Отбасының мәдениеті
Адамның тұлғалық мінез-құлқының негіздерін оның отбасылық өмірін
ескермей түбегейлі біле алмайсың. Отбасының тұмыс салты, ондағы
адамдардың өзара қатынасы, пайда болған құндылықтар мен қажеттіліктер
жүйесі адамның кейбір әрекеттерді жасауға негіз болатын көзқарасын, сенімін,
мінезін қалыптастырады.
Отбасылық мәдениет деген не? Ол не үшін керек және ол отбасының
рухани құндылықтары қатарынан қандай орын алады.
Отбасының қоғамдық өмірге белсене араласуы, қоғамдық жаңалықтармен
хабардар болып отыруы, әдеби кітаптар оқып, оны талқыға салу, пікір алмасып
отыру тұлғаны өмірге тоғышарлық қатынас жасауына тойтарыс беріп отырады.
Тұлға мәдениетінің қалыптасуына отбасы қалай әсер етеді? Үйде,
отбасында газет-журналдар оқу, әдеби кітаптар оқу, бейне фильмдер көру,
қоғамдық жаңалықтардан хабардар болу және оларды талдап, пікір алмасу
арқылы дамыта аламыз.
Әке мен шешенің белсенді азаматтық позициясы қашанда отбасының
өмір сүру бейнесінен көрініп отырады. Және бұл өте маңызды, өйткені отбасы
– адамгершілікке тәрбиелеудің ең маңызды мектебі. Дәл осы жерде адам өзінің
моральдік қалыптасу жолының алғашқы қадамдарын бастан кешіреді. Жоғары
идеялық және рухани құндылықтарға ие болған отбасында жұбайлық, кейіннен
ата-аналық сүйіспеншіліктің терең мағынаға, тұрақты рухани байлыққа толып,
43
үлкендердің де, балалардың да өмірінің нағыз қызық, бақытты болуына
сарқылмас мүмкіндік туады.
Білім алушыларға «Менің шежірем», «Отбасындағы көркем әдебиет»
шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізуге болады.
Отан алдындағы борыш – адамның ең қасиетті сезімі.
Мұғалім білім алушыларға өздерінің отбасылық шежіресін жасауға
отбасының тарихын, ата-тегінің өмірбаянын жақсы білу керектігіне кеңес
береді.
Отбасылық борыш және оның түрлері
Қазіргі заман да отбасында өсіп келе жатқан тұлғаның өз сүйіспеншілігін
сақтай білу күрделеніп кетті. Оны сақтау үшін үздіксіз рухани еңбек ету керек.
Отбасылық міндет – отбасылық қатынастармен байланысты моральдық
талаптарды жеке ережелерге айналдыру, оларды адамның басқаларға деген
қарым-қатынастың ажырамас шарты ретінде қабылдауы.
Ата-аналардың қоғам алдындағы міндеті: балаларына қамқорлық жасау,
олардың толыққанды дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Ата-аналардың өз балалары алдындағы борышы: ата-аналардың
балаларға қатысты тең құқықтары мен міндеттері бар – отбасы мен балаларға,
олардың денсаулығына, дене бітімі, рухани және адамгершілік жағынан
дамуына, оқуы мен материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне қамқорлық
жасау, барлық мекемелерде балаларды қорғау.
Балалардың (әсіресе олар ересек болған кезде) ата-аналарына, отбасына,
оның әл-ауқатына, өміріне, эмоционалды атмосферасына қамқорлық жасау
міндеті.
Отбасының құндылығы тұрақты. Оған деген қажеттілік әрқашан, мәңгі
сақталады.
Адамдардың
басым
көпшілігі
қолдауды,
ең
алдымен
жақындарының, отбасының қолдауын қажет етеді.
Отбасының адамгершілік негіздері. Отбасылық ахуал және отбасының
адамгершілік құндылықтары.
Отбасындағы өзара сыйластық, баланы тәрбиелеу жөніндегі қамқорлық
отбасылық өмір сүруінің жетекші принціпі адамгершілік. Өсіп келе жатқан
тұлға ізгілік пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік проблемасы туралы
ерте ойланып және өз сұрақтарына жауапты өз ата-аналарынан іздейді.
Адамгершілік ережелерін меңгеру сөз арқылы емес, тікелей іс-әрекет
арқылы жүзеге асырылады және адамдардың адамгершілігі жөнінде ең
алдымен олардың қылықтарына байланысты баға беріледі. Осыдан барып,
балалардың адамгершілігінің кіршіксіздігі үшін, бүкіл қоғамның адамгешілік
кіршіксіздігі үшін ата-ананың жауапкершілігінің қаншалықты зор екендігін
байқауға болады.
Отбасы бақыты мен оның адамгершілік ахуалының көп жағдайда
отбасындағы жұбайлар, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімге,
сүйіспеншілікке толы өзара түсінісу жағдайына байланысты екендігі сөзсіз.
Кейбір отбасыларында адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу ісінде бала ата-
аналары бірін-бірі және балаларын жақсы көріп, қамқорлық жасайтын
44
отбасында өсе ме, әлде ата-аналары шаңырақ астында «ата-аналық борышты»
ғана ұстанушы отбасында өсе ме, міне осылардың едәуір рөлі болмақ.
Сүйіспеншілік пен сыйласушылықтың жоқтығын балалардан қанша
жасыруға тырысқанымен, ол қалай болса да сезіліп, отбасының ахуалына
жалғандық, жасанды қатынас жасау жас ұрпақтың қалыптасуына зардабын
тигізеді. Отбасында ата-аналардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болған
жағдайда ғана тәрбиенің ең негізгі нәтижесін берері сөзсіз.
Мұғалім отбасылық өмірде барлығы тығыз байланысты екенін: бір
жағынан, балалар ата-аналарының сезімдерінің бекіп, отбасы ұжымының нығая
түсуіне көмектеседі, өз ата-аналарын адамгершілік тұрғыдан жетілдіре түседі,
екінші жағынан, балалардың барлық жақтан көңілдегідей болып өсуі ата-
аналарының сүйіспеншілігі мен сенімінсіз, түсінігінсіз болмайтынына
оқушылардың зейінін аударып отыруы тиіс.
Үлкендер мен кішілер арасында достық, ізі қатынас жоқ отбасын бақытты
отбасы деп толық сеніммен айтуға келмейді. Сондықтан да ата-аналар мен
балалар достығын отбасының адамгершілік құндылығы қатарына жатқыза
аламыз. Өкінішке орай, кейбір отбасыларында балаларды ата-аналармен қарым-
қатынас жүйесі үнемі қанағаттандыра бермейді.
Ата-аналар мен әр жас кезеңіндегі балалардың түсінісуі мен ізгі
қатынастарының сыры неде?
Педагогика мәселесінен ешқандай хабары жоқ адамның өзі егесуден гөрі
ынтымақтасуды дұрыс деп санайтын. Бірақ шынайы өмірде ынтымақтасу кез
келгеннің қолынан келе бермейді. Шындығында балаға бұйыру, бір нәрсені
істеуге күштеп көндіру, ата-аналарының қажет деп санағанындай әрекет
жасаудан оңайырақ болуы мүмкін. Ата-аналар жеткіншек балаларын тікелей
қыспаққа үнемі ала алмаса да, кішкентай балаларға келгенде олар еш ойланып-
толғанып жатпайды. Алайда ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-
қатынас біртіндеп қалыптасады да, өсіп келе жатқан баланың дербес белгілері
соған тәуелді болады. Егер ол балалық шағында өзінің қандай мінез-құлық
жасауды таңдау мүмкіндігінен айырылып, оған үнемі күш көрсетіліп келген
болса, енді одан есейген кезде дербес шешімдер қабылдап, өз еркімен іс-әрекет
жасауы қиынға түседі.
Мұндай қатынастар көп жағдайда адамның бойында екі жүзділік,
қатыгездік сияқты ұнамсыз қасиеттердің қалыптасуына душар етеді. Сонымен
қатар ата-аналардың айтқанының дұрыстығы сәбиден басқаның бәріне түсінікті
болып, ешбір сендіру қажеттігі болмайтын жағдай да кездеседі. Қалайша,
мұндай кездеде «еріктік шешімдерге» бармау керек пе? Балаларды тәрбиелеу
кезінде «болмайды» деген сөзді қолданбау мүмкін емес екендігін барлық ата-
ана жақсы біледі. Дегенімен нағыз ақылды ата-ана әрбір «болмайды» деген
сөзді «болады» деген сөзбен теңестіре қолдана алады. «Болмайды» мен
«боладыны» дұрыс теңестіре білу көп жағдайда тартысқа түсіп қалудан
сақтандырады. Мәпелеудің бір ғажабы, ол ықтыруға ұқсас, тек бұл жерде
«құлақтан тарта» емес «еркелете» жүріп әрекет жасалынады. Бірақ бәрібір
нәтижесі ықтыруға ұқсас, балалар дербестіктен де, бастамшылдықтан да
45
айырылып, өздеріне де, бүкіл отбасына қатысты мәселені шеше алмайды.
Шектен тыс мәпелеу жағдайында балалардың өзбеттілігі дами алмайды.
Егесу немесе қарсы келу әдетте отбасына шиеленіс әкеліп, отбасы
мүшелерінің ренішін күшейтеді де, ол қайтсе де бір күні не біреудің сәттіз ісіне
байланысты табалаушылық түрінде, не бәрі шуылдасып араласқан жағымсыз
тартыс түрінде бұрқ етіп жарыққа шықпай қоймайды. Бұл жағдайда ата-аналар
да, балалар да ұтылып, жеңіске ешқайсысы жете алмайды. Бұл отбасыларында
ата-аналар да балалар да өздерінше жеке өмір сүреді, отбасы мүшелерінде
сыйластық, эмоциялық тартымдылық кездеспейді. Балалар өз бетінше дербес
өсіп келе жатқанымен де мұндай отбасында аса үлкен жайлылық сезілмей
тұрады. Қатыгездік, жақын адамның басына түскен қиындыққа, тіпті оның жай
шаруасына деген бейтараптық қатынас көбінесе осындай отбасында кездеседі.
Педагогтер мен психологтар отбасындағы өзара қатынастың ең қолайлы
тәсілі деп ынтымақтасуды есептейді. Ол ең алдымен үлкендер мен балалардың
өзара сыйластығына келіп тіреледі. Бұл жерде ата-аналар балаларын сөз
жүзінде ғана емес, ең соңында балалардың өзі құрметтеуге тұраралық жеке
тұлға деп, шын мәнінде, іс жүзінде есептейді. Мұндай отбасыларында көптеген
мәселелер балаларды қатыстыра отырып, отбасында олардың пікірлерімен
санаса отырып, отбасылық кеңесте олардың пікірімен санаса, қажеттісі
ескеріліп отырады. Балалар бұл отбасында толық құқылы мүшелері болып
саналады. Олардың өздерінің тұрақты еңбек тапсырмалары болып, қаржыны
жұмсау мәселелеріне қатысып және ең бастысы, әр күн, әр сағат сайын
отбасында болып жатқанның бәрін бірге сезініп, бірге әсерленіп, ата-аналардың
өміріне қатар араласып отырады.
Адал, сыйластық қатынастар, әдетте, қатынастары ынтымаққа негізделген
отбасыларында қалыптасады. Мұндай қатынастар бірлесіп әрекет ету үстінде
туатын қарым-қатынас, сырластық әңгімеден бастау алады. Атап айтқанда,
қарым-қатынастың осы минуты, сағаттарында өзара түсінісу пайда болып,
балалар ата-аналарының алдында, ал олар балаларының алдында «ашылып»
сөйлеседі.
Қарым-қатынасты бағалай білетін отбасыларында, әдеттте қарым-қатынас
жасаудың өзіндік, дәстүрлі шақтары болады. Біреулерде бұл бүкіл отбасы
мүшелері жиналатын кешкі шәй ішу кезі, өзгелерде аптасына бір рет
барлығының бірге тамақтанып, әңгімелесуі, демалыс күндері отбасының әр
мүшесі үшін қасиетті уақыт болып табылады.
Әр отбасында өзіндік ырғақ, өзіндік өмір сүру стилі тән. Отбасында бірге
отырып тамақтану уақыты жұмыс уақыты өзгермелі ата-аналар үшін,
жұмысбасты ата-аналар үшін мүлдем қолайсыз болуы мүмкін. Сөйтсе де,
баланы басқалардың тыңдағысы келіп, баланың ойын , пікірін тыңдау қызықты
болатын, асықпай әңгімелесуге мүмкіндік болатын отбасылық қарым-қатынас
сағаты әр отбасында болып тұруы тиіс.
Тыныс-тіршілігі ынтымақтасу принціпінде құрылған отбасында өзара
әдептілік, сыпайылық, ұстамдық, ымыраға келу, дау-жанжалдан мезгілінде
құтылу және басқа түскен ауыртпалықтарды лайықты түрде, бірлесе көтере
білу тән болады. Адамгершілік құндылықта мейірбандық қатынас жоғары
46
болады. Және олар түсінбеушілікті, келіспеушілікті анықтау кезінде
қателескеннің кемшілігін дәлеледей бергенннен гөрі бір-біріне деген жылы
сезімдердің сақталып қалуының маңыздырақ екенін үнемі естеріне ұстайды.
Отбасындағы татулық пен үйлесім ең жоғарғы құндылық болмақ деген
сенім ашуды да, ауыздан шыққалы тұрған кінәлаушылықты да бөгеуге
көмектеседі. Бұндай отбасыларында ешқашан дауыс көтеру, айғай-шу
болмайды, өйткені отбасы мүшелері айқаймен ештеңе де шешімлейтінін жақсы
түсінеді. Отбасындағы айқай, дауыс көтеру қарсы дөрекі жауаптың туындауына
себепкер болады.
Әр отбасы өз дәстүрін жасайды, бірақ жас отбасылар өздігінен кейбір
негізге сүйенеді де, олар негізге отбасының қандай болуы керектігі жөніндегі
өздерінің түсініктерін қосады. Олар өз отбасын ата-аналары, туыстары,
достары, жақындарының отбасыларының тәжірибесіне сүйене отырып
құрайды. Отбасылық дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Отбасында отбасы мүшелерінің туылған күндері, мерекелік күндерді
шынайы мейірімділік пен сүйіспеншілік қарым-қатынасқа негіздей отырып,
отбасылық дәстүрмен көңілді өткізе алады ма? Отбасындағы осындай
мерекелердің де бала үшін тәрбиелік маңызы зор.
Жас отбасылар ата-аналарынан алған барлық жақсы үлгілеріне сүйене
отырып, отбасылық салт-дәстүрді сақтай отырып, ішінде өз ниет-тілектері
көрініс табатын өздерінің қатынас стилін, өз дәстүрлерін қалыптастыруға, берік
отбасын құрып, сүйспеншіліктерін ұзақ жылдар бойы сақтап, бақытты балалар
өсіруге тырысулары тиіс. Өзара сыйластық пен өзара түсінушілік дәстүрге
айналып, сыпайылық пен жоғары этика әдетке енген отбасы – бақытты
отбасына айналмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |