Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет29/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Жобаны іске асыру жұмыстарының негізгі бағыттары:
 
- Облыстық білім басқармасы деңгейіндегі іс-шаралар;
- Қалалық және аудандық білім бөлімдері деңгейіндегі іс-шаралар;
- Білім беру деңгейіне байланысты іс-шаралар;

Директорлар және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі 
орынбасарлары үшін;
- сынып жетекшілеріне арналған ұсыныстар;
- білім алушылар үшін, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
балаларға арналған іс-шаралар;
- ата-аналарға арналған іс-шаралар.
Жоба мектеп, ата-аналар мен білім алушыларға бағытталған.
Жобаны іске асыру – отбасы мен мектеп, бала және әлеуметтік серіктестер мен 
үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығында жүзеге асырылады.
 
Жобадан күтілетін нәтижелер:
 


70 
Білім алушылардың бойында отбасылық және ұлттық құндылықтар мен 
әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыру бойынша отбасы, мектеп, әлеуметтік 
серіктестердің өзара ынтымақтастығы жағдайында:
- «Отбасы – мектеп – әлеуметтік серіктестер» үштігінде өзара 
ынтымақтастықты дамыту процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жүзеге 
асырылады;
- шетелдік және отандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең 
үздік әр түрлі формалары мен әдістері арқылы білім алушыларды тәрбиелеуде 
ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестердің белсенділігі артады;

отбасы 
тәрбиесін 
ұйымдастырудағы 
отбасы 
мен 
мектептің 
ынтымақтастық-серіктестік байланыстарын үйлестіру жұмыстары артады;
- жалпыұлттық рухани-адамгершілік, әлеуметтік, ұлттық құндылықтар мен 
құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және 
қоғамдағы тәрбие ұстанымдары қамтамасыз етіледі;
- балаларды тәрбиелеу процесіне әке тәрбиесін, ана тәрбиесін, ата 
тәрбиесін, әже тәрбиесін жандандыру жұмыстары артады;
- отбасылық тәрбие тәжірибесін тарату арқылы қоғамның маңызды 
базалық институты ретінде әлеуметтік оң әлеуеті бар отбасы беделінің артуына 
қолдау көрсетіледі.
Облыстық білім басқармасы деңгейінде отбасы мен мектептің 
ынтымақтастығын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 
 
- Ұлттық тәрбие мәселелері кез келген мемлекет үшін шешуші болып
табылады. Елімізде бүкіл қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін 
қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық даму жоспарларына 
сәйкес отбасы мен мектеп ынтымақтастығын жүзеге асыру; 
- ҚР ұлттық тәрбиесіне байланысты мәселелер бүгінгі күні өзекті.
«Ұлттық тәрбие» ұғымы мемлекеттің тиісті саяси, құқықтық және 
экономикалық институттарының ұлттық экономикалық дәстүрлер мен 
құндылықтар аясында өзінің негізгі субъектілерінің мүдделерін қорғауға 
қабілеттілігін арттыру;
- Білім беру жүйесінде білім алушының зияткерлік тұлғасын дамыту,
тұлғааралық қатынастарды қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі. 
Қоғамның жылдам қарқынмен дамуына байланысты адамның қарым-қатынасы 
мен мәдениетін, әлеуметтік, экономикалық және тәрбиелік құндылықтарын 
жетілдіру; 
- Кез келген елдің дамуы мен өркендеуі халықтың білімімен және 
зияткерлік ресурстарымен негізделеді. 
Интеллектуалды ұлт ұғымы – бұл ұлттық негіз, рух және болмыс. 
Халықтың сапасының жақсаруына «рух» тазалығын тәрбиелеудің әсері зор. 
Оның терең негізіне технология әлемінде терең инновациялық білім мен 
құзыреттілікті сіңіру, ұлттық болмысты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, тіліміз 
бен ділімізді, дінімізді сақтау қажеттілігін арттыру; 


71 
- Орта ғасыр қайраткерлерінің ойлары, идеялары, ұлтымыздың тілін,
дінін, мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеген қазақ ағартушыларының 
шығармалары, ақындарымыздың әндері, тәрбие ойлары, ұлы би-шешендердің 
ұлағатты сөздерін, Отанды қорғаған батырлардың даңқын ғылыми тұрғыда 
жинақталып, зерттеп жас ұрпаққа жеткізу.
- Ұлттық мәдениет моральдік нормалармен бекітілген мінез-құлық
үлгілерін қалыптастыру және отбасы мен мектеп қарым-қатынасын реттеу; 
- Қазақ отбасындағы ұлттық құндылықтарды қолданудағы тәрбие
стилін сақтау әр ата-ананың міндеті деп санау;
- Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды,
ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық сананы сіңіру арқылы ұлттың 
болашағын қалыптастыру; 
- Болашақ отбасының ұлттық моделін құру
- Отбасы мен мектептің ынтымақтастығын арттыру және облыстық
деңгейде бірлескен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру, әдістемелік қолдау 
көрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет