Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет25/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 
 


64 
3 «ОТБАСЫ - ОРТА МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
 
Өзектілігі:
«Отбасы – орта мектеп» жобасының өзектілігі төмендегі 
факторлармен байланысты:
1) Қазақстандық білім беруге арналған әлеуметтік тапсырыстың маңызды 
құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік деңгейде заманауи білім беру жүйесін 
жаңғырту. 
2) Педагогтердің білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында 
мектеп пен отбасының, мектеп пен серіктес ұйымдардың тиімді өзара 
байланысының ғылыми негізделген және инновациялық практикада 
пайдаланылатын тетіктерін, нысандарын, тәсілдері мен технологияларының 
талап етілуі. Сонымен қатар ата-аналардың психологиялық-педагогикалық 
құзыреттерін дамыту. 
3) Ата-аналарды білім берудің жаңа үрдістері туралы хабардар ету және 
мектепті басқарудың қоғамдық органдары (Мектептегі ата-аналар комитеті, 
сыныптардағы ата-аналар активтері, Мектептің қамқоршылық кеңестері, 
Әкелер кеңесі, спорт комитеттері, денсаулық сақтау жөніндегі комитеттер, 
Кәмелетке толмағандардың профилактикасы жөніндегі кеңестер және т.б.), 
сондай-ақ ата-аналардың отбасы мәселелері жөніндегі бірлестіктері (жас ата-
аналар мектебі, жалғызбасты әкелер, аналар, мүгедек ата-аналар клубтары) 
және басқа да қоғамдастықтар арқылы
тәрбие үдерісіне енгізу маңызды. 
4) Қоғамдық ұйымдар бірігуді және бірлескен кооперативтік қызметті 
қолдайды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу және нығайту, 
отбасындағы тұлғааралық қатынастарды жақсарту, отбасылық мәдени-
танымдық демалыс сапасын арттыру, жасөспірімдерді, оқушылардың ата-
аналары мен педагогтерді білім беру ұйымдары базасындағы тақырыптық іс-
шараларға тарту мәселелерінде толықтырушы ресурс болуға дайын екендігін 
көрсетеді. 
5) Ұлттық тәрбие дәстүрлерін, халықтық отбасылық педагогиканың 
мәдени-білім беру құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, құрметтеу, 
сақтау және тарату, елдің лайықты азаматын тәрбиелеу көбінесе өскелең 
ұрпақтың қалай дайындалатынына байланысты. 
 «Отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасы Қазақстан Республикасының 
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың ата-аналарымен, білім беру 
саласындағы әлеуметтік серіктестермен отбасылық тәрбие және өзара тығыз 
қарым-қатынас бойынша педагогтердің әдістемелік практикасын жетілдіру 
үшін ауқымды жұмысқа есептелген. Жалпыұлттық рухани-адамгершілік және 
әлеуметтік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, 
отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын келісу негізгі 
мақсат болып табылады 


65 
Жобаның мақсаты: Отбасының, мектептің, әлеуметтік серіктестердің 
отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда 
өзара ынтымақтастық орнатуға жағдай жасау. 
 
Жобаның міндеттері: 
- «Отбасы - мектеп-әлеуметтік серіктестер» үштігінің өзара байланысын 
дамыту үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; 
- білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қазақстандық 
тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік әртүрлі нысандары мен 
әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестердің 
қатысуын жандандыру;

отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені 
ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру; 
- жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар мен 
құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және 
қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын келісуді қамтамасыз ету; 
- отбасылық тәрбие тәжірибесін тарату арқылы қоғамның маңызды 
базалық институты ретінде әлеуметтік оң әлеуеті бар отбасының беделін 
арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет