Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет241/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

2.4. Оқушылардың кәсіби диагностикасы және кәсіби бағыттылығы 
Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіптік бағдар беру жұмысын қайта құру 
және күшейту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Алғашқы қадамдар Білім 
туралы заңда белгіленген. Онда кәсіптік бағдар беру білім алушыға білім беру 
және кәсіптік мүмкіндіктер саласындағы өз құқықтарын жүзеге асыруда кәсіби 
қызығушылықтарына, 
жеке 
қабілеттеріне 
және 
психофизиологиялық 
ерекшеліктеріне сәйкес мамандық пен оқу орнын еркін және саналы түрде 
таңдау кезінде ақпарат пен кеңес беру ретінде қарастырылады.
КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасында мектептерде 
еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік бағдар беру жүйесі жоғалды. Қазақстан 
Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі кәсіптік 
бағдарлау жүйесін қайта құруды қажет етті. Мемлекеттік жұмыспен қамту 
саясатының басым бағыттарының бірі республиканың еңбек нарығында 
кәсіптік бағдарлау және ақпараттық өзара әрекеттесу жүйесін құру болды. Бүгін 
Қазақстанда мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау беру туралы мәселе жаңа 
ғана айта басталды, бірақ осы уақытқа дейін бұл бағытта үлкен және салмақты 
қадамдар жасалынған жоқ. Оқушылар алдында тұрған алғашқы маңызды 
өмірлік проблема - болашақ мамандықты таңдау, кәсіби өзін-өзі анықтау 
проблемасы. Бұл процесс ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін 
өте қиын болып тұр. 
Зерттеулерге сүйенсек, қазіргі кезде мектеп оқушыларының 10-15 пайызы 
ғана болашақта кім болғысы келетінін біледі. Қалған көпшілік, бұл кем дегенде 
85% түлектер, «біз оны әрі қарай анықтаймыз» қағидасы бойынша мамандықты 
таңдайды. Бұл 85% - бұл өте үлкен көрсеткіш [33]. 
«Кім боламын?» деген сұрақты мектептің әр түлегі өзінен сұрайды. Ең 
маңыздысы, тәжірибесі жоқ оқушы өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне, 
мүмкіндіктеріне және мамандық талаптарына сәйкес дұрыс таңдау жасай білу 
керек. Мамандықты саналы түрде таңдау болашақ өмірге әсер етеді, өзін-өзі 
жүзеге асырудың, әлеуметтенудің, мансаптық және кәсіби өсудің жетістігін 
анықтайды. Біздің ойымызша, бұл проблема мектептерде жасөспірімге саналы 
түрде әлеуметтік және жеке талаптарға сай мамандық таңдауға көмектесуге 
бағытталған тиімді кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру қажеттілігін туындатып 
отыр. 
2004 жылы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, 
Еуропалық Комиссияның Мансапты Үздіксіз Бағдарлау жөніндегі Сарапшылар 
тобы, Еуропалық Одақ Кеңесі және Дүниежүзілік Банкі кәсіптік бағдарлау 
мақсаттарының жаңа түсіндірмесін мақұлдады: «Кәсіби бағдар барлық жастағы 
адамдарға және олардың өмірлерінің кез келген уақытында оқу, кәсіби 
дайындық пен кәсіби қызмет аясын таңдау және өз мансабын басқаруда 
көмектесуге бағытталған [34]. 
Пәнаралық және жүйелік көзқарас тұрғысынан кәсіптік бағдар - бұл жеке 
тұлғаның саналы кәсіби өзін-өзі анықтауға, кәсіпті игеруге бағытталған 
процесі; оны қоғам басқарушы және бақылаушы әлеуметтік-еңбек 
қатынастарының субъектілері арасындағы өзара әрекеттің көп өлшемді және 
үздіксіз процесі деп түсінеді. Экономиканың кадрларға қажеттілігі мен олардың 


545 
қабілеті арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның 
қалауы бойынша кәсіби өзін-өзі жетілдіру жүзеге асырылады, нәтижесінде жеке 
тұлға қоғамдық еңбек бөлінісіне тиімді қатысады [35].
Кәсіптік бағдар берудің негізгі бағыттары: 

кәсіби ақпарат - халықтың әртүрлі топтарын қазіргі заманғы өндіріс 
түрлеріне, еңбек нарығының жай-күйіне, экономиканың білікті кадрларға 
қажеттілігіне, мамандықтар нарығының мазмұны мен даму перспективаларына, 
нысандары мен түрлерімен таныстыруға, еңбек қызметі процесінде кәсіби және 
біліктіліктің өсуі мен өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне, оларды дамыту 
шарттарына, адамның мамандықтарға қойылатын талаптары; 

кәсіби іріктеу - адамға психологиялық, психофизиологиялық және 
медициналық диагностиканың нәтижелері негізінде оның психологиялық, 
психофизиологиялық, физиологиялық сипаттамаларына сәйкес келетін кәсіби 
қызметтің мүмкін бағыттары туралы кеңес беру; 

кәсіби таңдау - адамның белгілі бір кәсіпке (жұмыс орнына, 
қызметіне) кәсіби жарамдылық дәрежесін нормативтік талаптарға сәйкес 
анықтау; 

кәсіби, өндірістік және әлеуметтік бейімделу - қызметкердің кәсіби 
дамуына, тиісті әлеуметтік және кәсіби қасиеттерді, белсенді шығармашылық 
жұмысқа деген көзқарастар мен қажеттіліктерді қалыптастыруға, кәсіби 
шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетуге ықпал ететін шаралар жүйесі; 

кәсіби тәрбие - жастарда еңбексүйгіштікті, тиімділікті, кәсіби 
жауапкершілікті, қабілеттер мен бейімділікті қалыптастыру; 

тұлғаның кәсіби дамуы және кәсіптің өзгеруі мен кәсіптік қайта 
даярлауды қоса, кәсіби мансапты қолдау. 
Кәсіби бағдар беру үшін мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық 
сипаттамалары, мамандықтың даму перспективалары, мамандықтардың таралу 
бағыттары, мамандардың табыс деңгейі, біліктілік алу жолдары мен келешегі, 
кәсіби мансап, сондай-ақ еңбек нарығының ерекшеліктері туралы білу қажет. 
Сонымен қатар, технологиялық сипаттамаларды, өндірістік процестер 
мен кәсіби міндеттерді сипаттауды қоса; көрсеткіштері мен қарсы 
көрсетілімдердің тізімін, еңбек жағдайларының медициналық, физиологиялық 
және санитарлық сипаттамаларын; мамандықтардың адамдардың жеке 
ерекшеліктеріне 
қойылатын 
талаптарын 
қолдану 
керек. 
Осындай 
топтастырылған құжат професиограмма деп аталады. 
Мұғалімнің профессиограммасына мысал келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет