Жаңа Зеландия.
Жаңа Зеландия Білім министрлігінің бағдарламасына
сәйкес қолөнер шеберханаларында оқытуды алмастыратын технологиялық
білім берудің біртұтас тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Технологиялық
білім беру 13 жылдық оқу кезеңінде іске асады және мектеп оқушыларының
қолданыстағы технологияларды қолдану құзыреттіліктерін дамытуды жүйелі
қалыптастыру негізінде құрылады. Тұжырымдамаға сәйкес технологиялар
туралы білімдер мен түсініктерді қалыптастыру, технологиялық қабілеттерді
459
дамыту, технологиялар мен қоғам арасындағы байланысты игеру
технологиялық білім берудің негізі болып саналады.
Бағдарламада технологияның келесі бағыттары анықталған: материалдар
технологиясы, электроника және басқару, тамақ технологиясы, биотехнология,
өндірістік процестер, құрылымдар мен механизмдер. Мектеп өз қалауы
бойынша белгілі бір мән-мәтіндер (оқыту бағыттары: өндіріс, бизнес, қоршаған
орта, қызмет көрсету саласы, әлеуметтік процестер) технологияларын оқыту
бағдарламаларының ұйымдастырушылық формалары ретінде қолдана алады.
Алға қойылған оқу мақсаттарына жетуді оқушылардың қызығушылықтары мен
қажеттіліктеріне сәйкес технологиялық дайындықтың әр түрлі деңгейлерімен
анықтауға болады.
Қытай.
Қытай
мектептерінде
оқушылардың
технологиялық
дайындығына үлкен мән беріледі. Жалпы білім берудің барлық кезеңінде
технология орта мектепте міндетті мамандандырылған технологиялық
дайындық алатын негізгі базалық оқу пәні болып табылады. Қытай басшылығы
мектеп оқушыларының технологиялық білімі елдің технологиялық дамуына
әкелетін алғашқы қадамы деп санайды. Қытай - қарқынды дамып келе жатқан
мемлекет, оның экономикасы ЖІӨ көлемі бойынша әлемде екінші орынға
шықты. Қытай мектептерінде технологиялық оқыту бүкіл оқу кезеңінде
аптасына 3 сағат көлемінде жүзеге асырылады. Бастауыш мектепте күнделікті
өмірдегі тәжірибемен байланысты, ал негізгі мектепте – кешенді жобалық іс-
әрекетке байланысты «Еңбек және технология» бағдарламасы оқытылады.
Негізгі мектеп технологиялық сауаттылық пен технологиялық дайындық
негіздерін қамтамасыз етуге, ал орта мектеп оның тереңдеуіне және
технологиялық мәдениет элементтерінің қалыптасуына ықпал етуге
бағытталған. Орта мектепте оқушылардың таңдауымен қызығушылық
тудыратын салаларда «Технология және дизайн» және «Ақпараттық
технологиялар» курстары оқытылады. Оқушылар ғылыми-зерттеу қызметін,
қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс тәжірибесін қамтитын кешендік
тәжірибеге қатысады. Мұның бәрі оқу материалын тиімді игеруге,
технологиялық дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыруға, еңбек тәрбиесі мен
кәсіби өмірде оқушылардың өзін-өзі анықтауға ықпал етеді.
Израиль. Израиль мектептері қызметінің заманауи тәжірибесін зерттеу
оның жалпы білім беру жүйесінің мазмұны мен құрылымының ресей
мектебінің дәстүрлеріне жақын, бірақ қазіргі заманғы экономика жағдайларына
бейімделген және мемлекеттің экономикалық дамыған жағдайын қамтамасыз
ету мәселелерін шеше отырып, жалпы білім берудің отандық жүйесін дамыту
мәселелерін шешуге ыңғайлы моделі деп айтуға болады. Израиль мектебінде
технологияны
практикалық
мәселелерді
шешуде
ғылыми
прогресс
жетістіктерін пайдалану саласындағы қызмет саласы деп түсінеді.
Технологиялық білім берудің мақсаты оқушының бойында технологиялық
қоғамда тиімді әрекет ету қабілетін және оны жетілдіруге қатысуға деген
ұмтылысты дамытумен анықталған.
Израильдегі технологиялық білім балабақшадан басталады және 12
жылдық мектепте жалғасады. Бұл негізгі үш кезеңге бөлінген:
460
I - балабақша (4-5 жас) және бастауыш мектеп (6-11 жас) - табиғи және
технологиялық орта туралы базалық түсініктерді қалыптастыру; технологияны
күнделікті өмірде қолданудың негізгі дағдылары мен тәсілдерін сіңіру;
II - I кезеңнің орта мектебі (12-14 жас) - табиғаттың жалпы
заңдылықтарын білу және заманауи технологиялармен танысу; оқыту
дағдыларын дамыту, технологиялық мәселелерді шығармашылықпен шешу,
қосымша білім алудың бағытын таңдау;
III - II кезеңдегі орта мектеп (15-17 жас) - анықтау кезеңі (1 жыл) және
мамандандырылған
технологиялық
дайындықты
таңдау
(2
жыл);
мамандандырылған ғылыми және технологиялық пәндерді тереңдетіп оқыту;
технологияның белгілі бір салаларында кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
Мектептегі негізгі технологиялық білім мазмұны «Материалдар
технологиясы»,
«Энергетикалық
технологиялар»
және
«Ақпараттық
технологиялар» бөлімдерінен тұрады. Жоғары сынып оқушылары кәсіби
дайындықтың
санатын
алып
әр
түрлі
деңгейдегі
технологиялық
мамандықтарды оқи алады. Осыған байланысты оқу жоспарында академиялық
пәндердің үш тобы болады: міндетті пәндер, таңдау пәндері және факультатив
пәндері.
Қызығушылық
деңгейіне
байланысты
мамандандырылған
технологиялық оқытуды орта арнаулы білім алу мүмкіндігімен мектептің 13
немесе 14 сыныптарына дейін ұзартуға болады.
Технологиялық оқыту мәселелері әлемнің жетекші елдеріндегі білім беру
жүйесінің дамуының өзегі болып табылады. Солардың ішінде атап өтетін
жалпы тенденция - технологияны балалардың қолөнер қызметіне дайындығы
ретінде қарамай, қоршаған әлемнің заманауи шындығы негізінде практикалық-
бағдарлы оқыту мен шығармашылық дамытуға көшуі деп санауға болады.
Сонымен, әлемдік тәжірибеде басымдықтар айырмашылығында
негізделген технологиялық білім беру мақсаттарын жүзеге асырудың әртүрлі
тәсілдерінің бар екендігін көрсетеді: оқушыларды тәрбиелеудегі қоғамдық
немесе жеке көзқарас. Мұның нәтижесі технологиялық білім беру жүйесінің екі
түріне: не мектеп оқушыларының белгілі бір өндіріске бағытталған жүйелі
технологиялық дайындығына, не оқушыларды жалпы білім алуға және
шығармашылық дамуға әкеледі.
Екі тәсілде де нақты бір мүмкіндіктер мен кемшіліктер бар. Сонымен
бірге, қалыптасқан қарама-қайшылықтардың негізінде білім деңгейіне деген
оқушылардың жеке ұмтылыстары мен қоғам талаптары арасындағы
сәйкессіздік де бар. Тәжірибеге бағытталған оқыту еңбекке, кәсіптік бағдарға
ие болған жағдайда, ол негізінен біржақты материалдық өндіріс саласына
бағытталады. Технологияны тұлғаны дамыту үдерісі деп түсінетін практикаға
бағытталған оқыту жүйесі кәсіптік оқыту саласына алып келетін жүйелі білім
беру дайындығынан бас тартуға және бұл функцияларды мектеп
оқушыларының өздігінен ұйымдастыратын шығармашылық қызметке
ауыстыруға әкеледі.
Оқу процесіне қатысушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне
сәйкес оқушыларды еңбекке және мамандық алуға дайындаудың интегративті
жүйесі болмаған жағдайда, технологиялық білім негізінен жастарды дамыту
461
мен тәрбиелеу мәселелерін шешеді, немесе кәсіби жүйеге, көп жағдайда білім
берудің біржақтылық түсінігіне кіреді.
Бұл мәселені кешенді жүзеге асыру кезінде халықаралық тәжірибені
ескере отырып, мектеп оқушыларының технологиялық дайындығын және оны
білім жүйесінің дамуы жағдайында қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін құру
қажет, бұл келесі тұжырымдамаларды жасауға мүмкіндік береді:
«Технология» жалпы білім беру жүйесінде маңызды орын алады
және қазіргі елдердегі негізгі мектеп пәндерінің бірі болып табылады.
Жалпы білім беруді дамыту «Технологияны» жалпы білім беру
құрылымында жүйелі рөл атқаратын, жетекші білім беру салаларының бірі
ретінде анықтайды.
Қазіргі заманғы елдердің көпшілігінде технологиялық білім беру
мектепке дейінгі дайындықтан бастап, орта мектепті бітіргенге дейін жүзеге
асырылатын біртұтас жүйе болып табылады.
Технологиялық білім берудің мақсаттарына жетудің әртүрлі тәсілдері
бар - пәндік және процедуралық, олардың арасындағы айырмашылықтың
мағынасы жалпы білім беру процесінде қоғам мен жеке тұлғаның
басымдықтарын анықтау болып табылады.
Әлемдік тәжірибе қоғамның ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере
отырып, жеке тұлғаның білімдік қызығушылықтарын жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін технологиялық білім берудің әр түрлі модельдерін көрсетеді.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету еңбек ресурстарын даярлау
негіздерін іске асыратын технологиялық білім беру жүйесін сайма-сай
жетілдіруді қажет етеді [7].
Достарыңызбен бөлісу: |