456
жетілдірушілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштікті тәрбиелеп, қорытындысында
«Made in Germany» брендін қалыптастырады.
9-сынып оқушылар кәсіпорындарда өндірістік тәжірибені белсенді өту
мүмкіндігіне ие болады. Еңбекке баулу мақсатында өндірістік тәжірибеге
техникалық сызу, еңбекті ұйымдастыру, іс жүргізу, үй шаруасы және басқа да
қосымша пәндер енуі мүмкін.
Неміс
мектеп
оқушыларына
қоғамдық
пайдалы
жұмыстар
ұйымдастырылған, ол: патронат аясында, сыныптан тыс жұмыс, сыныптағы
жұмыс үлгілерінде болады. Мысалы, бірқатар елдерден
келген бірінші сынып
оқушыларының ата-аналары мектептерде кезекшілік кестесі бар екенін, ал
тақтаның тазалығын, үлестірмелі материалдар мен сыныптағы тәртіпті
қадағалау үшін кезекшілерді жеке-жеке тағайындауға болатынын атап өттті.
Осы үлгідегі қоғамдық жұмыстар оқушылардың міндеті болып табылады.
Қандай да бір жұмыс түрін тек өзі үшін ғана емес, кез-келген адам үшін де
жасау әдеті - неміс қоғамында әлеуметтендірудің қажетті шарты, мұнда тіпті
үйлердегі кіре берісті және тротуарларды тұрғындар өз еріктерімен кезекшілік
құрып тазалап отырады.
1-5 сыныптардан бастап балалар кабинеттерді сыпырады, үстелдерге
орындықтарды көтереді, парталарды сүртеді, қоқыстарды шығарады,
тақтаны
жуады, гүлдерді суарады, кезекпен мектеп ауласын тазалайды, гүлзарларға
гүлдер отырғызады, арамшөптерді жұлады, сонымен бірге жасөспірімдерге
ағаш отырғызуға, жылыжайда - көкөніс өсіруге, ал орта мектеп оқушыларына -
бастауыш сынып оқушыларына қамқорлық жасауға сенім артып, тапсырма
беріледі.
Осыған ұқсас тәжірибе кезінде кеңестік мектептің үлгілі сипаттамасы
болғанын, бірақ оның қалыптасқан әдеттері мен тәртібі немістің тұрмыстық
өмірінде терең тамыр жайғанын ерекше атап өту керек. Бірақ, Германияда
оқушыларға кабинеттердегі еденді жууға рұқсат етілмейді.
Мысалы, бірқатар өңірлерде бюджеттің
қысқаруына байланысты
техникалық персонал қысқартыла басталды, сол кезде мектеп әкімшілігі
оқушыларға кабинеттердегі еденді жууға сеніп тапсырды, бірақ бұл көптеген
ата-аналардың қатты наразылығын тудырды, өйткені дәстүрлі мектепте
оқушылардан баспалдақтарды, кабинеттер мен демалу орындарын жууға талап
қойылмайды
[6].
Германияда мектеп оқушыларының технологиялық дайындығы әр түрлі.
Технологиялық дайындық үлкен прагматизммен сипатталады, білім мазмұны
нақты өңірлік қажеттіліктерді шешуге бағытталады. Осыған байланысты
өңірлердегі белгілі бір білімнің арасындағы айырмашылық әр түрлі мазмұнды
болжайды және технологиялық білім берудің
бірыңғай мемлекеттік
стандартының жоқтығын көрсетеді.
Германияда
оқушыларды
жынысына
қарап
бөлмей,
олардың
технологиялар мен үй шаруашылығын зерттеуге қатысуына үлкен көңіл бөледі.
Жобалық іс-әрекеттерді оқытудың маңызды аспектісі болып қолданбалы оқыту
бөлімі табылады: мектептің барлық мұғалімдерінің қатысуы және кеңес беруі
арқылы сынып жетекшілері басқаратын ұжымдық жобалар жүзеге асырылады.
457
Оқушыларда «негізгі құзыреттіліктер» деп аталатын жалпы кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыру маңызды міндет болып есептеледі. «Негізгі
құзыреттіліктер» кәсіптік маңызды сипаттар, олардың қазіргі заманғы
технологиялар мен өзгермелі әлеуметтік-экономикалық шарттарын, сан алуан
мамандықтар жүйесінің жеке көріністерін қарастырады. Бұл құзыреттіліктер
тәжірибелік маманға дерексіз және шығармашылық ойлауға, шешімді
қабылдауға және жүзеге асыруға, өзін-өзі жүзеге
асыру қабілеттілігін және
басқа да қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
Тәжірибе көрсеткендей, неміс мектептерінде технологиялық оқыту
жалпы технологиялық негіздерді оқумен қатар, жұмысшы мамандықтары
бойынша аттестаттау жүйесі арқылы жастардың әлеуметтік және еңбекке
бейімделуін арттыруға жағдай туғызатын алғашқы кәсіптік білім алу
мүмкіндігін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: