімін күшейтеді. Отбасымен табиғат 
аясында серуендеу немесе аулада көшеттер отырғызу, бау-бақша егу, оны 
күтіп, баптау, ауланы қоқыстардан тазалау еңбекке баудып, табиғатты аялауға 
жетелейді. Сонымен қатар отбасымен бірге туған өлкесіне саяхаттау, 
табиғаттың тамаша көріністерін біреге тамашалау бала есінде ұзақ сақталатыны 
белгілі.
Келесі өте құнды отбасылық дәстүр ол – кітаппен достасу дәстүрі. 
Кейбір отбасыларында бұл дәстүр тереңінен тамыр жайған ата-бабасынан келе 
жатқан отбасылық құндылыққа айналған. «Сауатты болу – ұлы бақыт. Өмірде 
қиындық кездессе – кітап оқы. Сонда сен қалай өмір сүруді және не үшін өмір 
сүру керектігін білетін боласың...» деген халықтың ұлағатты өсиетін ұстанған 
отбасында бала шыңдалып, өмірді танып, жан-жақты зерек болып өседі. 
-Біріншіден, кітап оқығанда балаға кейіпкерлердің әрекетінің әсері, 
тәрбиелік мәнінің болуы;
- Екіншіден, шығарма мазмұнының балаға тың, едәуір қуатты әсер 
қалдыруы;
- Үшіншіден, кітап оқу табиғи жағдайда өтетіндіктен, балалардың бір-
біріне ықпал ете бастайтындықтан да әсері күшейе түседі.
Мұндай жағдай балалардың кітапқа деген құмарлығын арттырып, 
әуесқойлығын туғызады, ол кітап бетінен кездесетін адамдардың моральдік 
нормалары жақын адамдардың өмірінен-ақ байқалып, әдетте өскелең ұрпақтың 
адамгершілік тұрғыдан қалыптасуының негізі болады. Балалардың жас 
ерекшеліктері мен оқуға деген ынтасы, олардың әуесқойлық обьектілері, 
сондай-ақ ата-аналарының оқырмандық және кәсіптік ынтасы ескеріледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет